Әдемі сөз – әдептілік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдемі сөз – әдептілік
24.09.2015, 13:57
Сабақ тақырыбы: Әдемі сөз – әдептілік
Сабақтың мақсаты:
• Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
• Балалардың сыйластық туралы ақыл - ойын ояту.
• Үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: Сюжетті суреттер, музыка, слайд, ролик
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Топта ән ойнап тұр. Балаларды достық шеңберге шақырып, қонақтармен сәлемдесу.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз.
Амансыз ба? Сәлеметсіз бе?
Тренинг: «Мен қандаймын?»
Балалар жауабы: әдемі, ақылды, мейірімді, әдепті.
Тәрбиеші:
Сендер қандай сұлу, мейірімді, ақылды балаларсыңдар. Балалар, біз бүгін әдептілік, сыйластық туралы айтамыз. Айтыңдаршы әдептілік дегеніміз не?
Әдептілік дегеніміз –
үлкендерді сыйлау,
бір - біріңді ренжітпеу,
кішкентайларды аялау,
жаман сөз айтпау, әдепті болып жақсы істер жасауымыз керек.
Олай болса балалар, әдептілік жайында не біледі екенбіз?

Жанерке:
Сәлеметсіз бе ағай деп, Сәлеметсіз бе апай деп,
Есенсіз бе әжей деп, амансыз ба, атай деп,
Ұл - қыз сәлем береміз, өнегелі өренбіз!
Құралай:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.

Тәрбиеші:
Жанерке мен Құралай бізді амандасудың түрлерімен таныстырды. Ал балалар әдептілік дастархан басына отырудан басталады екен. Ендеше дастархан басындағы әдептілік жайында Нұрай айтады.

Нұрай:
Дастарханның басында
Әдептен біз озбаймыз.
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз
Тәрбиеші:
Нұрай, дұрыс айтады балалар. Дастархан да отырғанда әдепті болып, үлкендерден бұрын қолды созуға болмайды. Әдептілік жөнінде ереже бар:

1. Дастархан басына кешікпеген жөң.
2. Тамақ ішерде бәріне, «Ас дәмді болсын!» деп тілек білдіру керек.
3. Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс.
4. Тағамды езгілемей, тауысып ішу керек.
5. Ас үстінде сүрткішті қолдану керек, нанды үгітпе, қабығымен бәрін же.
6. Дәмді тағам үшін алғыс айтуды ұмытпа.

Жәния:
Сықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шаңышқыны сол қолмен.
Томирис:
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же
Айсая:
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.

Ойын: «Біз көңілді баламыз»
Слайд көрсету

Тәрбиеші:
әдептілік, адамгершілік туралы тақпақтар айтамыз.
Аружан:
Анаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Балалар: «Рахмет!» - деу керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сөз, Әдептілік, Әдемі
Просмотров: 238 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar