Дарындылар додасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Дарындылар додасы
24.09.2015, 10:02
Тақырыбы: «Дарындылар додасы» (слайдымен)
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған, игерген білімдерінің деңгейін анықтау, қорытындылап бір жүйеге түсіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі 7 - сынып оқушылары арасында «Дарындылар додасына» қош келдіңіздер!
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен, ду қол соғып қоштайық.

Әр топтың атын атап, ортадағы орындарына жайғастыру.
Бүгінгі сайысымыздың бағасын беретін сарапшылармен таныстыру.
Сайысымыздың басын бір - бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сайыста бәрімізге күш - ұуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын.
Мен сіздерге сәттілік тілеймін.
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К
1. Сыйластық, сенімділік, сөзшеңдік
2. Әдептілік
3. Тапқырлық, тәкәппарлық
4. Төзімділік, табандылық
5. іскерлік
6. Лайық
7. Ізеттілік
8. Күштілік, көрегенділік

Додаға түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, білім табар ма?!
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға – сол алда!

Сайыс ҮІІ кезеңнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің анасы»
2. «Сұрақ - жауап»
3. «Өнерлінің өрісі кең»
4. «Өлең - сөздің патшасы»
5. «Бір ән – бір әлем»
6. «Өнерлінің өрісі кең»

1. «Сәлем – сөздің атасы»
Екі топтың топ басшысы өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
2. «Сұрақ - жауап» кезеңі
Бұл бөлімде 24 тест сұрақтары беріледі. Екі топ кезек - кезек ұяшық таңдау арқылы тапсырмаларға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз.
«Мен ешқашан елімді сатпаймын»
А) белгісіздік *б) жіктеу, болымсыздық в) жалпылау
2. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батыр
А) Райымбек б) Бауыржан в) Амангелді
3. Қасен мен Бейсенбай Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері
А) «Қорғансыздың күні» *б) Көксерек в) Оқыған азамат
4. Сүйінбайдың шәкірті болған ақын
А) Абай Құнанбайұлы б) Дулат Бабатайұлы *в) Жамбыл Жабаев
5. Қамбар батырдың жары
А) Қарашаш б) Нұрғаным *в) Назым

6. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман?
*А) М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» б) С. Мұқанов «Өмір мектебі» в) С. Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу»
7. Алпамыс батырдың тұлпары
А) Құлагер *б) Байшұбар в) Шалқұйрық
8. Махамбет шығармасын көрсетіңіз
*А) «Тарланым» б) «Аягөз қайда барасың?» в) «Ақын ініме»
9. «Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!» Үзінді қай өлеңнен алынған?
А) А. Байтұрсынов «Екі шыбын» б) С. Торайғыров «Бір адамға» в) Ш. Құдайбергенов «Мал жимақ»

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дарындылар, додасы
Просмотров: 157 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar