Балауса ару - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Балауса ару
24.09.2015, 16:02
Армысыздар, құрметті аналар, ұстаздар және мектебіміздің ару қыздары! Біз жыл сайын, осы күні аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!
Бүгін – наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан, - деп құттықтау сөз мектеп директоры -------------- ағайға беріледі
Әкелетін отбасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын, нұрға толы мерекең!
Ән: «Мереке»
Құрметті аналар, қыз келіншектер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі күн әлемнің жарығын сыйлаған, өмір сыйлаған, махаббаты мен бар жақсылықты сыйлаған ардақты аналарға, қыз келіншектерге арналады.
Бүгін арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, аналар, бүгінгі сән – салтанат та өздеріңізге арналады.
Ендеше бүгін мектебімізде өткізгелі отырған «Балауса ару» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар аналарды,
Сыр тартайық әсем ән, тәтті күймен.
Жыр арнайық оларға жігер ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нақ аруды таңдап бүгін алуға.
1.
2.
3.
1. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Айару деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.
2. Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Гүлімай кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.
3. Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген,
Ата – анасы Мерекеге,
Әдемі есім теңгерген.

4. Қуантады өнерімен Інжу қыз,
Қол соғып қарсы алайық оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
5. Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Сағынай қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.
6. Алтыншы қыз Аяужан,
Барлық пәнді меңгерген.
Алады тез тіліңді,
Ибалы қыз зейінді.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін аналарымызға береміз!
----------------------

Сайыс 7 – кезеңнен тұрады:
Бағдарламада:
1 - кезең: «Таныстыру»
2 - кезең: «Аспазшы»
3 - кезең: «Аруларға сұрақ»
4 - кезең: «Сән үлгісі»
5 - кезең: «Үй тапсырмасы»
6 - кезең: «Өз өнерін көрсету»
7 - кезең: «Жалпы көрінісі»
Енді сайысқа қатысушы қыздарымыздың реттік номерлерін анықтап алайық!

1 - кезең « Таныстыру»
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

2 - кезең «Аспазшы»
бұл сайыста қыздарымыз жасаған салат түрлеріне баға бересіздер!
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ән: « Мама, мама» Орындайтын -------------------

3 - кезең «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
(аруларға сұрақ)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
(Тақтаға гүл жапсырып, күлтелердің артына тапсырмалар жазылған, соларға жауап алу керек)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ару, Балауса
Просмотров: 308 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar