Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
24.09.2015, 13:52
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Мақсаты: Оқушыларымызды жат қылықтардан сақтай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, ізгілік пен мейрімділікке баулу. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көптеген ой саларлық суреттер мен нақыл сөздер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»
Құрметті көрермендер «Дені сау ұрпақ - Отанның сенімді тірегі» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:
Жоспар (слайд)
I Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
А) жұмбақ кейіпкер
Б) жағдаяттар
II Зиянды әдеттер
III Ас адамның арқауы
IV Адам әрекетінің ақ - қарасы (топпен жұмыс)

Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың, жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Оқушылар жауабы.
Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен. Соны оқып көрсек.
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
Жұмбақ кейіпкердің хаты, қымбатты оқушылар, 14 - 15жасында үлкен бір өкінішке тап болғанын айтады. Сол 8 - 9 сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 – 15 жасым ауыр кез екенін мен сіздерге әңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Отанның, ұрпақ, тірегі, Дені, сенімді, САУ
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar