Білім биржасы (зияткерлік ойын) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Білім биржасы (зияткерлік ойын)
24.09.2015, 09:10
Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, информатика, физика пәндерінен білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: күміс қобдиша, теңге купюрлары, шар, Касперский жебесі.
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта.
Бағдарламалық жабдық: Ms. Power Point – та жасалған слайдтар, Ms. Excel - де жасалған бағалау парағы.
Ойын барысы: ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады, ойын 5кезеңнен тұрады.
І - кезең: «Білім аукционы». Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ - кезең: «Эрудиттер сайысы». Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ережелер мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ - кезең: «Таңдау табыс». Әрбір топ таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ – кезең: «Абайла, вирус!». капитандар сайысы. Дұрыс жауап беру арқылы өз тобына ақша қорын жинайды. Дұрыс жауап 100 тг.
Ү – кезең: «Сыйлықтар аукционы». Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен білімге құштар жас өрендер!«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысыныі әділ эксперт мүшелерімен таныс болсаңыздар. (Эксперт төрағасы, мүшелерімен таныстыру).
Алдыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары, Ендеше кезек оқушыларда.

І топ - «Дарындылар» тобы
ІІ топ - «Эврика» тобы
Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда теңге бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 5 мың теңгеден бар. Бұл - бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтар бағасы - 1000 тг. Топ капитаны бағаны 1000 тг - ден жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ қойылады. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда - банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турымызды бастаймыз!

Аукционға №1 лот - Математика пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға - 1000 тг. Қай топ жоғары баға береді?......... тобы бір,....... тобы екі,....... тобы үш,......... тобы сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына....... тг қосады.
Сұрақ: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?
Жауабы: 15км/сағ
№2 лот - Физика пәні қойылады.
Сұрақ: Дененің жылулық күйін өлшейтін құрал.
Жауабы: термометр.
№3 лот - Информатика пәні қойылады.
1. Сұрақ: Англиядағы бір қаланың, калибрі 30*30 болып келген мылтықтың және компьютердің бір элементі арасындағы байланысты анықтай алатын құрылғы. (винчестер)
№4 лот - Ұлы тұлғалар галереясы. (сауда жүргізіледі)
Атақты «Microsoft»компаниясының негізін қалаған кім? (Бил Гейтс)
Біздің ІІ турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әрбір топқа берілетін уақыт 3 минут, әрбір дұрыс жауап құны 100 тг. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!
І топ сұрақтары:
1. Латынның «information» сөзінің мағынасы қандай?
2. Айға адамзат ұрпағының табаны тиген жыл? (1966ж)
3. Монитордың экранындағы көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады. Бұл нүктелерді қалай атайды? (пиксель)
4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)
5. Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады? (процессор)
6. Аспан денелерінің пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым. (космогония)
7. Астрономиялық бақылау үшін қолданылатын аспап. (телескоп)
8. Көбейту кестесінде ақпарат қандай түрде беріледі? (сандық)
9. Қазіргі компьютердің пернетақтасында қанша перне бар? (101және 102)
10. Ток күшінің бірлігі. (А)
11. Операциалық жүйелерді ата. (windows)
12. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама. (температура)
13. Бір заттыі молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі. (диффузия)
14. Дискеттердің сыйымдылығы қанша? (1, 44 Мбайт)
15. Зат неше күйде болады? (3)
16. Аты бар байттар тізбегі. (файл)
17. 1 байтта қанша бит бар? (8)
18. Н. Коперник қай елдің ғалымы? (поляк)
19. Компьютерлік ойындардағы объектілерді басқару құрылғысы. (джойстик)
20. Ең алғаш табылған газ. (гелий)

ІІ топ сұрақтары:
1. ДК - дің негізгі құрылғыларын ата. (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
2. Ақпараттың өлшем бірліктері. (бит. Байт)
3. Ғарышкерлер күні қашан аталады? (12 сәуір)
4. Информатика ғылымының негізгі құралы. ( компьютер)
5. Бұлт пен жердің арасындағы аса қатты электр ұшқыны. (найзағай)
6. Молекулалардың ретсіз қозғалыста болатындығын дәлелдеген ғалым. (Броун)
7. Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады? (жад)
8. Қазіргі ДК қай буынға жатады? (төртінші)
9. Таза алмаз қай жерде табылды? (Оңт. Америка)
10. Мәтінді қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. (принтер)
11. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, бұл? (бірқалыпты қозғалыс)
12. Компьютердегі мәліметтерді кодтау кезінде қандай символдар қолданылады? (екілік сан таңбалары - биттер)
13. Н. Коперник жүйесі қалай аталады? (лелиоцентрлік жүйе)
14. Тышқанның неше түрі бар? (2)
15. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Бұл? (орын ауыстыру)
16. Басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары принтер. (лазерлік принтер)
17. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан не түзеді? (молекула)
18. Дискетаның сыйымдылығы сантиметрмен өлшене ме? (жоқ)
19. Тарихта «екінші ұстаз» аталған ғалым. (Әл - Фараби)
20. Адам ақпаратты қайда сақтайды? (мида)
ІІ кезең қорытындысы.

ІІІ кезең. «Таңдау табыс» Әрбір топ таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды. Бастапқы баға - 1000 тг. Қандай баға ұсынасыз? Сатылды!
Математика пәні
Сол санның өзі шығады
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған (ноль)
Информатика пәні. Бұл құралдың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен батыс еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, ал жапонды0тар «серобян» деп атаған. Бұл не? (есепшот)
Физика пәні. Химиялық элементтің қасиеттерін бойын сақтаған оның ең кіші бөлшегі. (атом)
Эксперт мүшелерінен топтардың жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

ІҮ - кезең. «Байқаңыздар, вирус!» капитандар сайысы. Алдарыңызда шар - вирус, Осы шарды Касперский жебесімен жару үшін мына тапсырманы орындайсыздар. Кім жылдам әрі дұрыс орындаса, соған жебе бірінші беріліп шарды жарады. Әр шарды жару арқылы ақша қорын жинайды. 100 тг.
Тапсырма. Енгізу және шығару құрылғыларын дұрыс орналастыр.
Тышқан, монитор, сканер, принтер, микрафон, колонка, пернетақта, файл, жүйелік блок, модем, дискета, флешка, қапшық, диск, қатты диск, меңзер, қалам, винчестер.
Енгізу құрылғылары: пернетақта, микрафон, сканер, тышқан.
Шығару құрылғылары: монитор, принтер, колонка.
Эксперт мүшелерінен топтардың жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Ү кезең. «Сыйлықтар аукционы». Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса, сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 3000 тг. Кім жоғары баға ұсынады?
№1 лот. Мәлімет сақтайды, бұған 1, 44 Мбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? (дискета)
№2 лот. Қалтаға сыйып кететін миникомпьютер. Ресей ғалымдары Чебышев пен Однер ойлап тапқан құрылғы. (калькулятор)
№3 лот. Тінтуірін басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан)

Эксперттерден сайыс қорытындысын сұрау.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасымыздың сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (зияткерлік, биржасы, ойын), білім
Просмотров: 243 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar