Бинго ойыны (сайыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бинго ойыны (сайыс)
24.09.2015, 13:08
Босағадан жақсылықпен атташы.
Ғасыр - ағаш бұтағында Жаңа жыл -
Жаңа өскін, жаңа жеміс, жаңа гүл,
Ата - мекен құшағында Жаңа жыл -
Жаңа қала, жаңа кеш, жаңа ауыл.

Аспан - күмбез, ніл көгінде Жаңа жыл -
Жаңа жұлдыз, жаңа шырақ, жаңа нұр.
Дәуір - ақын жүрегінде Жаңа жыл -
Жаңа шумақ, жаңа ырғақ, жаңа жыр.

Жоспар - жоба беттерінде Жаңа жыл -
Бастамалар бағалы да жаңашыл.
Еңбек - майдан шептерінде Жаңа жыл -
Күш - қайратпен алынатын жаңа шың.

Келдің бе сен, Қарлығашым - Жаңа жыл,
Ұя салшы жақын маңға жанасып.
Жарылқашы, жарылқашы, Жаңа жыл,
Болшы дәйім жабыққанға жанашыр.

Тұр адамзат өткенге айтып салауат,
Енді қайтіп болмасын деп алапат.
Бүгініне тәубә дейді кәрі - жас,
Үміт жалғап болшаққа ғаламат.

Арқадағы Ақордадан нұр тарап,
Шартараптан алаш жұрты тұр қарап.
Шарапаты тиер жақын, қиянға -
Ақ боз үйге, қараша үйге қонар бақ.

Үміттермен, күдіктермен Жаңа жыл -
Ізгілік пен Зұлымдыққа жаңа сын,
Жер үстінде күліп келген
Босағадан
Жақсылықпен аттасын!- деп «Бинго ойынын» бастаймыз.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Мерекеге арналған «Төрлет, төрге Жаңа жыл!» атты Бинго интеллектуалды – шоу ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал енді сіздерге «Бинго» лотереялық билетін таратамыз. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясы, билет номерін атаңыздар. Есепшілер номерлерді белгілеп отырамыз.
Ойынның шартымен таныстырамыз.
Бинго ойынына барлығы 15 оқушы қатысады. Әр оқушыға «Бинго» билеті таратылады. Бинго лотериялық билетінде 3 амал қосымша бар. Әр амалда бес - бестен сан бар. Жалпы саны 15. Ойында « Джек - пот» және « Бинго» бар. Қоржыннан кез келген нөмірленген шарды алып шығады, сол номерге байланысты сұрақ оқылады. Номері сәйкес оқушы сұраққа жауап береді. Егерде жауап бере алмаса басқа оқушыда сол номер бар болса сұраққа жауап береді. Егер оқушы 15 сұраққа жауап берсе, онда «Джек - потқа» ие болады. Ал егерде 10 сұраққа жауап берсе, онда «Бингоға» ие болады, 5 сұраққа жауап берсе, онда жұбаныш сыйлығын алады. «Джек - пот» 34 сұрақ оқылғанда 15 сұраққа жауап берген оқушы алады. Егер жауап бере алмаса келесі ойынға қалады.

Көрермендермен ойын.
Барлық ойыншыларға жетон беріледі. Жеке қоржында 6 шар бар. Осы шардың бірін алатын болсақ, сол саннан аяқталатын сандар ортаға шығады. Мысалы: 02, 12, 22, 32, 42, 25, 62 кім сұраққа жауап берсе, сол оқушы кубикті лақтырады да сол номердегі сыйлықты алады.

"Бинго" ойынының сұрақтары
Сұрақтар
1. Қазақстан Республикасының Премьер Министрі кім? (Кәрім Мәсімов )
2. Қазақстан Тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған ел. (Түркия)
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы. ( Үшкемпіров, күрестен Москва, 1980)
4. Оразадан кейін қандай діни мейрамдар бар? (Ораза айт, Құрбан айт)
5. Қазақстанның тұңғыш би өнерінің жұлдызы. (Ш. Жиенқұлова)
5. 1 Тудың авторы кім? ( Шакен Ниязбеков)
6. «Балалық шаққа саяхат, Менің атым Қожа» кітабының авторы кім? (Б. Соқпақбаев)
7. Педогокика саласының бірі ( мектеп)
8. Сидней олимпиадасының жарқ етіп, жоқ болған жұлдызы ( Б. Саттарханов)
9. « Тар жол, тайғақ кешу» кітабының авторы кім? (С. Сейфуллин)
10. Қазақта тұңғыш «Золотой Орфей» сыйлығының жүлдегері ( Р. Рымбаева)
11. «Саржайлау» күйінің авторы кім? (Тәттімбет)
12. Қазақстан Республикасының сенат төрағасы кім? (Қасымжомарт Тоқаев)
13. Білім Министрі кім? ( Жансейіт Түймебаев)
14. Тамаша тарландары кімдер? (Т. Жаманқұлов, Қ. Сұлтанбаев)
15. Тұңғыш ғарышкер кім?( Т. Әубәкіров)
16. «Көкшетау» поэмасының авторы кім? (С. Сейфуллин)
17. Үш бәйтерек ( Бейімбет, Сәкен, Ілияс)
18. Тұңғыш ағартушы кім( Ы. Алтынсарин)
19. Ең қысқа ай қай ай? (ақпан)
20. Мүшел жас неше жылда қайталанады? (12 жылда)
21. Бес арыс кімдер? (Ахмет, Мағжан, Бейімбет, Сәкен, Ілияс)
22. 8+2*3 нешеге тең ( 14)
23. Бір жылда неше күн бар.( 365 )

24. Еліміз қай жылы тәуелсіздік алды? ( 1991 ж)
25. Олимпиада туының түсі қандай? (ақ)
26. Қазақстанның қай облысы көлемі жағынан ең ауқымды болып табылады.? ( Қарағанды)
27. Түс ажырата алмайтын адамды кім дейді?
(Дольтоник )
28. Қазақстандағы қара алтынның отаны.
( Қарағанды)
29. Мектеп -.......... (кеме)
Білім..............(теңіз) мақалын аяқта
30. Жұмбақ. Бір ағашта 12 ұя, әр ұяда 30 жұмыртқа бар.( ай, күн)
31. «Кісен ашқан» күйінің авторы кім? (Құрманғазы)
32. Республика күні қашан тойланады? ( 25 қазан)
33. Еркек тоқты құрбандық
Қасықтай ғана қаным бар
Атам десең атыңдар – жыр жолының авторы кім? (Қ. Рысқұлбеков)
34. «Невада - Семей» қозғалысының төрағасы
(О. Сүлейменов)
35. Бір жылда қанша апта бар? (52 апта)
36. Қандай құс бейбітшілік символы болып саналады? (Көгершін)
37. Бурабайдың атақты шыңы қалай аталады.
(Оқжетпес)
38 Әнуар Әлімжановтың тарихи романында қай қаланың күйреуі суреттелген? (Отырар)
39. Кептірілген өсімдіктердің жинағы қалай аталады?
(Гербарий)
40. Жазғы олимпиада қай жерде өтті?(Греция, Афина)
41. Спорттың ірі жарыс, тұңғыш рет 1896 жылы Грекияда өткен (Олимпиада)
42. Абай Құнанбаевтың шын есімін білесіңдер ме? (Ибраһим)
43. Үлкен Аю шоқжұлдызындағы жұлдыздар тобы қалай аталады? (Жетіқарақшы)
44. Қазақстанның ғылым академиясының тұңғыш президенті (Қаныш Сәтбаев)
45. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды (Галактика)
46 Қазақстанда тұңғыш президенттік басқару қашан құрылды (1990 28 сәуір)
47. Жерлес жалынды революционер кім? (Н. Нұрмақов)
48. Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр (Бағдаршам)
49. Атақты саяхатшы Марко Пало қай елге саяхат жасаған (Қытай)
50. Өте ежелгі жануар ( Динозавр)
51. Қабанбай батырдың шын есімі кім? (Ерасыл)
52. Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов)
53. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)
54. Шоқан Уалиханов неше жасында Сібір кадет корпусын бітірді? (18 жас)
55. Мәтінге суретті қалай кірістіреміз? (Кірістіру - Сурет - Картинка)
56. Мади Бапиұлының неше жылдығы тойланды?

ІІ бөлім
Концерттік бағдарлама.
Бақыт тілеп, бақ тілеп
Қауышады ағайын.
Айтып менде ақ тілек,
Жырдан шашу шашайын – деп келесі кезекті әнге береміз.
І - топ оқушыларының концерті
1. Ән
2. Би
3. Скеч
ІІ - топ оқушыларының концерті
1. Ән
2. Пародия
3. Би
ІІІ - бөлім
Ойындар
Күрес
Ойынның шарты.
Жерге аумағы 2 - 3 метрлік шеңбер сызылады. Ойынға қатысушылар сол шеңбердің ішінде екі - екіден күш сынасады. Қолдарын артына ұстап, иықпен, кеудемен тіресіп, қарсыласын шеңберден шығарып жіберуге тырысады. Қайсысы шеңберден шығып қалса, сол ұтылады. Ал жеңімпаз келесі ойыншымен айқасады. Ойын осылай жалғаса береді.
Эстафеталық ойындар
Ойынға қатысушылар жеке-жеке күш сынасады. Өздері тұрған жерден он - он бес қадамдай қашықтықта арнайы белгі қояды. Әр бала сол белгіге дейін бір аяғын көтеріп, екінші аяғымен секіріп барып, сол қалыпта қайта оралуы тиіс. Жығылмай, сүрінбей және көтеріп алған аяғын жерге тигізбей жалғыз аяқпен секіріп келген ойыншы жеңеді.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі - екіден ойыншы ортаға шығады. Сол арадан әрі межеленіп, арнайы белгіленген жерге дейін біреуі оң. екіншісі сол аяғын көтеріп секіріп барып, қайта оралады. Келесі ойыншылар да осы әдісті жалғап әкетеді. Осы жүрісте сүрініп жығылғандарға ұпай жазылмайды.

Эстафеталық ойындар
Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бірден ойыншы ортаға шығады. Мөлшерлі жерге меже қойылады. Белгі берілгенде қатар тұрған екі ойыншы адымдарын жазбастан секіріп, межеге барып кері оралады. Бұл аралық 10 метрден аспауы керек. Ал келесі ойыншы кезекпен секірісті әрі жалғайды. Жығылғандарға, адымын жазып алғандарға ұпай жазылмайды.

Машина айдау
Құрамында 8 - 10 адам бар екі команда жарысады. Бұлар 2 - ден сапқа тұрады. Әр саптың арасы 3 - 5 адамдай. Әр топтың алдында 8 - 10 метр жерде мәре болады. ұйымдастырушы топтағы бірінші ойыншыға жіп тағылған баланың ойыншық машина береді.
Міндет – машинаны сүйреткенде аудармай мәреге дейін жүгіріп бару және өз тобына қайта оралу. Мұнан кейін машина екінші ойыншыға үшіншіге, төртіншіге, онан кейінгілеріне беріледі. Ең соңғы ойыншы тапсырманы орындаса, қолын жоғары көтереді. Кімнің тобы тапсырманы тез де жақсы орындап шықса, сол жеңеді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Бинго, (сайыс), ойыны
Просмотров: 240 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar