Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
24.09.2015, 15:53
«Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар!
Бүгін Б - 28 тобында өткелі отырған «Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу.
Оқушылардың ойлау және ізденіс қабілеттерін дамыта отырып, сауатты жауап беруге икемділіктерін арттыру.
Еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беру.
Болашақ мамандықтарға байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Кіріспе: Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз.
Дүниежүзінде екі мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ заман талабына сай сол мамандықтардың бірі жойылып, бірінің мазмұны өзгерсе, енді бірі жаңадан пайда болып жатады. Елімізге қандай мамандықтар қажет? Рас, 90 - шы жылдардың басында экономика, заң саласындағы мамандарды дайындауға көп көңіл бөлдік. Мамандық қажеттілігі нарық талабына сәйкес өзгеріп отырады. Қазіргі кезде жаңа технология саласындағы мамандар, технолог, газ - мұнай саласындағы инженерлер, құрылыс мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау саласымен мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушыларына деген сұраныс азайған жоқ. Өйткені, олар қай кезде де керек мамандықтар.
Сондай - ақ бізде агроном, ветеринар, жалпы ауыл шаруашылығы мамандары жетіспейді. Тіпті космонавтика, атомдық ядро, энергетика салаларында мамандарымыз жоқтың қасы. Дегенмен, жастарымыз ауылшаруашылық саласын, техника, байланыс ісі, орта кәсіптік мамандығын таңдаса, жұмыссыздар қатарын толықтырмас па еді, кім білсін? Сол себепті де лауазымы мен табысына көп көңіл аудармай, қайта жүрегіңмен қалап түскен мамандықты оқып, жұмыс атқарсаң, қандай да бір нәтиже шығары анық. Жүрек қалауымен оқымаған адамнан болашақта жақсы маман шыға ма? Адамның отбасы, араласатын адамдары, өзінің сүйетін мамандығы болуы керек. Мамандық әрбір адамның қалауымен таңдалуы тиіс. Қазіргі таңда жақсы маман болу маңызды. Қазір қандай мамандарға зәруміз? Бізге банк қызметкерлері мен жақсы дәрігерлер, өндіріс пен ауылшаруашылық салаларындағы инженер, агроном, зооветеринарлық мамандар жетіспейді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: маманы, қабілетті, бәсекеге, Болашақтың
Просмотров: 414 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar