Дені саудың - жаны сау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Дені саудың - жаны сау
24.09.2015, 15:08
Сынып сағаты: Дені саудың - жаны сау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

Оқушылардың өмірге, әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру дамыту.
Құралдар: 2 доп, қол күресіне арналған үстел, дартс, қой асықтары.

Өтілу орны: Спорт зал.
Өтілу барысы:
І-ж: Құрметті 3 «Б» сыныбы оқушылары. « Дені саудың жаны сау» атты сынып сабағымызға хош келдіңіздер..
2-ж: Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырың сен ұқсаң,
Жалқаулық досың болмағай

1 ж: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда –
1 ж:- Бүгінгі сынып сағатымызда: «Денсаулық» тобы, «Шымыр» тобы,
өнерлерін тамашалаймыз.

Әділ- қазы алқасы сайланады.
ІІ-ж: - Енді әр топтың таныстыру сәтіне кезек береміз.
Іт. Біздің топтың аты: «Салауаттылық»
Ұранымыз : « Салауатты өмір салтын сақтайық, Ел үмітін ақтайық»
ІІт. Біздің топтың аты: « Шымыр»
Ұранымыз : « Шынықсаң - шымыр боласың»

1-ж: Сайысымызды бастамас бұрын «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- Қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?
Бала:- Қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- Ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Әр топ ақылдасып, өз ойларын айтады. Әділ қазы алқасы пікірлері құнды шыққан топтарға ұпай береді.

2 ж. Келесі сайысымыз - үй тапсырмасы деп аталады. Қазір әр топ денсаулыққа пайдалы, зиянды әдеттер туралы сөз қозғайтын болады. Жеребе арқылы топтар таңдаған тақырыптарын қорғайды.
1-жүргізуші: «Бірінші байлық - денсаулық» деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі әр адамның хал ахуалы «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт.

2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиясында: «Қазақстан азаматтары мен балаларымызды құқығын қорғайтын, борышын биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет: біздің оқушыларымыз дені сау, саналы білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өтуі тиіс» - деп айтқан болатын.

1-ж: Қазір оқушылардың хабарламаларын тыңдап алайық.
2 оқушы хабарлама жасайды:
1- Оқушы: Халық даналығында «Денсаулық - зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден - ақ білген.

2- Оқушы: Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі сабақ береді, қабілетін анықтап, қай спортқа талабы барын қадағалап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, дойбы, хоккей, бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Үлек пен тайлақ», «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

1-ж: Олай болса, кезекті спорттық сайыстарға берелік.
І. Қол күрес – білек күштерін сынау. Бұл кезеңде сайыскер топтан 3 оқушыдан шығып әр бір мүшесі қарсы топтың әрбір мүшесімен қол күрестіреді. (Жеңген топтың мүшесін хабарлап отыру қажет)
ІI. Келесі кезең «Әтештер» сайысы деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер шеңберден бір- бірін итеріп шығаруы қажет. Әр топтан 3 оқушы шығады.

ІІI. Дартс – 3 дартс жебесін 3 м жердегі нысанаға тигізу. Нысанаға қадалмаған дартс жебесі есепке алынбайды. Әр топтан 3 оқушыдан шығады.
ІV. Эстафеталық жарыс - белгіленген межеге дейін жүгіріп бару.
V. Эстафеталық жарыс - белгіленген межеге дейін жүгіріп доп апару.
VІ. Допты бастан беру.
VII . Допты аяқ арасынан беру.
VIII. Асық ату.

Қорытынды: - Сайыстың қорытындысы айтылады.
1-ж: Мен «Салауаттылық » тобына сұрақ қойғым келіп тұр.
Денсаулық дегенді қалай түсінесің?
Денсаулықтың, аяғыңның, тісіңнің қадірін қашан білесің?
Тіс дәрігерін кім деп атайды?
2-Ж: Мен «Шымыр» тобына сұрақ қойғым келіп тұр.
Жеке бас гигиенасын ата
«Тазалық - денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесің?
Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіз?

1- ж: - Уақытын босқа өткiзетiн адам жалығады, жаны шаршайды. Мұндайда оның жаны темiрдiң тотығуындай тот басады. Сол үшiн спортпен , сергек қимыл-әрекеттермен айналысу қажет. Рұқсат етілген спорт түрiмен айналысу адамның сергiп, жан-тәнiнiң тынығуына жол ашады. Өмiрiмiздiң бос уақыттары спортпен толықтырылғаны құба- құп..

2-ж: Спорттың пайдалары әр түрлi: дененi шымыр қылады, дұрыс тәрбиеленуге септiгiн тигiзедi, басқа адамдармен қарым-қатынастар орнатуға жол ашады, бойында сенiмдiлiк пен шыншылдықты дарытады, өзiн-өзi қолға алып, шығармашылық қасиеттерiн күшейтедi. Айта кетсек, спорт өмiрде өз орнын табуға, тұлға ретiнде қалыптасуға, қоршаған ортамен қатынас арқылы өз күшi мен неге шамасы жететiнiн түсiнуге итермелейдi.

1-ж: - Спорт адамға кiшiпейiл, кешiрiмдi болуға, сәттiлiктер мен жеңiстi қарапайым қабылдап, тәкәппарланбауға үйретедi. Осыған қоса, басқа түскен қайғылар мен жеңiлiстерге қарсы сабырлыққа бейiмдейдi. Сол арқылы, қандай жағдай болмасын, адам үмiтсiздiк тұманында адаспай сыртқы әлемнен оқшаулыққа түспей әрi өз қателiгiн ешкімнен көрмей саламатты өмiр сүрудi насихаттайды.

Екеуі бірге: Салауатты өмір салтын сақтаймыз
Жас ұландар, ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз
Соңынан, оқушылар сынып сағатынан қандай ой түйгендерін ортаға салып, күн тәртібін дұрыс орындау, таза ауада көп жүру, т.с.с. өздеріне осы сабақ қандай әсер қалдырғаны туралы сөз қозғайды.

Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Дені, жаны, САУ, саудың
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar