Бастауышпен қоштасу мерекесі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бастауышпен қоштасу мерекесі
24.09.2015, 14:01
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей,
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - А сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді
Экранда жазу Ең, ең, ең.... ең үздік оқушылардың фотолары грамоталары 4 «А» класының Ең үздік оқушылары слайд ең үздік оқушылардың фотолары грамоталары

Ойы ұшқыр Динара
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Ер жүректі Қуат бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған.

Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Бірінші топ басшысы
Ол, әрине, Айым ғой

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Еркежан.

Динара: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қоштасу, Бастауышпен, мерекесі
Просмотров: 292 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar