Біз табиғатты сүйеміз! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біз табиғатты сүйеміз!
24.09.2015, 09:31
Фото - сайыс «Біз табиғатты сүйеміз!»
Мақсаты: жаратылыстану пәнінен алған білімдерін тексеру, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру, табиғатқа деген мейірім мен ықыласын, табиғат байлықтары мен жан - жануар, өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Формасы: топтық
Көрнекілігі: слайдтар, табиғат көріністері суреттері, нақыл сөздер, қима суреттер, парақшалар,

Сайыс жоспары:
1. Кім көп біледі? (сұрақтар қойылады, әр топ 3 ұяшықтан ашады)
2. Пазлдарды құрастыру және қорғау
3. Есте сақта (суреттерді көріп, есінде қалғандарын айту)
4. Үй тапсырмасы: табиғат көріністерінен фото - монтаж
5. Табиғат суреттері

Барысы:
Мұғалім: Табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер - Ана, атамекен, туған жер деген ұғымдар бір - бірімен тамырлас, әрі тағдырлас.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең, ой жатыр десеңізші!
Табиғат - адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші.
Ендеше, ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.

Сайысқа 3 топ қатысады.
1 - топ: Тау
2 - топ: Ауа
3 - топ: Күн.
Сонымен сайысымызды бастайық.
1 - кезең «Кім көп біледі?» деп аталады.
Шарты: интерактивті тақтада 10, 20,, 30 ұпайдан тұратын ұяшықтар болады. Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап, ондағы сұрақтарға жауап береді. Топ 3 рет ұяшық таңдайды. Ұпай ұяшықтың санына байланысты.
10 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. Жазық деген не? Жазық түрлерін ата
( Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады. Түрлері: тегіс және бедерлі).
2. Кенді пайдалы қазбаларды ата.
(Темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель, графит).
3. Ауа қоспасындағы ең көп газ
( Азот).
20 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. Қазақстанның қорықтары
(Наурызым, Барсакелмес, Ақсу - Жабағылы, Марқакөл, Алматы, Үстірт, Алқакөл, Қатон - Қарағай, Қорғалжын).
2. Қазақстаның өзендері
( Сырдария, Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Жетісу, Тобыл).
3. Қазақстандағы биік таулар
(Тянь - Шань, Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы).
30 ұпайлы ұяшық сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін ең алғашқы болып мойындаған қай мемлекет?
( Түркия).
2. ҚР БҰҰ қашан мүше болып кірді?
( 1992 жылы наурыз).
3. Семей атом сынақ полигоны қашан жабылды?
( 1991 жыл).
2 - сайыс «Пазлдарды құрастыру» деп аталады.
Шарты: әр топ осы сурет қиындыларын құрастырады. Бұл сайысқа 1 минут уақыт беріледі.
3 - сайыс «Есте сақта» деп аталады.
Шарты: тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым, заттардың суреттері шығады. Суретке мұқият қарап алу үшін 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң суреттер өшіріледі де, оқушылардың есте сақтап қалған суреттердің атын жазуларын сұраймын. Ең көп суретті есте сақтап қалған топ жеңімпаз атанады.
Суреттер: глобус, карта, компас, тау, өсімдік, қасқыр, түлкі, қоян, көмір, бұлт, күн. жауын - шашын, адам, мұрын, көз, аяқ, қол.
4 - сайыс Үй тапсырмасы
Шарты: әр топ өздерінің дайындаған фото - монтаждарын таныстырады.
5 - сайыс « Табиғат суреттері» деп аталады.
Шарты: әр топ табиғат тақырыбына сурет салады. Сол салған суреттерін таныстырып, түсіндіреді.
Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті.
Көрініс: «Аңшы мен бала»
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Міне мылтық атамысың?
- Атамын.
- Құсың қайда қарағым - ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп еді ғой көлде құс.
- Көп екен.
- Неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым
Туған жердің құстарын да
Өзіне қайта сыйладым.
Мұғалім: Өзіміздің анадай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, қорғау - әрқайсымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан - атамекен, жер - анам,
Ата - баба өсіп - өнген кең далам.
Қазақстан сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшін де мен саған.

Қазақстан - туған жерім, киелім,
Қасиетіңді қастерлеп, басымды да иемін.
Табиғатың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сүйеміз!, табиғатты, біз
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar