Білімді сынып - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Білімді сынып
24.09.2015, 14:30
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Білімді сынып
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың математикадан білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
ә) дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және білім сапасын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру
б) тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: қабырға газеттері, эмблемалар, геометриялық фигуралар, математикаға байланысты нақыл сөздер.
Техникалық құрал - жабдық: интербелсенді тақта

Барысы: І. Кіріспе.
Мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстың мақсатымен және шартымен таныстыруы.
1 – жүргізуші:
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі сайысымыз барысында.
2 – жүргізуші:
Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейтін ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам түйін.
1 – жүргізуші:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайысымыздың алдында сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2 – жүргізуші:
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.

ІІ. Негізгі бөлім.
1 – жүргізуші:
Өз білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары
алдарыңызда тұр.
Таныстырып топтарын, ұрандарын айтады.
Көрерменге білдіріп, әділ баға алады,- деп сайысымызды топтардың өздерін таныстыруынан бастаймыз.
Топтардың өздерін таныстыруы
1 топ – «Тапқырлар»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске»
2 топ – «Алғырлар»
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»
3 топ –«Ойшылдар»
Ұраны: «Білекті мыңды жығады,
Білімді мыңды жығады»
4 топ –«Дарындылар»
Ұраны:«Шаршы алаңда мүдірме
Көп ойланып, кідірме»
2 – жүргізуші:
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда! – деп «Жауабың әзір ме?» бөлімінің логикалық сұрақтарына кезек береміз. (интербелсенді тақтадан көрсетіледі)
«Жауабың әзір ме?» бөлімінің логикалық сұрақтары
1 – топқа сұрақтарды ҚР ұлттық тестілеу орталығына қарасты № 857 пунктінің инженері Р.Дюсембаева қояды.

1. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? ( ата, әке, бала болса)
2. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? (1)
3. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)
4. Қайсысы үлкен 2 м ме, әлде 198 см ме? (2 м)

2 – топқа сұрақтарды дайындаған Қызылорда қаласы №233 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ә. Қалмаханова.

1. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? (50)
2. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмас 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
3. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
4. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір - бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала)

3 - топқа сұрақтарды дайындаған Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №99 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н. Таңжарық.

1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 )
2. 9 литр және 5 литрлік ыдыспен 3 литр сүтті қалай бөліп алуға болады?
3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 - ға тең. Ол қандай сандар? (1, 2, 3)
4. Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

4 - топқа сұрақтарды дайындаған Байқоңыр қаласы Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы білім беретін №14 орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Н. Игенбаев.

1. Жараста 7 таяқша бар еді. Ол біреуін екіге бөліп алды. Жараста неше таяқша қалды? (8)
2. Жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Білімді, сынып
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar