Бауырмалдық және кеңпейілділік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бауырмалдық және кеңпейілділік
24.09.2015, 12:37
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Көшербаева Гүлжан Ерболқызы
Сабақтың тақырыбы: «Бауырмалдық және кеңпейілділік»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық қасиеттерін түсіндіріп, оларға осы ұғымдар туралы мағлұматтар беріп, оны меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін және қабылдауларын дамыту, әсіресе, оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды бауырмалдыққа, бір – бірін дұрыс қабылдай білуге, туыстарын, достарын сыйлауға және «Кең болсаң, кем болмайсың» деген мақал – мәтелді басшылыққа ала отырып, жағымды қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, әрі жарыс сабақ
Сыныпты екі топқа бөліп, оларды 1) топ «Жомарт» тобы. 2) топ «Мейірім» тобы.

І Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Сәлемдесу,
2. Оқушыларды түгелдеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен әдепті боламын» деген тақырыпта шағын әңгіме және мақал – мәтел.
ІІІ Жаңа сабақ:
Балалар біз өткен сабақтарымызда әдептілік, сыпайылық және сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы қарастырған едік. Қазақ жерінде қазіргі таңда 136-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. Сонымен қатар біздің еліміз кеңпейіл, жомарт – дархан халық. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде «Бауырмалдық және кеңпейілділік» деген тақырыпты қарастырамыз.
Жақсы болсаң – жердей бол,
Шыдап бәрін көтерген.
Таза болсаң – судай бол,
Жуып бәрін кетірген – деген сияқты адамның да бойындағы осы сынды жақсы қасиеттердің терең дамуына түрткі болу және оқушылардың бойында жомарттық, қолы ашықтық сияқты адамзатқа тән жағымды қасиеттерді дамыту.

«Лашын құсқа ауа қадірлі,
Жүйрік атқа дала қадірлі,
Ата – анаға бала қадірлі» дегендей, оқушылардың бойында бір-біріне деген бауырмалдықтарын, кішіпейілділіктерін және жақын туыстарын, достарын сыйлай, құрметтей білуге үйрету мәселелерін қарап, талдаймыз.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады.
1. Шаттық шеңбері: 11 – 12 оқушы өз қалауларымен шығып, өздерін таныстырып, топтарға сәттілік тілейді және оқулығымызда берілген «Кел, достар» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіреміз.
2. Ойланайық, пікірлесейік: сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа ақпарат: яғни оқушылар 43 бетте берілген әңгімені оқып, талдау жасау.
4. Әңгімені оқып, талдау жасау: «Алма ағашы» өсиетті оқып, өмірмен салыстыра отырып талдау жасау.
5. Венн диаграммасы.

6. Сергіту сәті: 2 топтан екі оқушы шығып, ән орындайды.
«Жомарт» тобынан Жұртыбай Айгерім «Аман бол» әні
«Мейірім» тобының атынан Сапарқұлова Замзагүл «Бауырым» әні

7. Викториналық сұрақтар
1. Сіздің ата – анаңыздың ата –анасы сізге кім болады?
(ата - әже)
2. Сіздің туған ініңіздің немесе қарындасыңыздың анасы сізге кім болады? (анам)
3. Үйде сізден үлкен, әрі туған бауырыңыз сізге: (аға немесе әпке)
4. Сізден үлкен ағаңызға немесе тәтеңізге сіз кім боласыз? (інісі немесе сіңлісі)
5. Қазіргі таңда бауырмалдық, татулыққа, достыққа шақыратын «Хабар» арнасынан көрсетілетін қандай бағдарламаны білесіздер? («Бармысың, бауырым!»)
1. Қорытынды:
2. Бағалау

Жеңіске жеткен топқа: Тамаша!
Т - Татулықтың үшінші әрпі
А - Біз қандай тақырыпта өсиет оқыдық?
М - Біз «Жомарт» тобы және қандай топпыз?
А - Жаңа жылда бізге қонаққа келетін ата ...
Ш - Адамның қуануы, мәз болуын тағы қалай аталады?
А - Әлемдегі ең асыл жан!
Жеңіліс тапқан топқа: Ренжіме!
Р - Сұлулықтың белгісі ретінде сыйға тартатын, гүл атауы
Е -... етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Н - Ас атасы!
Ж - Алда келе жатқан қандай мереке бар?
І - Ағасы бардың жағасы бар,
... бардың тынысы бар
М - Білім алатын ордамыз
Е - Ертең сөзінің соңынан санағанда екінші әріп
10. Үйге тапсырма: 47 беттегі дәйексөзді дәптерге көшіріп жазу.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Бауырмалдық, және, кеңпейілділік
Просмотров: 243 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar