Денсаулықтың достары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Денсаулықтың достары
24.09.2015, 14:22
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Денсаулықтың достары
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыртатынын, одан бойын аулақ ұстау жақтарын ертегі арқылы дәлелдеп түсіндіру.
Оқушыларды мектеп партасынан –ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортада тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі
Жүрісі: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды ертегіге дайындау.
ІІ.Негізгі бөлім
Ертегі
Денсаулықтың достары
Автор: Ерте-ерте ертеде,
Ең әдемі өлкеде,
Денсаулық атты хан бопты,
Жайдарлы мінез жан бопты.

Халқының қамын ойлапты,
Ойларына ой сапты.
Қайғысына қайғырып,
Қуанышын тойлапты.
Тамашалап көруге
Қонақтар келді алыстан.
Темекі:
- Естіп, біліп жатырмыз,
Хан екенсің "арыстан"
Автор:
Қонақтарың құрметпен,
Қарсы алыпты, жайлапты.
Білу үшін жақыннан,
Танысуды ойлапты.

- Алдымен ортаға Арақ шығыпты.
Арақ:
Мен арақпын, арақпын,
Мәңгілікке бәрімен,
Дос болуға жараппын.
Көтеремін көңілді,
Кіргіземін өңіңді.
Дос болсаңдар менімен,
Сүйесіңдер өмірді.

Темекі:
Менің атым-Темекі,
Қолымнан бәрі келеді.
Жағымды иіс, түтіннен,
Соңымнан бәрі ереді.
Еріккенде адамға,
Табыламын әманда,
Қолымды алса, жаман ба?!
Есірткі:
Мен-Есірткі батырмын,
Тармағы көп атымның,
Жақын тартса кім мені,
Ұмытар қайғы атын тым.
Білсеңіздер бұл да бір
Мықтылығы затымның.
Автор:
Таныстырды осылай,
Қонақтар келген өздерін.
Денсаулық
Патша олардың,
Тыңдапты ұйып сөздерін.
Хан:
Пайдаларың тисе егер
Тұра берің сарайда
Көмек қолын созатын
Дос болыңдар, жарай ма?!
Автор:
Есірткі, Арақ, Темекі,
Оларға сол ғой керегі.
Оңашада отырып,
Қылды ханды келекі.

Сарайды темекі шарлады,
Көк түтінмен улады.
Арақ ішіп, мас болған
Адамдар күліп, шулады.

Есірткіге егіліп,
Нашақор болды желігіп.
Апиын, көкнәр түрлері,
Адамға жатты беріліп.

Азып кетті аз күнде
Сарай іші осылай.
Береке кетті ханнан да,
Бұл, болмаған тосын жай.

Денсаулық патша сасады.
Дегбірі әбден қашады.
Басы айналды, дел-салдық,
Еріншектік, енжарлық,
Иығынан басады...

Сарайға кірді бір күні,
"Ақыл" атты қария.
Сарайдың азып тозғаны,
Болған елге жария.

Ақыл:
Денсаулық патшам бұның не?
Демексің қалай еліңе.
Аздырған сені не жағдай,
Аз ғана уақыт ішінде.

Автор: Білмеді патша не дерін,
Айта алмады себебін.
Есіне алды жай ғана,
Бақытты өткен күндерін.

Түсініп Ақыл мән-жайды,
Алдырды тез арада
Қонақтарды жай-жайғы.

Арақ: Мен арақпын, арақпын,
Жолаған жанға азаппын
Отбасыңды ойран ғып,
Тартқызамын азап, мұң
Ха-ха-ха

Темекі:Менің атым-Темекі,
Қолымнан бәрі келеді.
Түтініме улаймын,
Өкпеңе смала жинаймын.

Сарғайтамын тісіңді,
Бастырмай алға ісіңді,
Бұзамын жүйке жүйесін.
Сонда ғана сен менің,
Зиянды екенімді білерсің.
Хе-хе-хе

Есірткі: Мен Есірткі батырмын.
Мол ақшаға сатылдым.
Қолданған мені адамның,
Өмірін қиып жатырмын.

Зияным көп адамға,
Жақсылық жоқ санамда.
Пайдаланған мені адам,
Нашақор болар, табанда.
Ха-ха-ха

Хан: Не деп кетті мыналар,
Жан бар ма екен жазалар?
Зиян болған үшеуін,
Дереу қане, ұстаңдар!

Автор:
Жан керек-ау батылды,
Күштері көп, басымды,
Жанында жүрген достарын,
Көмекке Ақыл шақырды.

Білім, Еңбек, Спортта,
Жүгіре жетті жанына.
Ұстап алып үшеуін,
Тастады терең зынданға.

Білім: Мен біліммін, керекпін,
Жақсы істерге себеппін.
Оқу, ғылым, біліммін,
Дос болыңыз демекпін.

Еңбек: Дос болған адам менімен,
Қиындықты жеңеді,
Еңбек етсең ерінбей,
Тоқ боларсың үнемі.

Спорт:Спортты серік етіңіз,
Мақтаулы сөздер естіңіз.
Талайы биік шыңдарға,
Менімен бірге жетіңіз.

Ақыл:Не дегені, бұлары,
Дейін қалай сөздерің
Мына маған ұнады.
Еңбек, Спорт, Біліммен
Адам жаны толады.
Айрылмастай жүріңдер
Айтсын ел-жұрт сендерді
Денсаулықтың достары...

Жайма шуақ күн кешіп,
Жүріп жатты ел-жұрты.
Татулық, бірлік жарасып,
Ел болыпты ең мықты.

ІІІ.Қорытындылау.
- Ертегіден бойларыңа қандай жақсы , ізгі әдеттерді сіңірдіңдер?
- Оқушылар зиянды заттарды ажырата білеміз бе?
Зиянды заттардан аулақ болу қажет екенін естен шығармағанымыз жөн. Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, қатынасушы оқушыларды марапаттау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: достары, денсаулықтың
Просмотров: 169 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar