Батыр ата ұрпағымыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Батыр ата ұрпағымыз
24.09.2015, 09:48
Сабақтың тақырыбы: «Батыр ата ұрпағымыз!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаев ерлігін дәріптеуге, еліміздің ұлы батырларын құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: батырлар суреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1 - жүргізуші:
Бейбітшілік деп салған,
Халықтардың ұраны
Қара күшке жұмсалған
Ел жеңімпаз құралы
Таң шапағы атқанда
Серпілмейтін күн барма
Әділеттік қашан да
Жеңбей қалған күн барма

2 - жүргізуші
Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ақжолға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк, Рақымжан шыққан
Қазақстан Республикам менің

1 - жүргізуші:
Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды
Ардагер ағалар, еске алар өткенді
Өмір үшін мақтан етсін ұрпақтары
Жеңіс алып еліне жеткендерді

2 - жүргізуші:
Ұрпақтардың тірегісің қашаннан,
Өнегеңнен өркен жайды жас арман
Жүректерге шуақ нұрын шашатын
Ұлағатыңнан бала көңіл жасарған

1 - жүргізуші:
Біздің мектебіміз батыр ата Рақымжан есімімен аталады. Біз мұны өзімізге мақтан тұтамыз.
Батыр ата Рақымжанның өмірбаянымен танысайық.
Рақымжан Тоқатаев 1923 жылы 5 - ақпанда Алматы облысы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
1939 жылы Есік қаласындағы Молотов атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Қаракемерде ашылған мұғалімдер дайындайтын курстың физика - математика бөлімін бітірді.
1941 жылы тамыз айында Қызыл армия қатарына шақырылып, 1943 жылы Өзбекстан жерінен Ұлы Отан соғысына аттанады.
Украйна, Чехославакия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасқан.
Чехославакияны азат ету үшін болған ұрыстарға көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылы 29 - маусымда сержант Рақымжан Тоқатаевқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1946 жылы қаңтарда әскер қатарынан босап Қаракемер ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырады.
1946 жылы тамызда Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп 1950 жылы бітірді.
Р. Тоқатаев 1950 - 1988 жылы аралығында Есік қаласындағы Малкеев мектеп интернатында түрлі қызметтерді істеген. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Жан қиярлығы үшін», медаль, «Үшінші дәрежелі даңқ», орденімен наградталды. Педагог қызметінде Қас СССР, СССР халық ағарту ісінің үздігі атағына ие болған.
Қазақ СССР жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері.

2 - жүргізуші:
Біздің елімізді, жерімізді қорғау үшін көптеген батырларымыз ерлік жасады.
Қаһарман қыздарымыз Әлия мен Мәншүк, батыр ұлдарымыз Қашаған Жаманқараев, Жүнісбай Қайыпов, Ыбырайым Қалдыбаев сияқты ерлеріміз өз Отанын, жерін қорғауға ерлік көрсетті.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ата, батыр, ұрпағымыз
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar