Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!
24.09.2015, 11:05
Тақырыбы: «Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға !

Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев

Жұптық авторлық жұмыс Биылғы 11 сыныптарды бітіртіп отырған сынып жетекшілері Қазанбай Ғалиямен Сейткерей Гүлшаттың ұсынып отырған бұл авторлық жұмысындағы өлеңдердің 90% авторлық туынды, өзіміз шығарған дүние ( Авторлар туралы мәлімет мақала соңында )

Соңғы қоңырау салтанатты жиынының
Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойна ұштастырылып жасалған
Үлгі ретінде ұсынылып отырған жүргізу барысы

«Балапан боп келіп ем, алтын ұяға,
Қыран болып ұшып барам қияға ! »
атты мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатты жиыны
I.Әйгерім:
-Армысыңдар, құрметті ел ағалары!
Қайырлы күн ардақты аналарым,
Қош келіпсіз жиынға салтанатты.
Мектеппен қош айтысар балаларың!
Айдос:
Киелі орын бізге білім берген,
Қоштасатын сәтте келді өзіңменен.
Он бір жыл түған үйдей болған ұя,
Қалайша жүрегіміз сені қияр?

Әйгерім:
Сен деп соққан мектебім жүрегіміз,
Өзіңнен бастау алар тілегіміз.
Әркез бізді, колдаған білім берген,
Ұстазбенен мектебім -ұғым егіз!

Айдос:
Ұшқалы тұр ұядан қанат жайып,
Дүрсілдеген жүректері әр сәт сайын.
43 арман қуған балапаның,
Қабыл алғай өмір бізді құшақ жайып.
Әйгерім:
43 тамшы біздер -өмір теңіз!
Елімді гүлдетеміз, көгертеміз!
43 кірпіш болып кетік тауып,
Отанымның қабырғасын түзетеміз

Айдос:
Әне олар әр біреуі тұлға дара,
Бірі көсем болашақта, бірі дана.
Кеше ғана балапан болған олар,
Қанат жайып ұшқалы тұр кең далама.

Әйгерім:
Алғашқы ұстазымен қол ұстасып
Жетекші мен қимай - қимай қоштасып
Келеді бітіруші түлектерің
Ақ бантигі өздеріне жарасып

Айдос:
11 «А» Сүйікті ең алғашқы ұстазымыз,
Өзіңізбен өтті талай қыс жазымыз. Шаһар апайларына –алғашқы ұстаз
Ең алғашқы әріпті танытқан жан,
Шаһар апай шәкірттермен жол бастаңыз.
Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2009 байқауында III-орын Республикалық «Мөлдір бұлақ»Журналының екі дүркін «Алғыс хатымен» марапатталған Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен марапатталған»

Әйгерім: Жан дүниесі мейірім нұрын шашатын,
Гүлшат апай өмір сырын ашатын.
Білікті ұстаз бала жанын ұғатын,
Гүлшат апай-11 «А»сынып жетекшісі
Бар ма екен сізден адам асатын?

Облыстық ғылым негіздерін жетілдіру мақсатында өткізілген білім сайысының жүлдегері,
Аудандық «Үздік сабақ-2010» байқауының II –орын жүлдегері, Аудандық «Үздік сынып
Жетекші-2011»байқауының «Алғыс хат» иегері Сейткерей Гүлшат апайымыз 11сыныпты бітірткен сынып жетекшіміз

Өтерде бала кезден балғын кезге,
Күндей Жанып Ләйлә апай келді бізге.
Байыппен тәрбие мен білім берген,
Бүгін де күндей жайнап келдіңіз бе ?
Алғашқы ұстаздан аялап қабылдап алып байсалды ұстамымен байыпты тәрбиесімен бірге тәлім тәрбие беріп білім нәрін сусындатқан Республика облыс және аудандық байқауларының жеңімпазы «Ауылдың ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» «Ауылдың ең үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» қола медалінің жеңімпазы ұстазымыз Пірманова Ләйлә апайымыз құрметті қонағымыз болып келіп отыр

Айдос:
1. Байзақ Арайлым - «Менің даусым отанға», «Жеңісті жақындатқан әндер» атты патриоттық әндер байқауының Бас жүлдегері, «Менің туған өлкем » атты кеште дипломмен марапатталған сыныптың жез таңдай әншісі, «Бөбек*2000» атты сайысында Бас жүлде, Патриоттық әндер сайысының үш дүркін Бас жүлде иегері, Аудандық «»Болашақ сахна саңлағы, Қыздар Ұйымының төрайымы.

Әйгерім:
2. Молдадосова Гулмереке - Аудандық спартакиаданың екі дүркін жүлдегері, мектепішілік «Қыз сыны» байқауының жеңімпазы, «Үздік жүргізуші»байқауының жүлдегері, Республикалық Ақбота Марафонының жүлдегері, Республикалық «Кенгуру» марафонының Дипломының иегері, Сыныптың үздік оқушысы,

Айдос:
3.Зейнуллин Нұрболат-«Экология алаңы» интеллектуалдық турнирдің Бас жүлдегері, Орыс тілі апталығының «Жас аудармашы» байқауының II-орын иегері, «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегері Интеллектуалды Азиада білім додасының жеңімпазы, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласанын үздік оқушы, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегерСпорт бөлімінің жетекшісі Болашақ дәрігер –хирург

Әйгерім:
4. Арынғызы Нұрқанат - Аудандық14 спартакиада волейбол жанры бойынша жүлделі III-орын, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегер іИнтеллектуалды брейн –ринг
турнирінің «Алғыс хат»иегері, Сыныптың тәртіп секторы, болашақ инжинер.

Айдос:
5. Китым Бақыткүл-«Ұлтаралық достық» атты апталықта өнерімен көзге тіскені үнін «Алғыс хат» иегері, «Жұлдызды сәт»атты интеллектуалды білім байқауында I-орын иегері,
Сыныптың ред коллегия мүшесі, болашақ дәрігер-педиатр

Әйгерім:
6. Қалнияз Әмірхан-«21ғасыр көшбасшысы» білім додасының бас жүлдегері, Тоғыз құмалақ турнирінің жеңімпазы, »» -«Сыбдыры сылу алтын күз!» атты сайысының Ханзада тәжін жеңіп алған «Жас полиглот-аудармашы» байқауының I-орын иегері, болашақ теміржол саласының қызметкері, Сыныптың үздік оқушысы.

Айдос:
7. Қожақова Аккенже-Білімі сымбатына сай аруымыз «Қыз сыны »Байқауының I-орын иегері, «Сырласайық жеңеше-2010»байқауының жеңімпазы, «Алтын қақпа» білім байқауында II-орын иегері», «Шебер қол»өнер сайысының жеңімпазы, Сыныпаралық «Екі жұлдыз» өнер жарысында III-орын иегері .
Болашақ дәрігер-терапевт, сыныптың белсенді оқушысы.

Әйгерім:
8. Қарақұл Ерқанат-Аудандық ғылыми негіздер бойынша бағытталған Информатика пәнінен өткеноқушылар олимпиадасының II-орын иегері, «Жас информатик-2011»сайысының I-орын иегері, сыныптың ақпараттық құралдар жөніндегі бөлімнің басшысы,, »» «Жас полиглот-аудармашы» байқауының Бас жүлдегері, болашақ физика пәнінің мұғалімі

Айдос:
9. Көзмаева Айжан -Республикалық «Ақ бота» интеллектуалды марафонның жеңімпазы, «Жеңістің65 жылдығына орай» өткізілғен би сайысының I-орын жеңімпазы, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегер, «Ал, кәнекей, қыздар !»байқауының II-орын иегері, Сыныпаралық «Екі жұлдыз» өнер жарысында Бас жүлде иегері .
Болашақ медицина саласының қызметкері

Әйгерім:
10. Орынбасар Өркен-«Нағыз жігіт-2010» байқауының I-орын жеңімпазы, «Сатира саңылақтары» КВН командасының мүшесі, Сыныптың мәдениет бөлімінің жетекшісі, аудандық спортжарыстарының жеңімпазы, Жас полиция көмекшісі Жас инспекторлар байқауының Бас жұлдегері, болашақ теміржол қызметкері.
Айдос:
11. Қарасай Арайлым -Республикалық «Ақ бота» интеллектуалды марафонның жеңімпазы, Мектепішілік химия пәнінен өткен олимпиаданың I-орын иегері, «Танғажайып химия» білім сайысының жеңімпазы, 21ғасыр көшбасшысы» білім додасының бас жүлдегері, сыныптың озат оқушысы, болашақ дәрігер- кардиолог

Әйгерім:
12. Мыңбай Еркебұлан-аудандық волейбол жанры бойынша жарыстың III-орын, «Нағыз жігіт-2010»байқауының II –орын иегері, сыныптың жігіттер басшысы,, Жас полиция көмекшісі Жас инспекторлар байқауының Бас жұлдегері, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегер

Айдос:
13. Жеткербай Мейрамкүл-«Сыбдыры сылу алтын күз!» атты сайысының жеңімпазы, «Интеллектуалды марафон» білім додасының III-орын иегері, «Жас дизайнерлер» жобасында «Сыр сымбаты» атағын жеңіп алған, болашақ Стаматолог-дантист

Әйгерім:
14. Бақтыбай Ақбота-, «Жас дизайнерлер» жобасында «Қиялшыл сәулетші» атағын жеңіп алған, «Сыр сылуы»атты сайыста жүлделі II-орын жеңімпазы,, Сыныпаралық «Екі жұлдыз»байқауының III-орын иегері, болашақ дизайнер-модельер

Айдос:
15. Емжамева Әсем-Республикелық Ғылыми зерттеу байқауының
«Оқушы -зерттеуші» номинациясында «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам » атты 36 ғылыми –практикалық конфкеренцияға ұсынылған ғылыми жұмысы үшін I-дәрежелі дипломмен марапатталды, мектепішілік биология пәні бойынша олимпиада жүлдегері, болашақ телекоммуникация саласының қызметкері

Әйгерім:
16. Шарападин Әсемкүл- Сыныптың ақпарат секторының төрайымы Сыныбымыздың «Әділқазы-2011»атағына ие болған нағыз шыншыл, инабатты жан, «Жаны саудың тәні сау» атты кеште
«Жас валеолог» жүлдесінің II-орын иегері, болашақ медицина қызметкері Аудандық стартакиаданың екі дүркін жүлдегері,

Айдос:
17. Өтеміс Самал-Аудандық стартакиаданың екі дүркін жүлдегері, география апталығында «Алтын глобус» жүлдесін жеңіп алған, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегерРеспубликалық «Ақ бота» интеллектуалды марафонның
Жеңімпазы, сыныптың ақпараттық құралдар жөніндегі бөлімнің мүшесі, болашақ кеден қызметкері

Әйгерім:
18. Көшембаева Гүлсая-Аудандық кұқық пәні бойынша өткен пән олимпиадасының III-орын иегері,, «Жаны саудың тәні сау» атты кеште
«Жас валеолог» жүлдесінің I-орын иегері, «Халық сүйген мейрам бұл» атты кеште «өнерлі оқушы» номинациясын жеңіп алған, болашақ медицина қызметкері болуды армандайды,

Айдос:
19. Ізән Ақтоты- Сыныпаралық «Екі жұлдыз» өнер жарысында II-орын иегері, . «Жас өлкетанушы» интеллектуалдық жобаның IIIорын иегері, Сыр сылуы»атты сайыста жүлделі III-орын жеңімпазы, болашақСЭС қызметкері

Әйгерім:
20. Сәндібек Алмагүл-Қазақ тілі пәні бойынша «Күміс қоңырау» иегері Республикалық «Қызыл крест жарты ай» қайрымдылық қоғамының ұйымдастыруымен өткен шығарма жазу байқауының «Бас жүлдегері», мектепішілік байқаулардың жеңімпазы, Үздік оқушы, белсенді жан өзін болашақ медицина саласының ғалымы ретінде елестетеді, Қ.Р.тәуелсіздігіне орай өткізілген «Мен қазақпын» атты сайыста I-орын, аудандық «21 ғасыр көшбасшысы»сайысының жеңімпазы,

Сыныптың үздік оқушысы:Айдос:
11 «Б» Бала жанын баураған жан, берген білім,
Ең алғашқы өзіңізден алдық ілім Ранай апайға-алғашқы ұстаз
Ең сүйікті ұстазымыз Ранай апай,
Ең алғашқы сепкен бізге білім нұрын
Қ.Р.ғылым және білім министрлігінің «Алғыс хатымен», Облыстық Білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен»марапатталған
Әйгерім Жетекшім Ғалия апай дара тұлға,
Бала жанын түсінуге жаратылған. Ғалия апайға11 «Б»сынып
Әр шәкіртті қатарындай тұлға көрген,
Біздерге тәрбиемен білім берген.
«
Жеңісті жақындатқан жырлар» атты Аудандық ақындар байқауында «Шығармашыл ақын» атағымен аудан әкімінің Дипломының иегері, аудандық «Жыл мұғалімі-1999» және «Жыл мұғалімі-2011» байқауларының «Бас жүлдегері», Ауданның « Ең үздік орыс тілі пәнә мұғалімі-2011 »Құрмет грамотасымен марапатталған, Облыстық «Тәжірбие алаңы-2011»шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер байқауының Мақтау кағазы, аудандық «Оқу -әдістемелік тәжірибе алаңы-2011» байқауында I-орын жеңімпазы - сынып жетекшіміз

Айдос:
1.Қитым Замзам- Аудандық «Қыз сыны -2010» байқауының Бас жүлдегері Болашақ журналист-филолог, ақындар байқауының жеңімпазы, Дебаттық турнир жеңімпазы, интеллектуалдық Азияда байқаудың I –орын иегері, Сыныптың төрайымы. Болашақ орыс мектептерге қазақ тілі мұғалімі, тіл зерттеуші
Әйгерім 2.Қарабек Бауыржан-Аудандық спартакиада жарысының жеңімпазы, сыныбымыздың жастар одағының басшысы, Аудандық Жас инспекторлар жарысының «Бас жүлдегері», Сыныпаралық «Екі жұлдыз»байқауының III-орын иегері., полицияның Жас көмекшісі қатарындағы сарбаз, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 »байқауының Бас жүлдегері

Айдос:
3.Көшембай Нұрлайым- Сыныбымыздың қыздар ұйымының басшысы, «Жас зерттеуші-биолог»-жобасының жеңімпазы, Интеллектуалды марафон байқауының II-орын иегері, «Сатира саңылақтары» КВН Командасының басшысы Арманы дәрігер болу

Әйгерім:
4.Жұмағали Айбек-Аудандық спартакиадада жүлдегері, Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық би-2010 «байқауының I –Орын жүлдегері Интеллектуалды Азияда білім додасының жеңімпазы, Сыныпаралық «Екі жұлдыз»байқауының Iорын иегері, Жас полиция көмекшісі Жас инспекторлар байқауының Бас жұлдегері, Спорт түрлерінен аудандық байқаулар жүлдегері, «Сатира саңылақтары» КВН командасының мүшесі, болашақ технология пәнінің мұғалімі

Айдос:
5. Жұмағұл Ақмарал- Интеллектуалды Азиада байқауында Дебаттық турнир шешендік жарысында I-орын иегері «Сатира саңлақтары» КВН командасының мүшесі, болашақ балабақша тәрбиешісі

Әйгерім
6. Қосалиев Еркеғали –сыныбымыздың сырбаз жігіті, Керемет суретші, редколегия мүшесі
«Жігіт Сұлтаны» байқауының «Алғыс хат иегері», болашақта дәнекерші болуды армандайды

Айдос:
7.Нұралы Асылзат -Ұйымдастырушы қыбылетімен ерекшеленген, аудандық Жас инспекторлар байқауының Бас жүлдегері, Спорт түрлерінен аудандық байқаулар жүлдегері, «Сатира саңлақтары» КВН командасының мүшесі, болашақ дизайнер - модельер,

Әйгерім
8. Демесінтегі Нұрбол - Аудандық спартакиадада білек кұшімен «Күміс медаль» жеңіп алған спортшымыз, ауылдық «Наурыз-2011» жарысынжа қолкүрестіруден жеңімпаз атанған, Интеллектуалды Азиада турнирінде ту ұстау мәртебесіне ие болған, болашақ денешынықтыру мұғалімі

Айдос:
9. Серғазы Ақмаржан- Сыныбымыздың жайсаң жанды, белсенді мүшесі, ұйымдастырушы,
«Жас өлкетанушы» интеллектуалдық жобаның II-орын иегері, Сыныбымыздың «Дарын» танымдылық орталығының мүшесі, Медбике болуды армандайды

Әйгерім
10. Құдайберген Наурызбек - Интеллектуалды Азиада байқауында «Азиада» тобының басшысы Бас жүлдегер иесі, Сынып аралық «Екі жұлдыз» өнер жарысында Бас жүлде иегері, болашақ агроном .

Айдос:
11. Балапанқызы Әйгерім-Сыныбымыздың «Дарын »танымдалық орталығының басшысы, озық ойлы тұлға, Интеллектуалды Азияда байқауының III-орын иегері, медицина саласында жұмыс істеуді армандайды
Әйгерім

12. Дәстенұлы Кенжебек - Аудандық спорт жарыстарының жүлдегері, Сыныбымыздың
«Жігіт сұлтаны байқауының» I орын иегері, Интеллектуалды Азияда байқауының III орын иегері, медицина саласында жұмыс істеуді армандайды, Болашақ алғашқы әскери даярлық мұғалімі
Айдос:

13. Ашықбай Камшат - Сыныптың ақпарат секторының төрайымы Сыныбымыздың «Әділқазы-2011»атағына ие болған нағыз шыншыл, инабатты жан, балабақшада психолог - тәрбиеші болғысы келеді
Әйгерім

14. Махмут Заманай- Сыныбымыздың «Әділқазы-2011»атағына ие болған нағыз шыншыл, инабатты жан,, «Жаны саудың тәні сау» атты кеште
«Жас валеолог» жүлдесінің III орын иегері, болашақ технолог болуды армандайды
Айдос:

15. Талғат Айдар- Сыныбымыздың «Әділқазы-2011»атағына ие болған нағыз шыншыл, инабатты жан, Аудандық Атбегі-2010 атшабыс жарысында жүлделі II орын жеңімпазы, болашақ банк саласының қызметкері
«Экология алаңы» дебаттық пікірталас сайысында жүлделі II орын
Әйгерім

16. Қаржауова Самал - Сыныбымыздың «Дарын»танымдылық орталығының басшысы,
Интеллектуалды Азияда білім додасында жүлделі II орын иегері, болашақ хореограф,
Айдос:

17. Бердібай Қолғанат - Сыныбымыздың «Жігіт сұлтаны» байқауының II орын иегері, Сынып аралық «Екі жұлдыз»байқауының II орын иегері
Қайсар жанды жайсаң жігіт, болашақ тіс дәрігері-дантист
Әйгерім

18. Бахи Ақтоты-Сыныбымыздың ақпарат бөлімінің басшысы, «Алтын күз ханшайымы» атағының жеңімпазы, Интеллектуалды Азиада озық ойлы озат оқушылар байқауында жүлделі II-орын, болашақ медицина саласының қызметкері
Айдос:

19. Асау Болат - Сыныбымыздың «Жігіт сұлтаны» байқауының II орын иегері, аудандық спартакиада жүлдегері, «Жас шахматшы» озық ойлы, қиялшыл жан, Аудандық «Жас инспекторлар» байқауының жүлдегері, болашақ дәнекерші - сварщик болғысы келеді

Әйгерім

20. Төребай Гүлбазар –Мәдениет секторының басшысы, «Сахна жүргізушісі-2010» байқауының I орын иегері, «Шығармашыл ақын-2010»жарысының жеңімпазы, болашақта өзін ақ халатты педиатр - бала дәрігері ретінде елестетеді және болуға талпынтады
Айдос:

21. Тілеуберген Дәулет - Сыныбымыздың «Жігіт сұлтаны байкауынын » Бас жүлдегері, Аудандық Қол күрес жарысының жеңімпазы Күміс медаль иегері, Сынып аралық «Екі жұлдыз» байқауының I орын иегері, Интеллектуалды Азияда байқауының алауын ұстау мәртебесіне ие болған, болашақ дене шынықтыру маманы

Жүргізушілер бірін бірі таныстырады
Әйгерім: Және Жастілек Айдос -« Мектепішілік Сахна жүргізушісі -2010»байқауының жеңімпазы, Аудандық спорт жарыстарының жүлдегері, Сыныбымыздың «Дарын» танымдылық орталығының белсенді мүшесі, «Экология алаңы» атты дебаттық турнирдің
I орын иегері, болашақ хирург - терапевт
Айдос: Жәми Әйгерім

Әйгерім: Ұшқалы тұр ұядан қанат жайып
Дүрсілдеген жүректері әр сәт сайын

43 арман қуған балапаның
Қабыл алғай өмір бізді құшақ жайып
Айдос:

Арманшыл жас әрқашан шашады нұр,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр!

II. (40 Жылдықтарды шақырар алдында)Қ шақыру бастауыш оқушылары алып шығады )
Әйгерім:
Күз өтсе көктем қайта оралады
Ұясын қайта іздеп таба алады
Қырық жыл бұрын бізден ұшып кеткен
Құстарың о, қалайық қайта оралды !
Айдос:
Тұғырлы туған жердің түлектері,
Тоғысқан бір арнаға тілектері,
Кездесті достар бүгін думандатып,
Әйгерім: Лүпілдей сағынысса жүректері

Шынардай шыңға өскен биіктегі,
Есімің « достар» неткен сүйікті еді,
Балалық шаққа бүгін қайта орылып
Тамырын сағыныштың иіткені

Айдос:
Бір күнгі балаң жігіт балауса қыз,
Ел жұртқа азамат боп жарасамыз.
Өтсе да талай жылдар көңіл сәби,
Баладай бәз баяғы таласамыз.

Әйгерім:
Гүл қыздар талайларға арман болған
Сыныптай өтеді екен өмір жалған
Бұл күнде бір –бір үйдің берекесі,
Жалындап күн күлімдеп аққу қонған.
Айдос:

Боз бала балғын жігіт байсалданып,
Өмірдің бақшасында жайқалды анық.
Ел жұрттың қамын ойлап отбасымен,
Азамат атанып жүр айтарға анық, .

Әйгерім:
Жүректе шамшырақтар жағылғандай
Сағыныш теңіз болып ағылғандай.
Келеміз өмір жолда тілекші боп,
Біріміз бірімізге бауырлардай

Айдос:
40 жыл бұрын аулаңда асыр салып түлеген,
Естеліктер қалдырған оқушылық күндерден.
Бүгінгі күн шіркін ай аңсап келді өзіңді,
Ұлмен қызың осыдан 40 жыл бұрын бітірген
Әйгерім: Ортаға зор құрметпен осыдан 40 жыл бұрынғы түлектерімізді шақырамыз ! ) (бастауыш оқушылары 40 жылдықтарды алып шығады )

Айдос:
Сәт келді, мектеп, енді бізге кетпек
Айтылар жүрекжарды талай тілек,
Салтанатты жиынды бастау үшін
Жариялап жіберейік ашылды деп!

Құрметті жиылған қауым, бүгінгі « Балапан боп келіп ем, алтын ұяға,
Қыран болып ұшып барам қияға ! »
атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Айдос:
Бейнеленген қыраны, пырағы да
Ел таңбамыз көңілдің шырағыма,
Бейбітшілік, тыныштық, бірлік, достық,
Ұлы елміз айналған ұранына
Бар істе көк байрағы биік тұрған
Ән ұран мақтанышпен орындалған
Елімнің көк байрағы енгізілсін
Күн сәулесін саялаған алтын қыран

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!Қазақтың көк байрағы әніменен
/Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
IV.Бастауыштың мектептің жетістіктерімен таныстыру композициясы

V. (Директорға сөз.)

Әйгерім:
Арқалы азаматсыз халық сенген,
Жігері жастаға деп жанып келген.
Жүрсе де қай салада, қай ортада,
Абырой, жақсы атақ алып берген
Өзгеше парасат бар бойыңызда,
Ұлылық ұя салған ойыңызға
Алтын ұя мектебіме басшы болған
Айтыңыз Ерлан ағай ойыңызды
Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашу үшін барлық ұстаздар атынан, алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Утепбергенов Ерлан ағайға беріледі
- Рахмет Ерлан Ағай, Сіздің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыз
Орындайтын:

Айдос:
(Әкімге:) Ісіменен көркейтіп елімізді,
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық лебізіңізді
Мерекелік кешімізге келіп тілектестік ниетін білдіріп отырған қонағымыз Бекарыстан би
ауылының әкімі Өтепәлі Өміртай ағайға сөз береміз
- Рахмет Сізге Өміртай Ағай, Сіздің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыз
Орындайтын: -------------------------------

Әйгерім:
(Уәкілге) Қабыл етіп қонақтардың тілегін,
Тілегіңді тұмар етіп жүремін.
Ұрпақтарға ұлағатын қалдырар,
Өздеріңдей болса деймін түлегім!
Мерекелік кешімізге аудандық білім бөлімінен келіп отырған қонағымыз .............................ағайға сөз береміз
- Рахмет ..................................................... Ағай, Сіздің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыз

Орындайтын: ------------------------------------

Айдос:
(Ардагерт ұстазға:) Біздің адами қасиеттерімізді қалыптастырып, тәрбиелеп өсірген
Аға буын өкілі, яғни, бүгінгі ардагер ұстаздар, олар да кезінде бізбен сіз сияқты сан мың шәкіртті үкілеп, баптап ұясынан түлетіп ұшырған болатын
Әйгерім: Ия Біз аға ұрпақтың аманатын арқалап келеміз, сол аманатты келер ұрпаққа табыстау
біздің міндетіміз, екі буын бас қосқан бүгінгі мерекеде бізге сара жолдың шырағын жағып
адастырмай тұрған ардагер ұстаздарымыздың өсиетін тыңдасақ жөн болмас па?

Айдос:
Ұрпақтар сабақтастығы
Осы ғой терең түйсінсең
Ардагер ұстаздардың да
Еңбегі ерең біз үшін
Казіргі орындалар ән өздеріңізге арналады, қадірменді ардагер ұстаздар!

Ардагер ұстаздардың атынан сөз сөйлейтін:------------------------------------
Ұстаздарымызға рахмет айта отырып, Сіздердің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыздар
----------------------------------Орындайтын-----------------------------
Казіргі орындалар ән өздеріңізге арналады, қадірменді ардагер ұстаздар!

(Алғашқы ұстаздарға)

Әйгерім:
Алдыңа келіп ұстазым,
Тұнғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімді сезінгем.

Айдос:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім,
деп ақын жырлағандай бүгінгі тұнғыш рет білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздарымыз Құрмантай Шакарман апаймен, Жібекәлі Ранай апайға сөз кезегін береміз
- Рахмет апайлар, Сіздің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыз

Орындайтын:-----------------------------------

Әйгерім
Арманыңды желкен еттің
Оң жол тілеп еркелеттің
Ғұмыр бойы азық болар
Өнегеңмен өрістеттің
Айдос:

Нұр жүздерің бал бұл жанған
Бақыттан шын күлімдейсің
Өнегеңді жалғастырар
Түлегіңе не тілейсің ?

Әйгерім
Бүгінгі күн азамат атанып, төрде тұрған түлектеріміздің балалық шақтарының нағыз куәсі, айнымас досы, қимас серігі бола білген ұстаздары, Сынып жетекшілері :Қазанбай Ғалия апаймен Сейткерей Гүлшат апайға сөз кезегін береміз

Сынып жетекшіміз Ғалия апайдың
Жас түлектерге ұстаздық тілегі
Арманшыл жанды, жас түлек!
Мектептен ұшып барасың.
Өмірден тауып орныңды,
Қыран боп тауға қонарсың!

Жаңа буын жас түлек,
Отанға қуат беретін.
Әр бірің тетік тауып ап,
Кірпіш боп оған енерсің.

Жаңашыл болып, жалындап.
Жұлдыз болып жанғайсың
Қай жерде болсаң табанды
Шыншыл да адал болғайсың!

Белестен өтіп талаппен,
Үмітін ақтап ұстаздың
Ата-ананың тілегін
Құдайым оңынан қолдасын!

Қай жерлерде жүрсең де
Абыройлы болғайсың!
Арман қуған жас түлек
Бағына бақыт қонғайсың

Айдос:
- Рахмет апайлар, Сіздің құрметіңізге арналған мына орыс халық биін қабыл алыңыздар

Орындайтын:----------------------------------------

Әйгерім
(Ата аналарға )
Бала үшін күйетін ана жүрек
Бала үшін қуанар ата тілек
Бала бала деуменен самайды да,
Қырау шалды, ол айтсын ізгі тілек
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Тілегін тілер тынымсыз.
Перзенті үшін әр күні,
Бейнетпен өткен өлшеусіз.

Айдос:
Еліміздің ертеңгі
тұтқасын ұстар саналы ұл-қыздарын дүниеге әкеліп, бүгінгі дәуірді болашақпен жалғаған алтын құрсақ аналарымызбен, асқар таудай әкелеріміз де перзентімен бірге қуана толық арамызда отыр. Сондықтан бүгінгі мереке иелері, ата-аналар қауымы атынан сөз ұсынылады
11 А және 11 Б сыныбының ата аналар комитетінің атынан:
---------------------------------------------------------- аналарға сөз кезегін береміз.
Әйгерім:
Азамат болып жетілді
Кешегі құттай құлының
Атамен ана еңбегін
Сәт туды ақтар ұл-қызың

Айдос:
- Рахмет----------------------------------аналар, Сіздің құрметіңізге арналған мына әнді қабыл алыңыздар
Орындайтын -------------------------------
VI. (Бітіріп кеткен түлектерге /Өлгендерді еске алу/)

Әйгерім:
Тоғыз жыл бірге оқып, бауыр болып,
Жыраққа кеттіңдер арман қуып.
Қоштасатын сәт келгенде мектеппен,
Құстардай боп сағынышпен оралып.

Айдос:
Сөз кезегін тоғыз жыл бізбен бірге оқып, арман қуып кеткен студенттерімізге сөз кезегін береміз, Студенттердің атынан Қызылорда қаласындағы «Болашақ» колледжінің экономика факультетінің студенті Ибайдуллаева Гулзат өз лебізін білдірсін
(Гулзат қайтыс болған Жәнібекті еске алып үнсіздік жариялатады)

VII. ( Мектеп вальс басталарда)

Әйгерім:
Мектеп, мектеп бақытқа толы үйің,
Ұша білсек болмас ау қону қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін,
Балалықтың билейміз соңғы биін!.
(Ықылас гүлін вальс билей бастағанда ортаға қойылады),

Айдос:
Ықылас гүлі! Бізді білім нәрімен сусындатқан №24мектептің ұстаздары! Сіздерге биылғы бітірушілер атынан сапалы білім саналы тәрбие
Бергендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіріп ықылас гүлін сыйлаймыз!
(Вальсі аяқтағанда)

Әйгерім: Мектептің ауласынан алыстап біз,
Әуенімен мәңгі өшпейтін вальстың.
Гүлменен толтырамыз алғысқа,
Ұстаздың жүрегін мәңгі сөнбейтін
(Вальс аяқталғанда бишілер қолындағы гүлдерін алғашқы ұстаз және сын. Жетекші апайларына береді)
VIII. Композиция (кептер-шар ұшыру)
(Тәуелсіздік композициясы)

Әйгерім:
Халқымыздың алаулап оттай жаны,
Қанымызда қаншама кек қайнады.
Еркін елміз біз бүгін, ерікті елміз
Көтерілген көгіне көк байрағын.
20 жыл еркіндіктің салып әнін
Батыр туған бүгінгі бар ұланым
Ешқашан да іргеміз сөгілмейді
Шайқалмайды құт қонған шаңырағым.

Айдос:
Байтақ әлем тап қазір бізді ұғады,
Күмбірлейді шаттықтың қоңырауы
«Тәубе» дейміз20 жыл естілгені
Тәуелсіздік, тыныштықтың ел ұраны.
Біз боламыз тәуелсіздік түлектері
Ұшқалы тұр ұядан қанат жайып

Әйгерім:
Дүрсілдеген жүректері әр сәт сайын
43 арман қуған балапаның
Қабыл алғай өмір бізді құшақ жайып

IX. (Туды тапсыру:) Мектебім, ордам, киелі, алтын бесігім,
Мәртебең артып, туың бір төмен түспесін!
Адамдықтың ақ адал туы атанып,
Ұрпаққа ұрпақ аманат етіп жеткізсін!

Айдос:
Мектеп бітіруші түлектеріміздің өз ізбасарларына туды салтанатты түрде тапсыру рәсіміне кезек береміз Мектеп туын оқу озаттары өздерінен кейінгі ізбасарларына салтанатты түрде
Табыс етеміз
X. (Аманат )

Әйгерім:
«Тәуелсіздіктің 20жылылдығында бітіруші түлектерден, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойында бітіретін түлектерге аманат ретінде «Біздің отырғызған Жеміс бағымыздың «Алтын кілтін» Тапсыру үшін сөз кезегін 11 «Б»сыныбының оқушысы Қитым Замзамға береміз
- (Қитым Замзам сөйлейді)
- Кілтті қабылдап алушы сөйлейді
(Кілтке таласу биі) «Буратино биі» Бастауыш оқушылары
(Бүлдіршіндерге сөз кезегі)

Айдос:
- Енді 1 сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырып, аға-апаларына айтар игі тілектеріне құлақ түрелік (1сынып оқушылары тілектерін айтып гүлдерін тапсырады)
Бітірушілер де өз сыйлықтарын береді

XI.(Соңғы қоңырау соғылғанда)

Әйгерім: Бүгінгі кешіміздің ең толқулы ғажайып сәті енді басталғандай.
Бүгін сіздерді 11 жыл бойы шақырған күміс қоңырау соңғы рет соғылмақ!
Күміс қоңырау біздің жадымызда балдай тәтті балалық шақтың мәңгілік
Белгісі болып қалмақ

Айдос:
Күміс қоңырау –оқушылық өмірдің ертегідей өлкесінен естелік боп жаңғырмақ
Әйгерім:
Күміс қоңырау - сіздер үшін бүгін ақырғы рет соғылып, балалық шақтан даналық сапарға
шығарып салмақ

Айдос:
Соңғы қоңырау соғу рәсімі оқу озаты, мектеп бітіруші түлегі: Орынбасаров Өркенмен,
бірінші сыныпқа келуші: Дауылбайұлы Нұркенге беріледі

Әйгерім:
Сиқырлы үнін сазды әуен,
Күмбірлеп ескен тағылым.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Өмірдің қағып дабылын.!
Санама құйып сұлулық
Өрлеттің білім шыңына
Сыңғырла соңғы қоңырау
Жол нұсқап болашағыма

Айдос:
Үніңнен алдым күш-қуат,
Өшпейсің мәңгі жадымнан
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Кеудеме гүл боп тағылған!
Қияға қанат бітіріп,
Үніңнен ұқтым сырыңды,
Сыңғырла соңғы қоңырау
Самғатып арман құсымды
Қоңырау соғылады (Сыңғырла қоңырау Әні орындалады)

Әйгерім:
Толқытып бір сәтке көңілді
Ең соңғы қоңырау соғылды
Жан-жаққа аттандық, достарым
Жасауға өзіміз өмірді
XII. (40жылдықтарға сөз беріледі)
40 жыл бұрын аулаңда асыр салып түлеген,
Естеліктер қалдырған оқушылық күндерден.
Бүгінгі күн шіркін ай аңсап келді өзіңді,
Ұлмен қызың осыдан 40 жыл бұрын бітірген

XIII.( Бата)
Айдос:
Ұлағатты ұрпағы бар мақтанар,
Игілікпен ұлы жолға аттанар
Түлектердің келешегі үшін де
Ақ батаңды аямаңыз ақсақал
Бата беру үшін -------------------------------- сөз кезегін беру.

Әйгерім:
Көгілдір түсті көк байрақ,
Бейбіт дала елесі.
Жалғасын тауып барады,
Өмірдің мына кемесі.
Төрімде тұрдың желбіреп,
Жас толқынға күш беріп.
Ту ұстаудан тынбайық,
Өмірдің жеңіп күресін.

Айдос:
XIV. Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны айтылып, көк байрағы шығарылсын!

Әйгерім:
Жүрек сыздап жанымызды қинайды
Жүрегіміз лүпілдеп кең дүниеге сыймайды
Еркіндікте, ерлік сенде қалып барады
Қоштасатын сәт жетті, ойлантпасқа қоймайды

Айдос:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Сіздерге қуаныш, бақыт, шаттық тілейміз!
«Балапан боп келіп ем, алтын ұяға,
Қыран болып ұшып барам қияға!»
атты мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатты жиынын аяқтаймыз! Жаңа оқу жылында кездескенше сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қыран, Алтын, барам, ұшып, келіп, ем, ұяға, Балапан, боп, болып
Просмотров: 191 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar