Біздің елдің жігіттері - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біздің елдің жігіттері
24.09.2015, 15:01
Тақырыбы: Біздің елдің жігіттері
Мақсаты:
1) ақынның шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
2) көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
3) балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Жоспары:
1. Есенқұл Жақыпбековтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру
2. «Ең үлкен ауыл» қойылымы
3. Өлеңдерін жатқа айту
4. Топтық жұмыс, постер қорғау
5. Ақынның өлеңдеріне жазылған әндерге шолу жасау
6. Ақынға арналған арнау өлеңдер
7. Қонақтарға сөз беру
8. «Жамбыл ауданы» әнімен аяқтау

Барысы:
Слайдта Есенқұл Жақыпбековтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру
Бақыт Дидар, Төленді Инара
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбеков 1954 жылы 19 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Суырып салма дарынымен танылған айтыскер еді. Есенқұл Жақыпбековтің алғашқы жыр жинағы «Қарлығаш» деген атпен 1984 жылы жарық көрді. 1990 жылы «Біз екеуміз», 1994 жылы «Жеріңе табын», 1996 жылы «Жанқисса», «Есіл дүние - ай», 1999 жылы «Біздің елдің жігіттері» және 2001 жылы «Бұл жаз да өтер» атты өлеңдер жинақтары жарық көрген. Сондай - ақ, «Тау басында кәрі қар» кітабының авторы. 1984 жылы республика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды. Көпшілікке танымал «Біздің елдің жігіттері», «Алдай - ау», «Өнер адамы», «Бақ пен Қызыр қонса да», «Өзіңді аңсап...», «Көк шыққанға бір қуанып» атты әндердің сөздерін жазған.

-------------------- орындауында Есенқұл Жақыпбековтың сөзіне жазылған «Өзіңді аңсап» әні
«Ең үлкен ауыл» қойылымы. («Сарғайған сары терезе» кітабынан үзінді)
Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділерді жатқа айтады.
«Тайгадағы қазақ»
«Саңырауқұлақ. Семей. Алматы»
Ауырмашы жүрегім
Алпысқа аяқ басқанда
Бір қуанып

Топтық жұмыс
- 1 - топ: патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдері туралы;
- 2 - топ: махаббат, сағыныш, өмір туралы жазылған өлеңдері;
- 3 - топ: ақиқат, шындық, адалдық туралы жазылған өлеңдері туралы өз ойларын постерде қорғау

Ақынның өлеңдеріне жазылған әндерге шолу жасау
Елдос
Айтыстың ақтаңгері, қолына үкілі домбыра мен қауырсын қаламды алма - кезек ұстаған лирик ақын Есенқұл Жақыпбектің «Біздің елдің жігіттері» өлеңі сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басында жазылыпты. Сол жылдары әнші - композитор Жәкен Омаровтың басына бір қиын іс түсіп, Жамбыл ауданының Қаныбек, Кеңес, Қапан, Есмахан, Тілектес, Әбен, Орынтай сынды рухы биік, бірлігі мықты жігіттері көмек қолын созып, тығырықтан алып шығады. Ішінде «Жетісудың желмаясы» Есенқұл Жақыпбек те бар. Күрмеуі қиын іс жоғарыда атын атап өткен жігіттердің арқасында шешіліп, жаны қиналғаннан әрі ризашылықтан алай - дүлей күй кешкен Жәкен Омаров Есенқұл Жақыпбектің үйінің ауласында отырып, «Есаға, егер мен басқа жерде болсам, тағдырымның не болатынын бір Құдай біледі. Сіздің елдің жігіттерінің шарапатын көрдім. Сіздің елдің жігіттеріне деген алғысымды қалай жеткізсем екен, жақсылығын қалай қайтарамын?» деп сұрайды. Сонда ақын «Сенің «Сіздің елдің жігіттері» деген сөзің әдемі екен. Мен «Біздің елдің жігіттері» деген өлең шығарайын, сен соған ән жаз» дейді. Сөйтіп, жарты сағаттың ішінде жаңа туындының тұсауы кесіледі. Туындының жазылғанына жиырма жылдан аса уақыт өтіпті. «Біздің елдің жігіттері» әр жылдары Жәкен Омаров, Ақан Әбдуәлі, Досымжан Таңатаровтардың орындауымен таралды.

------------------------- орындауында «Біздің елдің жігіттері» әні
«Алдай - ау» әнінің шығу тарихы
Әбіл Мадиярдың орындауында «Алдай - ау» әні
Есенқұл Жақыпбековқа арналған арнау өлеңдер
----------------------------- орындауында «Жаздың соңы» әні
Күміс күйме мінбеген,
Алтын түйме тақпаған,
Қарабайыр жарымның
Болғанына мақтанам.
Меңсұлу апамызға сөз береміз.
Қонақтарға сөз беру

Қорытынды:
«Менің даңқым айтыста қисық сөйлеп, жеңілумен шыққан» - деп ақын өз сөзінде айтқан еді. Бірақ сол қисық сөздерінің өзі ел аузына тез тарап кететін. Есенқұл «Айтыста шақпа ақын, жазбада ақпа ақын» деген теңеуге ие болған, өзінің артында оқырмандары бар, елдің тек алғысына ие болған ақын. Ақынның шығармашылығын насихаттау біздің парызымыз деп есептейміз. Артында оқырманы бар уақытта ақын ешуақытта өлмейді.
«Жамбыл ауданы» әнін орындау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жігіттері, елдің, біздің
Просмотров: 121 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar