Батырлар қалмас беймәлім. - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Батырлар қалмас беймәлім.
24.09.2015, 12:05
Сабақтың тақырыбы: Батырлар қалмас беймәлім.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгін саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, соғыс тақырыбындағы оқушылардың суреттері, слайдтар

Сабақтың барысы:
І бөлім. Деректеме «Ерлік – жеңіске жеткізер»
ІІ бөлім. “Өлең – сөздің патшасы”

Есімде ерлер есімі
Тұманбай Молдағалиев
Кешегі өткен ерлерді
Ертеңге қалай апарам.
Құлағымнан кетпейді
Қатал жылдағы қатал ән.
Окопта ұйықтап жүрді ерлер
Суықта, қыста қақаған.

Бір боран емес, мың боран
Ызғары өтті жотадан.
Ерлердің ері Жуковты
Көрдім мен талай кинодан.
Ауыр жылдарда сол сонау
Ауыр бір міндет тиді оған.
Ел қамы болды батырдың
Күндіз-түн жанын қинаған.
Жаңбырдай оқтың ішінде

Жүректі туған Жуковқа
Тағдырын сенді қилы адам.
Панфилов-Қазақстаннан
Қырандар тобын жасақтап,
Сонау бір қиын тұстарда
Жиырма сегіз жігітке
Өлмейтін ерлік жасатпақ.
Ығысқан жауы түрінен
Байыржан батыр қол бастап

ІІІ бөлім. «Отан үшін от кешкендер» Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы деректемелер.
Бауыржан Момышұлы –
Әлия молдағұлова –
“Әлия” әні:С. Бәйтереков
өлеңі: Б. Тәжібаев
Мәншүк Мәметова –
Тусурпов Берікқан –

ІV бөлім. «Ерлік – жеңіске жеткізер» сахналық көрініс

V бөлім. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.
1. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
2. Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен. (мылтық оғы)
3. Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған.(бомба)
4. Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
5. Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірде танып кідірмейді
Күні-түні барады тынбай жүріп
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей (өмір)
6. Өмір - өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңрау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)

VІбөлім. «Майданнан келген қолхат» сахналық көрініс
«Журавли» әні орындалады

VІІ бөлім. «Ардагер сыры». Қорытынды сөз Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагері Тусупов Берікқканға беріледі.

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: беймәлім., қалмас, Батырлар
Просмотров: 149 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar