Cоңғы қоңырау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Cоңғы қоңырау
24.09.2015, 12:08
«Соңғы қоңырау» мерекесі
Жоспары:
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. АӘД - мұғалімінің мәлімдемесі
3. ҚР - ның Туын енгізу
4. Әнұран орындау
5. «Соңғы қоңырау» мерекесінің басталуы
Ж:- Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Міне, биыл алтын ұя мектебіміз тағы да бір салтанатты жиынға сап түзеді.

Ж. – Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіппіз ұстаздар, ата - аналар,
«Соңғы қоңырау» мерекесі тойымызға.

Ж. Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ енді сан түлек
Айтылар бүгін сан тілек
Егілер бүгін сан жүрек.

Ж: Думанды дүбір, ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы.
Мінеки, тағы бір жылды,
Сырғытып кейін тастады.

Ж. Мектебіміз соңғы сыңғырлаған қоңырау үнімен --- мектеп бітіруші түлектерін үлкен өмір жолына аттандырғалы отыр.

Ж. Үмітпен сәтті бақ тілеп,
Өмірдің тартқан өріне
Жалынды сәлем, ақ тілек
Мектеп түлектеріне,- деп биылғы мектеп түлектерін сынып жетекшісі Тілеуханова Сәния Серікқанқызымен мектеп төріне шақырамыз.

Музыка. Мектеп бітірушілер ақ мата жайылған жолмен келіп орындарына тұрады. Оларды 1 сынып оқушылары шар, гүлдермен қошеметтеп тұрады.

Ж:- Назар аударыңыздар! ҚР - ның туы енгізілсін!
Ту көтерушілер орындарына келген соң ҚР - ның Әнұраны орындалады.

Ж. Мектебіміздің дәстүрі бойынша ҚР - ның Туын 11 сынып оқушыларынан қабылдап алу 10 сынып оқушыларына ---------------------------------- беріледі.

Ту қабылданып алынады. 11 сынып оқушылары сапқа барып тұрады.

Ж: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Ж. Құрметті мектеп түлектері! Бүгін сендердің күндерін жүректерінде ерекше сақталатын күн. Себебі, бүгінгі соңғы қоңырау үні сендер үшін соңғы рет соғылмақшы!

Ж. Алдымызда тұрған мақсат - ҰБТ - ті ойдағыдай тапсырып оқуға түсу. Осындай үлкен жауапкершілік алдында тұрғанда егеменді еліміздің жалауын тік ұстап, еліне адал қызмет көрсететін жас жеткіншектерді тәрбиелеп жатқан мектебіміздің ұстаздар қауымының орны ерекше.
Мерекелік ән шашуын ------------------------------- жолдайды.

Ж: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды,
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды мектеп директоры баршаңды,- деп сөзді мектеп директоры Нұрғалиев Райым Жолдаспекұлына берейік.
Сөз мектеп директорында Рейтинг қорытындысы бойынша ұстаздарды марапаттау.
Ж. Қадірлі мектеп - бұл мектеп,
Оқыған ата - анамыз.
Атыңды сенің құрметтеп,
Әрқашан еске аламыз,- деп --------------------------- орындауында марапатталған ұстаздар үшін музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

Ж. Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстыру оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.
Оқу үздіктері мен белсенді оқушыларды марапаттау.
Ж: Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы бұйрықпен таныстыру үшін сөз тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі

Ж: Мектепке биыл күз келген
Оқушымыз қылықты,
Аяқтадық біздер де,
Бірінші міне, сыныпты.

Ж: Үмітпен сәтті бақ тілеп,
Өмірдің тартқан өріне
Жалынды сәлем, ақ тілек
Жолдайды 1 - сынып оқушылары
Мектеп түлектерін,- деп құттықтау сөзді 1 - сынып оқушыларына берейік!
Музыка. Оқушылардың құттықтауы

Ж. Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдер араласып, жүректері лүпіл қағып біздің түлектеріміз тұр.
Ж: Осынау сәтте шәкірттік сәттің соңы өмір жолының алғашқы қадамында тұрсыңдар. Мектеп қабырғасында өткізген 11 жылда қоңыраудың үні 20мыңнан аса қағылыпты.

Ж: Мектеп, мектеп!
Төңіректеп,
Жүруші едік,
Сұраушы едік,
Үй жұмысын бермесе!
Бүгін міне, үлкен болдық,
Он сегізге биыл толық,- деп түлектеріміз тұр. Сөз кезегі өздеріңде, түлектер!
Сөз түлектерде
Ж: Ұшырдың талай - талай түлектерді,
Толтырып қуанышқа жүректерді.
Ұстазым, бір өзіңе арналады,
Таусылмас дастандай боп жыр беттері.

Ж: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрғандай бір табиғат амандасып.
Киелі топырағың шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып,- демекші түлектер вальсіне шақырамыз.

Түлектер вальсі
Ж. Шешуші сәтте осындай
Өсиет әндер жаттар шын
Қуанышқа қосылмай
Ата - анаң қалай шет қалсын,- деп ата - аналар атынан 11 сынып оқушысы ---------------- ата - анасына сөз кезегін береміз.

Ж. Орынды көңіл толқыны
Түлектер сені ұғамын
Өзіңмен бірге толқулы
Сөз алсын енді мұғалім
Ата - анаңдай кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі, білікті,
Ол - ұстазың сүйікті,- деп сынып жетекшісі ------------------------- сөз кезегін береміз.

Ж: Өмір дегендей сынаптай сырғып өте шықты. Кеше ғана мектеп табалдырығын жасқана ашқан балалар бүгін 11 жыл білім нәрімен сусындап үлкен өмірге жолдама алмақшы. Бүгін олар үшін мектепте соңғы рет қоңырау соғылмақшы.
Бәрі сын, бәрі де шын,
Қоштасарда қоңырау да мұң
Мәнісін ұғарсың өткен күннің
Дауысын естігенде қоңыраудың,- деп қоңырау соғу рәсімін 11 сынып оқушысы ---------------------- мен 1 сынып оқушысы --------------------------------------- беріледі.
Соңғы қоңырау соғылады.

Ж: Қыран боп көкке самғаңдар
Атағың кетсін көп - көпке
Намысты ту ғып ұстаңдар,
Кір келтірмей мектепке!

Ж: - Назар аударыңыздар! ҚР - ның туы шығарылсын!
Ту шығарылады

Бояу музыка Ж: Қоштастыңдар балалық балдәуренмен,
Есейдіңдер, ер жеттіңдер біліммен.
Ұмытпаңдар ұстаздарды түлектер,
Қарсы айырылған сендер үшін жүректер.
Сәт сапар, түлектер!
Асулардан сүрінбеңдер, түлектер!
1 сынып оқушылары 11 сынып оқушыларын қолдарынан ұстап шығарып салады.

Ж: Қош, балалар! Жазғы демалысқа аттандық,
Білім алып, марапаттап, шаттандық
Болашақта жүрейік тек әрдайым,
Біз сіздерді, сіз біздерді мақтан ғып.

Ж: Қызықты каникул кезінде,
Асыр сап, қуандық, демалдық,
Сүйікті мектебім өзіңе,
Қуанып қайтадан оралдық,- деп қыркүйек айында аман - есен жүздесейік! Осымен «Соңғы қоңырау» мерекесі өз мәресіне жетті. Хош сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қоңырау, Cоңғы
Просмотров: 251 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar