Дарындылар додасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Дарындылар додасы
24.09.2015, 14:35
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп.
География пәнінің мұғалімі Нұрмұханова Қарлығаш

«Дарындылар додасы» интеллектуалды сайысы
Мақсаты: Оқушылардың танымдық – тапқырлық дағдысын жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
II. Ұйымдастыру.
1.1 Қатысатын топты таныстыру (5 оқушы қатысады.)
1.2. Әділ-қазылар алқасын сайлау.
1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына,
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан география пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Дарындылар додасы» білім сайысына қош келдіңіздер! Жарысқа қатысқалы отырған екі топқа сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейік.
1. География пәнінің мұғалімі:
2. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сайысқа 2 топ қатысады. Ортаға 6«А» сыныбынан құралған «Алғырлар» және 6« Ә» сыныбының «Тапқырлар» тобын шақырамыз.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру. Әр топ басшысы өз ұрандары мен топтарын таныстырады.
2. «Тіл өнері»
3. «Сурет жұмбақ»
4. «Арқан тартыс»
5. «Ауыстырмақ»
6. «Жеті жұмбақ»
Ендеше сайысымызды бастайық.

1-ші кезең: Таныстыру. Әр топ басшысы өз ұрандары мен топтарын таныстырады. (10ұпай)
Жүргізуші: Мақал –мәтел қазағымның мұрасы,
Мақал білген қазағымның баласы.
Мақал айтып жарысады екі топ,
Қай топ мақал мәтелді көп айтады?

2-ші кезең: «Тіл өнері» яғни, мақал-мәтел жарысы. Қай топ бірінші табады, сол топқа 10ұпай.
1. Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)
2. Бір тал кессең, (он тал ек)
3. Орман – ел дәулеті, (жер сәулеті)
4. Атаңнан мал қалғанша, (тал қалсын)
5. Дала көркі мал, (өзен көркі тал)
6. Сулы жер құрақсыз болмас, (тау бұлақсыз болмас)
7. Сулы жер – (нулы жер)
8. Арманымен ер сұлу, (орманымен жер сұлу)
9. Байлықтың атасы – еңбек, (анасы – жер)
10. Бұлақ көрсең - (көзін аш)

3-ші кезең: «Сурет жұмбақ» экранда берілген суреттерді табу керек.
1. Ұлы Қытай қорғаны
2. Эйфель мұнарасы
3. Сарқырама
4. Гейзер
5. Жұмбақтас
6. Бәйтерек монументі
7. Сидней
8. Каспий теңізі
9. Айсберг
10. Жанартау

4-ші кезең: «Арқан тартыс »
2030-дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан достар-ау дарынды қарайсың
Алынбас қамал жоқ шыңдайын жігер

Әр команда өзінің дайындап әкелген 5сұрағын бір-біріне кезекпен қояды. Сұрақтар «Ең, ең, ең» тақырыбында болу керек.

5 - кезең: «Ауыстырмақ»
Келесі сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс географиялық сөз құрастыру қажет. әріптер өз орындарын адастырған сол географиялық терминдерді орнына өте шапшаңдықпен орналастыру қажет, бірінші болған топ, жеңіске жетеді.
ИАНМЕДРИ - МЕРИДИАН
РТОКВЭА - ЭКВАТОР
СОПМАК - КОМПАС
ЛАПЬРЛЕАЛ - ПАРАЛЛЕЛЬ
ЮПЛОС - ПОЛЮС
САПТАС - ПАССАТ
НОСМУС - МУССОН
ФАЙТНУ - ТАЙФУН
ДОНАРОТ - ТОРНАДО
ЛАНКУВ - ВУЛКАН

6-ші кезең: «Жеті жұмбақ».
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

Әр топ 2 конверттен таңдайды. Онда қызық жұмбақ жасырылған, егер таба алмаған жағдайда көмек сұрақтарына жүгінуге болады. Бірақ ұпай саны кеми береді.
1-СҰРАҚ: Олардың көлемі 20см, салмағы - 1,5кг-ға дейін. (50)
Көмек сұрақтар:
1. Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді (30)
2. 2.Әсіресе, бұл құбылыс ауыл шаруашылығына өте қауіпті (20)
3. 4.Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болып келеді (10)

Жауабы: Бұршақ
2-СҰРАҚ:Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек (50)
Көмек сұрақтар:
1. Оның формасын оның шығу тегімен байланыстырады (30)
3. Олар ащы және тұщы болады (20)
4. Оның қалыптасуына нақты жағдайлар қажет, суды сақтай алатын ойыс қажет (10)
Жауабы: Көл

4-СҰРАҚ:Кейде күн сәулелері бұлтты немесе жаңбырды жарқырататыны соншалық, олардың бедерінде, дәл кино экрандағы сияқты ерекше бейнелер пайда болады (50)
Көмек сұрақтар :
1.Атмосферадағы жарқын оптикалық құбылыстардың бірі (30)
2. Бұл құбылыстың орталығы Күнге қарсы нүктеде, сондықтан бұл құбылыстың төменгі жағы көрінбейді - Жер кедергі келтіреді (20)
4. Жазықтықта бұл доға түрінде болады (10)
Жауабы:Кемпірқосақ

5-СҰРАҚ:Бұл құбылыс литосфераның, атмосфераның және гидросфераның пайда болуында маңызды рөл атқарған. (50)
Көмек сұрақтар:
1. Мұхитта да құрлықта да кездеседі (30)
2. Ыстық газдан, будан, күлден, тастан тұрады(20)
4. Везувий, Ключи шоқысы, Эльбрус. (10)
Жауабы:Жанартау

III. Марапаттау.
IV.Қорытынды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дарындылар, додасы
Просмотров: 240 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar