Біз өз құқығымызды білеміз бе? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біз өз құқығымызды білеміз бе?
24.09.2015, 13:39
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Т.Жүргенов орта мектебі,
информатика пәнінің мұғалімі
Утепбаева Гүлзат Кенжалеевна

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың құқықтық білімін арттыру.
2. Заңды өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, құқық негіздері, қазақ әдебиеті.
Сабақ көрнекілігі: Плакаттар, буклеттер т.б.
Сабақтың түрі: Театрландырған сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгіме - сайыс.
Сабақтың барысы: Сабақ ҚР Әнұранымен басталады.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Сен өз құқығыңды білесің бе?" деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы тақырып бүгінгі сабағымыздың арқауы болып отыр?

Оқушы: Өйткені біз демократиялық жолда дамып бара жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конститутциямыздың І-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Мұғалім: Ал Конститутциямыздың 12-бабында адам құқықтары жөнінде не делінген?
Оқушы: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолдануы осыған орай анықталады".

Сұрақ: Адамның бұлжымас құқықтарына не жатады? Адамның бұлжымас құқықтары ҚР Конститутциясы бойынша сөз бостандығы және өз ойын айту, ар-ождан және діни наным, жиналыс, бірлесу т.б.
Сөз және өз пікірін айту бостандығын кез-келген демократияның өмірлік күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.

Оқушы: Менің түсінуім ше менің құқығыма нұқсан келтіріп тұр деп есептесем, мен өз ойымды ашық айтуыма болатын сияқты. Бірақ, неге мен өз құқығымның сақталуын талап ете бастасам, үлкендер маған ұрсып тастайды. Ал мамам айтады: "тыныш жүрген тоқ жүреді" және қазақта мақал бар "Тура айтқан туысына жақпайды", сондықтан пәледе нең бар, елдің істегенің істей берсейші - дейді.

Оқушы: сен саған былай деп мақалмен жауап қайтарсам деймін. Егер сен өз құқыңды заң негізінде дәлелдеп бере алсаң, атамыз қазақ айтқан ғой "Аталы сөзге арсыз тоқталмас" - деп, ол адам арсыз болмас, сені түсінеді деп ойлаймын.

Мұғалім: Осы жерде екі сыныптың оқушылары отыр. Сендерге үйге тапсырма берілген болатын. Күнделікті өмірде қай салада адамның құқығы жиі бұзылады? Өздеріңнің қалауларың бойынша автобуста жүру кезіндегі құқықтың бұзылуын қарастырсақ. Қазір, балалар, Екі сыныптан екі топ шығады. Бірінші топ-жүргізушілердің мүддесін қорғайды. Өйткені қалада тек студенттер мен оқушылар ғана айлық жүру билеттерімен жүруге құқылы.

Автобус
(Көрініс)

Жүргізуші: - Сағын, мына аялдамаға тоқтамай-ақ қояйық. Өңкей жалаңаяқ студенттер мен мектеп оқушылары. Босқа оларды тиеп алғаннан не пайда? Проездной билеттерін көрсетіп өздерінше болады. Тап бізге одан ақша түсетіндей.

Кондуктор: - Айтпақшы тегі, бұлардан не пайда? Тоқтама, жүре бер. Аялдамадағы адамдар шулап қала береді.
2-ші автобус.

Жүргізуші: - Мәссаған, аялдамада толған бала-шаға ғой. Тоқтамасақ қайтеді.

Кондуктор: - Үлкендерде тұр ғой. Боқмұрындарды өзіме жібер. Проездной недействителен, - деп желкелерінен алып қуып шығайын. Автобус тоқтайды. Балалар у-шу болып есікке жүгіруде.

Кондуктор: - Әй, боқмұрындар, ақшаларың бар ма, жоқ болса №91 мен №63-ті күтіңдер. Бұл автобусты сендер үшін сатып алған жоқпын. Әйда, марш отсюда. Марат, жап есікті, кеттік.

Оқушы: Олардың бізді мінгізбей кетуге еш құқы жоқ. Автотранспорт басқармасының мана сұрап білген. Кез-келген жолаушы тасымалдайтын көлік, белгілі бір акционерлік жолаушы тасымалдайтын қоғаммен келісім-шартқа тұрады. Ал АҚ қалалық әкімшілікпен келісім-шартқа тұрады. Бұл келісім-шарт бойынша олар айлық билеті бар адамдардың барлығын тасымалдауға міндетті. Сондықтан, біз өз құқығымыздың сақталуын талап етуіміз қажет.

Оқушы: Сонда біз кімге мұң-зарымызды айтамыз?

Оқушы: Менде "Жаңалық жаршысы" газетінің телефоны бар. Міне көрдің бе, былай деп жазылыпты. Егер кімде-кім автобус жүргізушілерінен жәбір көрсе бізге звондасын депті.

Оқушы: Ендеше жүр, звондайық.
Телефон: 21-487
- Але, редакция ма екен?
- Иә, "Жаңалық жаршысы" редакциясы тыңдап тұр.
- Біз Т.Жүргенов орта мектебінің оқушылары едік. Жаңа бізді 1-ші маршруттың жүргізушілері айлық билетпен мінгізбей кетті. Проездной недействителен дейді.
- Автобустың нөмірін жазып алдыңыздар ма?
- Білмеймін, қазір мен балалардан сұрайын.
- Біліп алып звондамайсың ба?
- Тәтей, қазір. Кім бағанағы автобустың нөмірін біледі? Соны сұрап жатыр. Қанат, сенің көзің үлкен ғой, сенің есіңде жоқ па?
- Айтатын болсаңдар тез айтыңдар.
- Тәтей, таптық. А 216 ВНМ. Мұқиттың есінде қалыпты.
- Енді сендер қалалық әкімшілік транспорт бөліміне барып жазбаша арыздарыңды қалдырыңдар. Редакциядан біз де қарауымызға аламыз. Егер біз екі жақтап құқық бұзарларды бақылауға алар болсақ, сонда олар бірінші ретте айлық билетті сатқаннан түскен пайдадан айырса, екінші ретте оларды жолаушы тасымалдау мүмкіндігінен айырады.
- Рахмет, тәтей.
Оқушы: Ал. Енді әкімшілікке кім барады?

Оқушы: Дананың 11 сыныпта апайы бар. Соларға айтайық.
- Анеля, бізге сендердің көмектерің керек. Сен достарыңмен біздің құқымызды қорғауға көмектесші. Бізге әкімшілікке барып арыз жазу керек.
Әкімшілік: Транспорт бөлімінің бастығы Владимир Сухоруков мырза.
- Ал, балалар, бұйымтайларыңды айта беріңдер, құлағым сендерде.
- Біздің келу себебіміз, автобус жүргізушілері бізді автобусқа мінгізбейді. Айлық билет коммерциялық автобустарға жарамайды дейді. Соған шындықты іздеп сізге келдік.
- Дұрыс, балақайлар, келгендерің жақсы болды. Оларды осылай бәріміз жабылып дұрыс жолға салмасақ болмайды. Қай мектептің оқушыларысыздар?
- Сарат орта мектебіненбіз. Оқушылар болған оқиғаны айтады. В.Сухоруков хатшыны шақырып:
- А 216 ВНМ нөмірлі1 маршрутындағы автобусты ақпан айындағы айлық билет сатудан түскен пайдадан айыру туралы бұйрықты автобус тіркелген АҚ жіберіңіз.

Мұғалім: Міне, балалар, өз құқығымыздың сақталуы көбінесе өз қолымызда екен.
Сұрақ.
1. Құқық дегеніміз не?

Оқушы: Құқық дегеніміз қоғамыздағы бекітілген нормативтердің орындалуы.
1. Коммерциялық автобустарда айлық оқушы билетімен жүруге құқымыз бар екендігін білдік.
2. Қоғамымызда құқық бұзушылық болмас үшін, әр адам өз құқығын жақсы білу керек.
3. Біреудің құқығы, біреудің қоғамдағы парызы.
4. Егер адам өз құқығын жақсы білсе, онда ол біреудің де құқығын бұзбауға тырысады, өйткені онда ол заң алдында жауап береді.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: құқығымызды, өз, біз, БЕ?, білеміз
Просмотров: 351 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar