Бірлік басы – тірлік ұйытқысы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Бірлік басы – тірлік ұйытқысы
24.09.2015, 14:49
Мектеп сахнасына. Абайдың қарасөзінің ізімен.
Тақырыбы: "Бірлік басы – тірлік ұйытқысы"
Шағын қойылым.
Автор: Ертеде математика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі "Ғылымның төресі кім?" деген пікірге дауласып, 1 шешімге келе алмай ғылымға келіп жүгініпті.
Ғылым:
- Неге келіспей отырсыңдар? Ал тыңдайын. Айта беріңдер.
Математика:
- Мен адам болып жаралғалы бері адамға қызмет етудемін. Адам менсіз өмір сүре алмайды. Адам баласына "есеп білмеген есек" деп сәби кезінен есепке үйретеді. Өмірдің өзі де есепке құрылатынын мен адамзатқа мойындаттым. Кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін менсіз өмір жоқтығын біледі емес пе? Сондықтан ғылымның төресі мен болуға лайықтымын.
Орыс тілі:
- Мен бұған келіспеймін. Мені Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты қазақтың жұлдыздары мойындап білім көзі менде екенін өз жазбаларына жазып кеткен. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болса да қазақтар әлі де менің тілімде шүлдірлейді, маған табынады. Менсіз өмір жоқтығына көздері жетіп отыр. Жарнамаларды қарашы. Менің тілімнен аудара алмай қиналып шала қазақша жазылуда. Депутаттар да теледидардан менің тілімде сөйлейді. "3 тіл – тұғырың" дегенге қосыламын. Мен ешқашан өшпеймін. Сондықтан да ғылымның төресі мен боламын.
Ағылшын тілі:
- Бұл не сөз? Мен тұрғанда сендерге ғылымның төресі болу қайда? Менсіз шетелдік фирмаға жұмысқа орналаса алмайсың. Халықаралық деңгейдегі мені барлық әлем мойындап отырғанда сендер менің алдымда қалай мақтанасыңдар? Білім министрінің өзі де "1 сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілін оқысын" деп мектепке, тіпті балабақшаға ендіріп жатқанда сендердің мақтануларыңа жөн жоқ. Барлық пәнді, математика тіпті сені де болашақта менің тілімде оқушылар сайраса сендердің дауласуларың жөнсіз. Орыс тілі, сені де қазақ тілі ешқашан мойындамай адамзат менің құдіретіме бас ұрады. Сондықтанда барлық ғылымның төресі менмін.
Ғылым:
- Ия, қазақ тілі, неге сен үндемей отырсың?
Қазақ тілі:
- Мен өз елімде, өз жерімде отырған соң сыпайылық сақтап отырғаным.
Ғылым:
- Ия, не уәж айтасың?
Қазақ тілі:
- Мен өз ойымды біртуар дарын Мұхтар Шахановтың өлең жолдарымен өрнектеймін.
Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ - ДӘСТҮРI – тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасiреттi болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсiнбеген пенделер.
Төрт анадан сенiм таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
Ғылым:- Жөн сөз, қазақ тілі. Мен ғылымның төресі деп қазақ тіліне бас ұрар едім. Математикасыз да аталарымыз өмір сүрген. Есепті шығарып түсіндіру үшін ана тілін қолданасың. Математика сол үшін ана тіліне бас ұрасың.
Қазақ тілі – ұлы Абайды, әлемді мойындатқан қос Мұхтарды, тағы сол сияқты ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген ұлы халықтың тілі. Ұлыдан - ұлағат. Ана сүтімен бойына дарытқан ұлы тілдің құдіретіне ештеңе жетпейді. Математика, орыс тілі, ағылшын тілі секілді барлық ғылымдардың анасы - ана тілі, қазақ тілі. Қазақ тілінен нәр алып құлаштарыңды кеңге жайып қанаттанасыңдар. "Бірлік болмай тірлік болмайды" дегендей әрдайымда бірлікте болып адамға үздіксіз қызмет етіңдер. Сонда адамзат сендерді әділ бағалайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: басы, тірлік, бірлік, ұйытқысы
Просмотров: 228 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar