Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі. - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
24.09.2015, 15:33
Жезқазған қазақ-түрік лицейінің ашылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған соңғы қоңырау салтанатты жиынының жоспары

«Білім айдынындағы жарқын 20 жыл» салтанаты
Соңғы қоңырау әзірлемесі.
(Салтанатты кеш басталмас бұрын сахнаның шымылдығы саз колледжінің студенттерінен құралған домбыра оркестрімен ашылады.)
Сахнаға екі жүргізуші шығады.

1 - жүргізуші: Менің Қазақстаным! Туған жер! Алтын ұя мектебім! Сен бізге күш - жігер, қайрат, сенім беріп отырасың! Сенің бауырыңда талай ұлттың баласы ер жетіп, өзіңнің жүрек жылуың мен мейіріміңді сезінеді. Балапандай баптап, ұядан қияға өз қолыңмен жүздеген ұлдарыңды биікке самғаттың! Бүгін де, міне, лицей табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып» түлеп ұшқалы отырған, лицей түлектері мен қаншама білім нәрін сусындатқан ардақты ұстаздарымыздың ұлы мерекесі!

2 - жүргізуші: Биылғы жылы бұл мерекенің маңызы ерекше, себебі осыдан 20 жыл бұрын түбі бір туысқан елдер Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара достық, бауырластық қарым - қатынастарының нығаюы жолында ізгілікті қызмет атқарып келе жатқан білім ордаларының бірі - Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернаты өз шәкірттеріне алғаш рет білім есігін ашқан болатын.
Екі жүргізуші бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын лицей түлектері, ұстаздар, ата - аналар, шақырулы қонақтар.

1 - жүргізуші: “Назар аударыңыздар!” Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!
Ту көтеру құрметі - 11 -. сынып оқушылары, «Алтын белгі» төс белгісінен үміткер, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары, лицейдің өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері: Уристембаев Темирлан, Абдилрадов Мадияр, Серік Ержанға тапсырылады.

2 - жүргізуші: 2012 – 2013 оқу жылының аяқталуына арналған «Білім айдынындағы жарқын 20 жыл» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!
1 - жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады).

2 - жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған,
Қонақтарды таныстырып өтейін!
Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныс болыңыздар:

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қоңырау, жарқын, соңғы, білім, 20, салтанаты, жыл, айдынындағы, әзірлемесі.
Просмотров: 206 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar