Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар
24.09.2015, 10:00
9 сыныпта өткізілген сабақтан тыс шара

Сабақтың тақырыбы: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
1 Жер бетіндегі флора мен фаунаны қорғауға, ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, татулыққа тәрбиелеу.
2 Танымдық ойындар арқылы ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, сұрақтар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар жазылған кестелер
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту, аралас

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
1 Оқушылардың сабаққа қатысымдары, дайындықтары тексеріледі
2 Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді
І - топ «Өсімдіктану»
ІІ - топ «Жануартану»
ІІІ - топ «Тіршіліктану»

ІІ Сайыстың кезеңдері
1 Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер
2 Ең, ең....
3 Шығармашылық жұмыс
4 Ұйқасын тап
5 Мақал – сөз мәйегі
6 Тіл өнері
7 Мықты болсаң тауып көр
8 Қорытындылау

1 - кезең «Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер»
Мақта -.....................(ақ алтын)
Бидай -.....................(алтын дән)
Күріш -....................(ақ маржан)
Жүгері -...................(дала аруы)
Қызғалдақ -..............(шөл аруы)
Бәйшешек -..............(көктемгүлі)
Емен -........................(ағаштар патшасы)
Кактус -.....................(түн аруы)
Жүзім -.......................(оңтүстік перзенті)
Картоп -.....................(екінші нан)
Итмұрын -...................(шипалы бұта )
Зығыр -........................(солтүстік жібегі)

2 - кезең Ең, ең.........
І - топ
Ең үлкен мұхит -................(Тынық)
Ең жүйрік сүтқоректі -...........(гепард)
Ең кішкентай құс -..............(колибри)
Ең суы мол өзен -...........(Амозонка)
Ең ірі гүл -.................(Арнальди Рафлезия)

ІІ - топ
Ең кішкентай мұхит -........(үнді)
Ең суыққа төзімді құс -......(пингивин)
Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі -.........(морж)
Ең қысқа өсімдік -..........(балық өті)

ІІІ - топ
Ең кіші материк -..........(Австралия)
Ең ірі құс -...........(түйеқұс)
Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі -.........(піл)
Ең ұзын өзен -.........(Ніл)
Ең биік сарқырама -........(Анхель)

ІҮ топ
Ең үлкен материк -.........(Еуразия)
Ең ұзын жануар -..............(Керік)
Ең ірі су жануары -......(кит)
Ең үлкен көл -.........(Каспий)
Ең жылдам өсетін өсімдік -......(бамбук)

3 - кезең Шығармашылық жұмыс
Егер..........
Сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз?
Сіз ақын болсаңыз?
Сіз зообақ басшысы болсаңыз?
Сіз суретші болсаңыз?
Сіз эколог болсаңыз?
Сіз дәрігер болсаңыз?
Сіз ботаника бағының басшысы болсаңыз?
Сіз кәсіпкер болсаңыз?

4 - кезең Ұйқасын тап
Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан хайуанат бар
Соларды топтастырып, жүйеге сап.
Ғылымда өз алдына атайды.........(түр)

Түрлерді топтастыру - ол да дұрыс,
Ол тобын жануарлардың дейді...(туыс)
Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас жануарлар тобы....(тұқымдас)

Тұқымдастар шегі емес топта бірақ,
Жинақталып, солар құрады...(отряд)
Түрден - туыс, ал туыстан - тұқымдас
Тұқымдастан - отряд, одан класс.
Олар қалай класқа тұрмақ сыйып,
Кластардың жинағын деді...(тип)
Ал сонша бөліктерге шын ие,
Жіктеудегі ең ірі топ -...(дүние)

5 - кезең Мақал – сөз мәйегі
Күте білсең,.........(жер жомарт)
Жері байдың -.......(елі бай)
Сулы жер -...........(нулы жер)
Су біткен жерде......(өмір де бітеді)
Құлан қырдың көркі,....(құндыз судың көркі)
Дана көптен шығады,......(дәрі шөптен шығады)

6 - кезең Тіл өнері
Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең....(бала боласың)
Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,.... басқаның үргені сөкет
Ойдың көркі тіл, тілдің көркі...(сөз)
Ауырып ем іздегенше ауырмаудың....(жолын) ізде
Жердің сәні егін, ердің сәні...(білім)
Кісі көркі жүз, жүздің көркі....(көз)
Жер -.....,(ана), ел - бала
Гүл қайда болса,....(көбелек ) сонда болады

7 - кезең Мықты болсаң тауып көр
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтар
(Оқушылар жауабы)
Семейдегі Абай ауданы ----Каспий теңізі
Басқарағай ---------------------Шығыс Қазақстан
Қарағанды ----------------------Байқоңыр ғарыш айлағы
Арал
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мыңды, Білімді, білекті, жығар, бірді
Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar