Әдеби-монтаж «Тілім –таусылмас жырым!» - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдеби-монтаж «Тілім –таусылмас жырым!»
24.09.2015, 10:03
Әдеби - монтаж «Тілім – таусылмас жырым!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер - топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі.
Қ. Р. Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім:
- Ақ түйенің қарны жарылып, 1991 жылы еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болдық.
«Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз, көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет, бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге керек деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай біз сияқты мемлекеттің даму болашағының бір көзі халықтарының бірлігі».
«Қуан халқым,
Қуанатын күн бүгін!
Тіл заңының күшіне енген күн бүгін»- деп ақындарымыз жырлағандай 21 – қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні.
2 – мұғалім:
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқала
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр, әрі қасіретті болса да,
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған
Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы – деп, М. Шаханов жырлағандай, халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!
1 - оқушы: Сәлем, достым!
2 – оқушы: Сәлем, қалың қалай?
- Жақсы! Достым, бүгін 5 - сынып оқушылары осы жерге не үшін жиналғанын білесің бе?
- Я знаю, для чего собрались сегодня все здесь. Все мы собрались для того чтобы отметить «День языков народов Казахстана» который празднуется в нашей стране с 1998 года.
- Қадірлі, ұстаздар мен оқушылар! Осы мерекеге арналған әдеби монтажымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
- Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: –таусылмас, жырым!», Әдеби-монтаж, «Тілім
Просмотров: 206 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar