Біз Жеңіс мұрагерлеріміз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біз Жеңіс мұрагерлеріміз
24.09.2015, 11:52
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№ 11 жалпы білім беру орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Уймаганбетова Жания Муратовна

Тақырыбы: «Біз Жеңіс мұрагерлеріміз»
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштік, адамгершілік сынды ізгі қасиеттерге баулу. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларын құрметтеу, қастерлеуді үйрету. Отан алдындағы адами қасиеттер парызды түсіне білуге, үлкен қиыншылықпен келген жеңісті құрметтеп, қастерлей білуге төселдіру.

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, мұғалімдер!
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер – азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Біздің елімізде Отан қорғаушы күні 7 мамырда арнайы аталып өтетіні баршамызға белгілі.
Қазақ елі жақында бірлік мерекесін тойлады. Енді ерліктің, жеңістің мерекесі 9 мамырды бүгінгі Отан қорғаушылардың мерекесімен қоса атап өткелі отырмыз. Олай болса, Құрметті қауым! Баршаңызды бүгінгі мемлекеттік мереке деп жарияланған Отан қорғаушылар күнімен сондай - ақ жеңістің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Біз Жеңіс мұрагерлеріміз» деген тақырыптағы бұл шара Еліміздің жеңісі үшін жанын қиған батыр аталарымыз бен ағаларымыздың, апаларымыздың рухына бағышталады. Олай болатын болса сөз кезегін мектебіміздің директоры Дүйсенова Қалампыр Қаражақызына сөз беріледі.

Жүргізуші:
Ел халқына шат - шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан - теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Ал енді кішкентай бүлдіршіндерімізді «Шекарашы сарбаздар» биімен қарсы алайық! (флеш моб биі)
(би соңында)
Құбылтып әнге басатын,
Бұлбұлдай емес базарлы.
Ақ құсым дейтін жас ақын,
Аққудай емес ажарлы.
Қулық та сұмдық білмеген,
Қаққы мен соққы ісі жоқ.
Қадірлер халық бұл деген,
Өмірдің бейбіт құсы деп.
Ұша бер құсым көгілдір,
Биік тауды бетке алып,
Қолыңда сенің өмір – гүл,
Қаншама жұлдыз кетті ағып!

Жүргізуші:
Қазақ елін қорғаушы Республикалық Қарулы Күштердің Жоғары бас қолбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр - бәрін аянбай сарп етуге пейілмін. Сондай - ақ қандай да қасіретке қабырғасы қайыспаған, төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының, қазақ батырларының алдында мен басымды иемін! Осы елдің бір перзенті ретінде мен де Отан алдында адал қызмет етемін» деген болатын. Сіздер де келешекте Отан алдында адал қызмет ететін сарбаздар болатындықтарыңызға сенемін!
Біріміз білсек, біріміз білмейміз осы орайда мектебіміздің мұғалімі ауған соғысының ардагері Ертилеуов Салават Бикесович ағай орныңыздан тұрып қойсаңыз қол соғайық! Рахмет! Келесі кезекте Төлегенова Жазираның орындауында «Сарбаздар» әні Авторы қарсы алайық!

Жүргізуші:
- Халқымызда «Ер - елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый – құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ – Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Ал Отанға адал қызмет еткен жандарды әрдайым есте сақтау әрбір азаматтың борышы. Олай болса сол елді қорғаған сарбаздарды 1 – минут үнсіздікпен еске алайық.
( 1 – минут үнсіздік, барлық көрермендер мен мұғалімдер орындарынан тұрып еске алады )
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне – 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге – 70 жыл
70 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл – шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70жыл – жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
70 жыл бұрынғы еліміз көрген қиыншылықтарды көз алдымызға елестетіп, осы бейбіт қалай жеткеніміз туралы көріністерді тамашалаңыздар!

Көрініс
1. Сахнада мектеп бітіруші түлектер (көрініс 1)
2. Левитан сөзі.
3. (түлектер кетеді) «Священная война» Халық ер азаматтарын соғысқа шығарып салады (көрініс 2)
4. Солдаттар. Кайыпов Қайрат «Ауылым» әні (көрініс 3)
5. Катюша биі
6. (Сахна артында) Ержүрек жауынгерлер жан – жақтан атқылаған зеңбіректер мен оқтарға қарамастан, өмір мен өлімнің арасында жүрсе де, көңіл көтеріп, ән айтуды тоқтатпаған
7. «Ана туралы баллада» (көрініс4)
8. Хаттың биі (смуглянка)
9. (көрініс 5) Жанарыс
10. (көрініс 6 әнімен) Солдаттар соғыстан келеді

Жүргізуші:
Ержүрек жауынгерлер жан – жақтан атқылаған зеңбіректер мен оқтарға қарамастан, өмір мен өлімнің арасында жүрсе де, көңіл көтеріп, ән айтуды тоқтатпаған.
Алдарыңызда Кайыпов Қайрат « Солдат» әнімен қарсы алайық!
Алдарыңызда Бактыбаев Мұхтар «Соғысқа барып қайтқан домбыра» монологімен қарсы алайық!

Жүргізуші:
Алдарыңызда 4 А сынып оқушысы Шапағат Айнараның орындауында
«Домбыраның күмбірі» қарсы алайық!
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Алдарыңызда 4 А сынып оқушысы Есетова Шынар «Жойылсын соғыс» әнімен қарсы алайық!

Жүргізуші:
Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкімде ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» Осынау сөздер жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тарқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
(День Победы) Ал енді кішкентай бүлдіршіндерімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен қарсы алайық!
(ХОР) Ортамызда 5 Г сынып оқушысы Уткелбай Жасұланның орындауында «Жаса Қазақстан» ХОР қарсы алайық
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мұрагерлеріміз, жеңіс, біз
Просмотров: 154 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar