Бала - өмірдің гүлі (1 - маусымға арналған тәрбие сағаты) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бала - өмірдің гүлі (1 - маусымға арналған тәрбие сағаты)
24.09.2015, 13:14
«Бала - өмірдің гүлі» (1 - маусымға арналған тәрбие сағаты)

Мақсаты:
Жас ұрпақ бойында адамгершілік қасиетті насихаттауға,
дене бітімдерін шынықтыруға баулу, дағды мен білім, біліктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: шарлар, сөздер, гүлдер, дидактикалық материалдар, заттар тб.

Негізгі бөлім:
1-жүргізуші:
Балалардың тәрбиесі табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынас. Өйткені адамзат бесігі тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»- деп елбасы айтқандай, бала анадан мейір алып өседі. Қай ата - ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті, болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасына ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі «Бала - өмірдің гүлі» атты мерекемізге қош келіпсіздер.

2 - жүргізуші:
Армысыздар, қонақтар мен ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас бүлдіршіндер!
Берекелі, мерекелі балалар күні құтты болсың!

1 - жүргізуші:
Балаларды қорғау күнімен құттықтау сөздері:
Ауыл әкімшілік атынан беріледі.
Мектеп директоры Қазбекова Жайнагүл Қосманқызына беріледі.
Ата - аналар атынан.......................... беріледі.
2 - -жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың,
Болсың солай әрбір күнің, әр айын,
Бөбектердің тойлары құтты болсың,
Тойға арнап шашу шашылсың.
(Шашу шашылады Күлшара Серғалиқызы, Света Сайынқызы, Зейнеп Кәкімқызы)
1 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй дегендей шашуға арнап Күлшара Серғалиқызының орындауында ән «Айым болып тудың ба?»
2- жүргізуші
Қасиеттің бәрі керек адамға,
Өлеңдері мынау үлкен ғаламда,
Әрі тапқыр, әрі жылдам бүлдіршіндер,
Қане, шықсың таңғажайып алаңға.
Өлең жаттаулар
1 - жүргізуші
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсың әсем өміріміз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліміз.
Ән Жансаяның орындауында «Алақай».
2 - жүргізуші
Балабақша үйлері,
Иіліп сәлем береді.
Кішкентай бөбектерімізге,
Сөз кезегін береміз.
«Балауса» шағын орталығы.
1 - жүргізуші
Өнерлінің өнерін,
Тағыда байқап көрейік,
Жүйрік аттай желейік
Ойындар ойнап көрейік.
1 ойын: «Дыбысын келтіру»
Шарты: суреттерді таңдап алып, дыбыстарын келтіру және көрсету. /марапаттау/
2. ойын: «Орынды тап»
Шарты: музыка әуені тоқталған кезде орынды тауып отыра қалу. /марапаттау/
2 - жүргізуші
Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз деп, бүлдіршіндердің орындауында «Айгөлек» әні.
1 - жүргізуші
Көрерменім көбейсің күннен күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да,
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,
Қуанышта бар, жырда бар жолдарда,
Бүлдіршіндер менің, достарым менің,
Бәрін де аман болыңдар!
2 - жүргізуші
Концерттік бағдарламаның жалғасы «Толағай» спорттық сайысы.
«Толағай»
«Асфальтке сурет салу
Табиғатқа саяхат
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: арналған, гүлі, ӨМІРДІҢ, бала, сағаты), маусымға, тәрбие, (1
Просмотров: 262 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar