Біз – табиғат қорғаны - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біз – табиғат қорғаны
24.09.2015, 13:01
Тақырыбы: Біз – табиғат қорғаны
Мақсаты: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру табиғатты қорғауға, сақтауға, өзінің үлесін қосуға баулу
Көрнекілігі: Құстар, жануарлар, өсімдіктер суреті, тыйым, қанатты сөздер

Жүрісі:
1 - оқушы: Табиғат біздің анамыз, досымыз және сырласымыз. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, табиғатқа да солай қарауға тиістіміз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. Үйлесімділік бұзылса екеуінің біреуі апатқа ұшырауы мүмкін. Қазіргі таңда ауа мен судың ластануы, ормандардың өртке орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі - осының бәрі кезек күттірмейтін экологиялық проблемалар. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, осы мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп табиғат үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Мұғалім: Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпқа арналған. Бүгінгі жұмысымыз топпен жұмыс түрінде өтпек.
1 топ: Жануарлар
2 топ: Өсімдіктер
3 топ: Құстар

Мұғалімі: Балалар енді ертегі тыңдағыларың келе ме? (магниттофоннан)
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30 жасында бұғанасы бекіп, 40 жасында кемеліне келіпті. Ал 50 жасында қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрты күннен күнге көбейе беріпті, тұла бойы қақсап ауырған соң:
- Ух, жаным - ай, енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым, тесіп, жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырағым сыздайды, жәрдем етіңдер.
Оның даусын естіп бір күні ақ көгершін ұшып келеді.
Көгершін:
- Терек ата ауыруыңыз жаман екен, мен дәрігердің кім екенін білмеймін, бірақ іздеп көрейін.
Мұғалімі: Балалар сендер терекке көмектескілерің келе ме?
Ендеше сұрақтарға жауап берейік
- Табиғат деген не?
- Тірі табиғат деген не?
- Табиғат құбылыстарына не жатады?
2 - оқушы: Жер қазына, су алтын, мал байлық деп тегін айтпаса керек. Адамдар мен табиғат бір - бірімен тығыз байланыста. Себебі күнделікті ішіп - жейтін тағамымыз, киетін киіміміз, қолданатын заттарымыз, жазатын қағазымыз тіпті ауырғанда ішетін дәрі - дәрмегіміз, тыныс алатын ауамыздың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Мұғалімі: Қане 3 топтан 3 бала өлең оқысын
Көгершін: Мен саған келдім үкі, емен ағашына көмегіңді тигізе аласың ба?
Үкі: Жоқ, ренжіме қолым тимейді.
Көгершін: Өкінішті жарайды.
Мұғалім: Балалар қазір үш топқа мынандай тапсырма беріледі
1 -топ.
1 Құстарды атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Құстар не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер
сөздер ойлап тап
3. Құстарға байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
2 -топ.
1. Жануарларды атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Жануарлар не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер ойлап тап
3. Жануарларға байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
3- топ.
1. Өсімдіктерді атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Өсімдіктер не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер ойлап тап
3. Өсімдіктерге байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
Көгершін:
- Қыран құс бүркіт еменге көмегін тиер ме екен?
Бүркіт:
- Жоқ, міне біз қызу жұмыс үстіндеміз, ренжіме
- Енді қайттім емен өліп қалатын болды ғой
Мұғалім: Балалар, енді сендер қанатты сөз, тыйым сөздер айтыңдар
3 топтың оқушылары жауап береді.
Мұғалім: Қазақ халқы жануар, құстарға қарап қандау болжаулар айтқан?
3 топ жауап береді.
Мұғалім: Балалар қазір «Тез жауап бер» ойын ойнаймыз. Қай топтың балалары тез жауап береді екен.
- Бір жылда неше ай бар, атап бер.
- Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл?
- Көктемде қандай мерекелер тойланады?
- Ең алғаш шығатын гүл?
- Көктем келгенін қайдан білеміз?
Көгершін: Балалар, мен әбден шаршадым, еменге көмектесейікші. Кім онын ауруын жазады, қайда барсам екен?
Мұғалімі. Иә, балалар, көгершінге көмектесейікші, қай құсты жіберсек екен? Әрине, тоқылдақ
- Міне, балалар ауру ағашымыз жазылды қандай жайқалған ағаш болды. Құрттарынан құтылды.
Көгершін: Балалар емен сендерге мынандай тапсырма беріп жіберіпті, оны топ басшылары орындайды.
1. Тірі табиғатқа қандай нәрселер қажет?
2. Қосмекенді қалай түсінесің?
3. Құралай желі деген не?
Мұғалім: Емен сендерге риза болып, мынандай хат жіберді.
- Жас достар! Өздеріңді қоршаған табиғатты аялай біліңдер, ластамай таза ұстаңдар. Әрқашан құстарға, өсімдік, жануарларға көмек жасап, қамқорлық жасаңдар. Денсаулықтарың мықты болу үшін айналаны жасыл желекке бөлеңдер. Біз еңбекқор, мейірімді адамдарды өте жақсы көреміз.
3 топ бірге: Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін
Екеуіңнің арадағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын
Топтардың жұмыстары бағаланып, тәрбие сағаты аяқталды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: табиғат, қорғаны, біз
Просмотров: 384 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar