Біздің Елбасы (танымдық ойын) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біздің Елбасы (танымдық ойын)
24.09.2015, 11:43
Тақырыбы: «Біздің Елбасы» атты танымдық ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың елбасына деген құрмет, сезімдерін арттыра отырып, сөз құдіретін түсінуге, салт - дәстүрімізді білуге, ойлау қабілеттерін жетілдіруге, өзара достық қарым - қатынастарын нығайтуға баулу.
Шарттары:
1. Сұрақ - жауап
2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек) Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру
3. Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді
4. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
5. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді/
6. «Салт - дәстүрді білеміз бе?»
7. Көнерген сөздердің мағынасын ашу

І айналым.
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қай жылы, қай айда сайланды?
(1991 жылы 1 - желтоқсан)
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?(6шілде 1940 жылы Шамалған ауылы, Алматы облысы)
3. Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. Оның ұшар биігінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?(Ақорда)
4. Биіктігі 97 метр. 3буынан тұрады.
1. Жер асты
2. Діңгегі
3. Алып шар (Бәйтерек)
5. 2006 жылы қыркүйек айында бой көтерген. Биіктігі - 62 метр. Ашық сұр гранитпен көмкерілген көлбеу қабырғалар – көгілдір шыны қаптырмалармен астасып, тәуліктің әр сәтінде алуан түске боялады. (Бейбітшілік пен келісім сарайы)
6. Шаһар бүгінде небір өткір ойлар мен таңқаларлық нәтижелердің шаңырағына айналған. Шаһар – 2003 жылы пайдалануға берілді. Мұнда тұщы су мен көлдер, коралл әлемі түрінде жасалған жабық айдындар бар. Негізгісі – акрильді туннель болып табылады. («Думан»ойын - сауық орталығы)
Ән - жұмбақ (Атамекен)

ІІ айналым.
«Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)
А) Тәуелсіздік, бейбітшілік, Қазақстан, конституция;
Б) егемендік, президент, парламент, республика;
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру
*мұзға отырғызып кетті
*аузына қақпақ болу
*қас қаққанша
* құрақ ұшу
*күн құрғатпай
*аты шул
Ән - жұмбақ (Сарыжайлау)

ІІІ айналым
Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді
*Ахмет Байтұрсынов ----------------- *Абай Құнанбаев
*Нұрсұлтан Назарбаев --------------- *Тоқтар Әубәкіров
*Меруерт Өтекешова ---------------- *Мұхтар Әуезов
*Бердібек Соқпақбаев --------------- *Абылай хан
*Әбілқайыр хан *Ыбырай Алтынсарин
*Қайрат Рысқұлбеков ------------------- *Құман Тастамбеков
Ән - жұмбақ (Елім менің)
IV айналым «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
а) Алғашқы еңбек жолын 1960 ж Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастағанына сенесіз бе?
ә) Дүниежүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы екеніне сенесіз бе?
б) ) Европалық Қауымдастық ынтымақтастық Ұйымына мүше екеніне сенесіз бе? (жоқ бас төраға)
_____________________________________________________________________________
в) Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі, ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен марапатталғанына сенесіз бе?
г) 1995 ж 29 сәуірінде жалпы халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Президентінің өкілеттілігі 2005 жылға дейін созылғанына сенесіз бе? (жоқ 2000 жылға)
д) «Тарих толқынында», « Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» кітаптарының авторы екеніне сенесіз бе?
Ән - жұмбақ (Қазақ жігіттері)

V айналым. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді/
*Арам сөзінің антонимі /адал/
*Абай - дана, Абай -/дара/
*Майдың түсі /сары/
*Ананың ойы балада, баланың ойы.../дала/
*Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру /асар/
*Өзенге құятын екінші өзен /сала/
*Жылқының түсі /құла/
*Қалың сөзінің антонимі /жұқа/
*Молда, имам... тағы да /қожа/
*Жұмысты дұрыс орындай алмайтын адам /олақ/
*Темір, тас дәуірі. Тағы қандай дәуір? /қола/
*Проект сөзі қазақша /жоба/
Ән - жұмбақ (Қазақстаным)

VI айналым. «Салт - дәстүрді білеміз бе?»
• Бұл дәстүр бүкіл қазаққа ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып, бірі қалып отырады. Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп, маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып, қонағасы береді. Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/
• Біреуді сөзбен жығып, ұтып, оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеуі үшін бірдеңе береді. «Бірдеңені» алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек./ауызбастырық/
Ән - жұмбақ (Қазақ елі)

VII айналым. Көнерген сөздердің мағынасын білеміз бе?
Екі топ бір - біріне үйден дайындап келген көнерген сөздерін бір - біріне жасырады.
• Қазылар алқасы ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (танымдық, ойын), Елбасы, біздің
Просмотров: 145 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar