Бауыржан Момышұлы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бауыржан Момышұлы
24.09.2015, 14:31
Сабақтың мақсаты: Балаларға халқымыздың аты аңыз болған даңқты қаhарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту, қанатты сөздерімен таныстыру; бала бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу; батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану; оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету;
Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлы портреті, кітап көрмесі, слайд, қанатты сөздері,

Мазмұны:
1. Өмір жолы.
2. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері.
. 3. Бауыржанға арналған өлеңдер.
4. Батырдың жыр - дәптерінен.
5. Бауыржанның соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалығы.
6. Бауыржанға арнап.
7. Батыр наградалары мен көркем туындылары.
8. Көрініс: «Фамилиясы жоқ адам».
9. Абай шығармалары туралы.
10.. Бауыржан Момышұлы туралы фильм.
11. Қорытынды сөз: мұғалім.

Барысы:
Сабақ барысы басында бірінші оқушы (қарт Бауыржан рөлінде) сөйлейді: «Қарттықтың екі елі ажырамайтын бір тірлігі – ой, ой үстінде қалғып - мүлгу. Қалғу – менің тұлпарым, ұйқы – менің желмаям. Көзім ілініп кетсе, жаhан кезіп серуендеп, шаршағанымды оянғанда бір - ақ сезем. Алайда қайда қашып құтыласың... Татар дәмің таусылмай көз жұмбайсың. Бірақ көп жасап қатарымнан айрылып, жетім болғым келмейді. Өзімнен кішілерге топырақ салғыза көрме, тағдырым...».

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ер есімі ел есінен кетпейді» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Онда кешегі естен кетпес отты жылдар, Дүниежүзілік соғыста жанқиярлықпен күрескен әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының ғасырдан ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа үлгі болар ерліктері туралы әңгімелейміз.
Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941 - 1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ - даңқы майданға, бүкіл елге тараған.

1) 1 - ші оқушы: Айгерім «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар 80 мен 100 - дігімді,
Тарихтың түкпірінен. сөз келгенде»,- деп жазған батыр Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте дүние салады. Үйдегі қыздардың ішіндегі жалғыз ұл Бауыржан әжесі мен әкесінің тәрбиесінде өседі. Әкесі Момыштың, Момынқұл көкесінің үлгі - өнегесі жас Бауыржанның бойына жақсы қасиеттердің ұялауына себепші болады. Көкпар, бәйге, күрес, асық, ақсүйек, садақ ату сияқты ұлттық ойындарды тамашалап, өзі де ойнап өседі. Ауылда сауатын ашып, кейін Әулиеатадағы Аса интернатында үш жыл бастауыш сыныпта оқиды. Интернат ауласында балалармен бірге дене шынықтырып, күресіп, белтемірге тартылып, шымыр бола түседі.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталды, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын.

2) 2 - ші оқушы: (Жанасыл) 1. Намысты нанға сатпа.
2. Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ.
3. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
4. Ел дегенде еміреніп,
Жұрт дегенде жүгініп
Қызмет ет.
3 - ші оқушы (Карина): 5. Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет - ғұрып аспаннан түскен жоқ. Өткенді
білмесең бүгінді қалай түсінесің?
4 - ші оқушы Жасмина: Бауыржан Момышұлы былай деді: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».
5 - ші оқушы Элиза: «Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес»
3. Бауыржанға арналған өлеңдер:

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Бауыржан, Момышұлы
Просмотров: 300 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar