Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі
24.09.2015, 10:00
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі
Мақсаты:
1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, плакат, маркер, интерактивті тақта. (слайдтар)
Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап, көрініс, «Қол көмек», «Сиқырлы таяқша» ойын (интер. тақта)

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қатысушы ата-аналарды 2 топқа бөліп отырғызу.
Әділ-қазылар алқасын сайлап алу.
2. Кіріспе:
1. Сабақтың мақсатын айту
2. Тренинг ережесімен таныстыру
3. Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.
Оқушылар ата-аналарына ыстық лебізін білдіреді.
І – бөлім
«Стол резюмесі»
2 - топқа плакат таратылады.
1. Топтың образы
2. Топтың аты, ұраны
3. Топтың жасы
4. Топтың білімі
5. Топтың балалары
6. Топтың түсі
7. Топтың хоббиі
Топ мүшелерін өз топтарын таныстыру

ІІ – бөлім
«Өнеге отбасынан»
Сұрақ-жауап.
І- топ
1. Балаңызға сөзіңізді толық тыңдату үшін не істер едіңіз?
2. Өз балаңызға оқуға қолайлы жағдай жасадыңыз ба?
3. Балаңызды сіз жазалайтындай жағдай болды ма?
4. Кейбір ата-аналар жағдайы бола тұра неліктен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді?

ІІ – топ
1. Бала бойында қандай қасиетті көргіңіз келеді?
2. Балаңыздың жағымсыз мінезін байқаған кезде өзіңізді қалай сезінесіз?
3. Өз балаңызбен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?
4. Сіз балаңызға қанша уақыт бөлесіз?

Балалардан естілік
І. Мені көп еркелеттіңіз (айтқанымды көбіне орындауға тырыстыңыз). Бірақ оның барлығының бірдей болуы, орындалуы мүмкін емес екенін жақсы білемін. Сондықтан менің еркелігімді кешіріп, парықсыз болуға итермеледіңіз.
ІІ. Өзімнің қолымнан келетін нәрселерді сіз мен үшін атқармаңыз, әйтпесе сізді мен күтушім ретінде пайдалана беретін боламын.
Әр топ мүшелері тапсырманы өз топтарында талдап, балалардың жүрегінен шыққан ой-пікірге көз қарастарын, ойларын ортаға салады.

Мағынаны тану
ІV – бөлім
Баланы жастан
Б. Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмін еске түсіруге арқылы ата-аналарға топтық тапсырма Қадіров Қожаның сотқарлығы. Майқанова апайының сумкасына бақа салу, біреудің қозысын ұрлап союы, темекі шегу тағы басқа бұзақылығын естіп шешесін шақыртып педсоветте қарайды. Ол ашуланып Қожаны жазалайды.
І. Жазалау әдісінің бізге тигізер пайдасы
ІІ. Жазалау әдісінің кері әсері туралы ой-пікіріңіз!

V – бөлім
«Көрініс»
Ата-ана жиналысқа шақырылды. Бала анасына барды.
- Мама, сізді жиналысқа шақырды.
- Балам, менің қолым тимейді. Әкеңе бар.
- Папа, сізді мұғалім жиналысқа шақырған болтын.
- Мен жұмыстамын бара алмаймын.
Осы көрініс бойынша ата-аналар өз ойларын айтады.

VI – бөлім
«Қол көмек» ойыны
Әр ата-анаға бір парақтан таратылады.
«Балаңызға қандай көмек бере аласыз?»
(Мұндағы мақсат ата-ананың өз жауапкершілігін сезіну, бала ұстаз алдындағы міндетін аңғарту)
5. Ой толғаныс «Сиқырлы таяқша» арқылы ата-аналар бір-бір тілек айтып шығады.
Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал-мәтелдерден көруіңізге болады.

Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқыларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.

2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.

3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
6. Қорытынды бөлім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі тренингімізді аяқтағалы отырмыз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тәрбиесіндегі, бала, жауапкершілігі, ата-ананың
Просмотров: 226 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar