Баланың бас ұстазы – ата-ана - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Баланың бас ұстазы – ата-ана
24.09.2015, 11:33
Тақырыбы: “Баланың бас ұстазы – ата-ана”

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;
оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
Әдісі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Слайдтар.
Әр адамның бойында күн шуағы бар, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек. Сократ
Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы – күйік.
Абай
“Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла.”
Барысы:
1.Кіріспе. (ІІ тоқсан қорытындысы)
2. Баяндама:«Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері»
3.Педагогикалық ойын «Кім мәреге бұрын жетеді?»
4. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» (пікірлесу)
5. «Миға шабуыл» стратегиясы.
6. Психологиялық тренинг.
І Кіріспе:
— Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы — ата-ана» атты отырысқа хош келдіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелері болса, ойымызды ортаға салғалы отырмыз.
Алдымен, сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері»
тренингін өткізгелі тұрмын. Ал, құрметті ата–аналар, қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. Әр ата–ана өзін өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру.
Енді өткен ІІ оқу тоқсанының қорытындысына тоқталып өтейін.
5«А» класында барлығы 18оқушы бар.Оның қызы-10, ұлы-8.
Жалпы класс құрамы жақсы.Кластағы білім сапасы 78% .
Оқу озаты-8, оқу екпіндісі-9.
Жекеленген пәндерден білім сапасы мен оқушылардың және кластың жетістіктері туралы айтылады, слайдтар арқылы тақтада көрсетіледі.

ІІ. «Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері» Баяндама .
“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы”
Қазақстан Республикасы Ата Заңы, 27-бап, 2-тармақ.
“Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін ата-аналар күнделікті есте ұстауға тиісті”
“Қазақстан 2030” бағдарламасы

ІІІ. Педагогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).

І V.Бүгінгі «дөңгелек үстел» мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді:
1.Отбасындағы бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
2.Балаңыздың досы кім, оның қандай іс-әрекетін, қылықтарын білесіз?
3.Білім сапасын көтеруде ата-ана ролі бар ма?
4.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
5.Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз.
6.Сізді ерекше толғандыратын қандай жағдайлар?

V. «Миға шабуыл» стратегиясы.» Бүгінгі тақырыппен байланысты, яғни бала туралы мақал-мәтелдер айту.

VІ Психологиялық тренинг "Алтын дән"
Қорытынды
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұстазы, Ата-ана, бас, баланың
Просмотров: 374 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar