Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз (топ тәрбиесі) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз (топ тәрбиесі)
24.09.2015, 16:03
Мақсаты:
а) оқушыларға бірлік, достық, беріктік туралы түсіндіру.
б) көршілес мемлекеттер туралы түсініктерін дамыту, кеңейту.
в) оқушыларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Түрі: әдеби монтаж.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, көгершіннің суреті, кітап көрмесі т.б.
Барысы: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз»- деп аталады.
Бүгін ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына қонақтар келіп отыр.
(Алдын-ала отырғыштар қойылып, қонақтарды бір-бірлеп шақырамыз.)

1. Россия таң шығынан жаралған,
Россия таң нұрынан нәр алған.
Россия аралықтар, өлшемдер,
Биік заңғар тұлғасының бәрі арман - деп ортаға Ресей елінен келген қонақта шақырамыз.

2. Кім сүймейді ет жақынын туысын,
Украина –туысымның бірісің.
Тұрды биік туысымдай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын - енді ортаға Украина елінен келген қонақты шақырамыз.

3. Белоруссия, сен көрмеген сын бар ма?
Сен басыңнан кешірмеген мұң бар ма?
Ең бірінші саған тиді жау оғы,
Сен бірінші соққы бердің мұндарға!- деп Белоруссия елінен келген қонақты шақырамыз.

4. Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің,- деп Өзбекістаннан келген қонақты шақырамыз.

5. Онша үлкен болмаса да көлемі,
Азербайжан, Грузия таудың елі, көл елі.
Азербайжан, грузин, армян ағайын.
Тағы сені құшып сүйгім келеді - деп ортаға Азербайжан, Грузия мен армян елінен келген қонақтарды шақырамыз.

6. Жырласа қырғыз, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен.
Мерейлері жарасқан,- деп ортаға Қырғызстан, Түрікменстан, Молдавия, Тәжікстан елдерінен келген қонақтарды шақырамыз.
Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Қазақстан арайлы туған өлкем.
Одақтың ортан қолдай ұлысың сен,
Достығымен жарасып жайған өркен.
Міне, Қазақстан Республикасына қош келдіңіздер. (Осы арада сәлемдеседі).

Сәлемдесу.
Енді еліміздің әнұранын орындайық.
(Бәрі орындарынан тұрып,қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұран айтады).
Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар –Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина басшылары 20 желтоқсан күні Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. Сағат 15.00-де бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталып, 11 тәуелсіз мемлекеттердің басшылары жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.

Алматыдағы кездесудің нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. Бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмеу үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен алмастырылды. Алматы кездесуінен кейін Кеңес Одағы іс жүзінде өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, «Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, және Украина тең құқықты негізде және жоғары дәрежеде Келісуші Жақтар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығын құрды». Хаттамаға жоғарыда аталған Республикалардың басшылары, тиісінше Л. Тер-Петросян, А. Муталибов, С.Шушкиевич, Н.Назарбаев, А. Ақаев, М.Снегур, И. Каримов, Б.Ельцин, Р.Нәбиев, С.Ниязов және Л.Кравчук қол қойды.

Алматы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтың маңыздыларының бірі- ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина басшылары қол қойды. Келісім бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.

Енді әр ұлт өкілі өз елін таныстырып өтеді.(елдің аты, астанасы, жер көлемі, халқының саны, шаруашылығы, ұлттық валютасы, ақын композиторлары т.с.с қысқаша айту керек).
Қазақстан-Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 2,7 млн км. Халқы 14,9 млн адам. Оның 65,7% қазақтарды құрайды. Астанасы - Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ұлттық валютасы –теңге. Діні - ислам діні болып табылады.
Ендігі кезекті келген қонақтарға арнап ауылдың алты ауызын орындап берейін. (Қазақстан елшісі өз өнерін көрсетеді)

Қазақша би немесе ән.
Ал енді келген қонақтардан қонақ кәде сұраймыз. (келген қонақтар өз өнерлерін көрсетеді).
Барлығы бірігіп ребус шешеді.

Балалар мынау ненің суреті? Одан бір әріп алып тастаймыз, әрі қарай шешеміз.
Шешуі: «Достық».
Тәуелсіздік туы бекем тұр Елім,
Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.
Жаңа ғасыр,
Жаңа өмір
Жаңа жыл
Азаматтың арқала осы тілегін - деп тәрбие сағатымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.
(Бір-бірінің қолынан ұстап, қолдарын жоғары көтеріп айту).
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дос-туыспыз, (топ, тәрбиесі), біргеміз, Бауырласпыз
Просмотров: 339 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar