Әдеп жолы әріден басталады - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдеп жолы әріден басталады
24.09.2015, 14:02
Тәрбие сағаты "Әдеп жолы әріден басталады"
Мақсаты:
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөйлеу мәдениетін, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуі, дұрыс киінуді білу, оқушы мәдениетін сақтауды үйрету.
Тәрбиелік: Студент - жастарға, адамгершілік, кішіпейілділік, бауырмалдық, ұқыптылық, дұрыс сөйлеу мәдениетін беру, баулу, тәрбиелеу.
Үлкенге - құрмет
Кішіге - ізет
көрсетіп, үлкенді силап, қадірлеп, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдеп жолы әріден басталады», слайдтар, қазақ халқының ұлы даналарының нақыл сөздері, плакаттар, кітап көрмесі.
Техникалық құралдар: Мультимедия

Іс - шараның өтілу барысы:
1. Іс шараның ашылу салтанаты
2. Топ жетекшінің кіріспе сөзі
3. Жоспарлы іс - шараның жүру барысы
4. Іс - шараны қорытындылау

Іс - шараның жүргізушілері: Скакова Айгерим Ниязханқызы (арнайы пәндер оқытушысы) Қайырбаев Еділ Бейсембекұлы (арнайы пәндер оқытушысы)

1 - жүргізуші: Арнайы пән оқытушысы - Скакова А. Н.
Армысыздар бүгінгі кешке қатысып отырған оқытушылармен студенттер, біздің өткізіліп отырған іс - шарамыздың негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырған Әдеп жолы әріден басталады деп даналарымыз айтқан екен, ендеше Іс - шарамыздың негізгі мақсаты: біздің студент - жастарымызға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жол: әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу. Өйткені қоғамдағы ең бағалы адам - ол әдепті адам. Әдепті адамдар - қоғамның ең баға жетпес байлығы әрі мәртебесі екендігін айтып түсіндіріп, жас ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі студент – жас, ертеңгі мәдениетті маман болатындығын естеріне салу. Өз ұлтымыздың баға жетпес салт - дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, өнерін жастарға жеткізу.

2 - жүргізуші: Этикасы - қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекенжайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түркі халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб - мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып
жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль», «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер өмір сүру барысында қалыптасқан мінез - құлық, іс - әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет - ғұрып деген мағынаға ие болған.

І - жүргізуші: Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық - логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік - адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аудару арқылы енеді. Этика - ғылымның маңызды саласы, әдеп - қоғамдық алғыштардың саласы, адамгершілік - адамның ар - ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы.
Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана - сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым - қатынастардың түрі. Адамгершілік - жеке тұлғаның еркіндігі, оның жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептерімен үйлескен шығармашылық бағытының саласы деп, 31 МВС топ студенті «Әдеп жылы, әріден басталады» атты сыныптан тыс тәрбиелік іс - шараға өзінің шығарған өлеңін оқып беруіне ортамызға шақырайық.

Әдеп жолы, әріден басталады.

Әдептілік ар - ұлтым намысым
Әдеп жолы, әріден - ақ басталар
Әдесіздер ар - ұлтты танысын
Білмей жатыр әліде оны басқалар

Болса егер әдептілік бойыңда
Мәдениет, өркениет тоғысқан
Сақтап қойған әдептіні ойыңа
Салт - санамен әдеп ғұрып толысқан

Сақтаған ғой ата - бабам әдепті
Дәлелді де мағыналы дәйекті
Солар салған сара жолмен ізетті
Сөйлемеп пе еді салмақты сөз мәйекті

Ойлап тұрсаң ойлары көп өзекті
Сабырлықтың берері көп ұтарға
Талаптыға болсын кез деп әдепті
Айтпап па еді даналығын Мұхаң да

Сөз сөйлесем әдепті сөз қанатты
Ұлылардың ұлағатын ұлықта
Сақтағайсың сабырыңды жас ұрпақ
Ешқашанда әдебіңді ұмытпа.

2 - жүргізуші: Қайырбаев Е. Б. Енді 31МВС топ студенттерінің дайындап келген қазақ халқының ұлы ойшылдарымен ақын - жазушыларының даналық – нақыл және қанатты сөздеріне кезек берейік.

1. Студент: Ғалымова Ақерке (слайд)
Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп – оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай - ақ келеді - дейді. Иоган Гете
2. Студент: Жақан Әнира
«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз» - дейді, Әбу Насыр әл Фараби
3. Студент: Нурбекқызы Пәридаш
Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен – кішіні сайлау - инабаттылықтың көрінісі - дейді, қазақ халқының дарынды жазушыларының бірі
Ғабиден Мұстафин
4. Студент: Сайран Айтуған
Дөрекі болу - өз басынының қадір – қасиетін ұмыту деген сөз - дейді ұлы орыс халқының жазушысы дейді, Н. Г. Чернышевский

1 - жүргізуші: Осы бағанадан айтылып жатқан қазақ халқының ұлы ойшылдарымен ақын - жазушыларының даналық – нақыл және қанатты сөздері айтылып жатыр, ендігі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып табылатын мақал - мәтелдер үлкен философиялық ойлардың маржаны іспеттес, бүкіл адамзат тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Сондықтан ендігі кезекті 31МВС топ студенттерінің әдепке байланысты дайындап келген мақал - мәтелдеріне кезек берейік.

1 - студент: Заупан Гүлнара
Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.
2 - студент: Ғалымова Ақерке
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
3 - студент: Мұхамадиев Ернур
Әдепті бала
Ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала
Ата - анасын қақсатар.
4 - студент: Сағдолдин Ұлан
Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені,
Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
5 - студент: Жақан Әнира
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
6 - студент: Сайран Айтуған
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
7 - студент: Жанарбек Шариден
Әдептілік, ар - ұят -
Адамдықтың белгісі.
8 - студент: Нүкежанов Олжас
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.
9 - студент: Ұлан Нарбол
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.

2 - жүргізуші: Ұлан Нарболдың айтқан мақалы өте орынды соған байланысты 31МВС топ студенттерінің дайындап келген «Әдепсіз баламен әдепті бала». көріністерін тамашалайық.
Көрініс: «Әдепсіз баламен әдепті бала».
1 - жағдайы.
Әже: (Мейрамгүл) Әже шаршап сөмкесін көтеріп келе жатады.
Әдепсіз бала:( Ернұр) Әдепсіз бала андып тұрады ауызда темекі «Әже, қане көмектесіп жіберейін» деп қолындағы сөмкені алып қашады.
2 - жағдайы.
Әже:(Мейрамгүл) Әже шаршап сөмкесін көтеріп келе жатады.
Әдепті бала (Досжан) Әдепті бала әженің алдынан шығып, әже сөмкеңізді маған беріңіз деп, көмектесіп сөмкесін көтерісіп кетеді.

1 - жүргізуші: Осы бүгінгі сыныптан тыс тәрбиелік іс - шарамызда айтылған «Әдеп жолы әріден басталады» деп бүгінгі жастарымызға адамгершілік, инабаттылық, сыйластық жөнінде қазақ халқымыздың дарынды жазушылардың нақыл сөздерімен мақал - мәтелдер бойынша қаншама мағлұматтар алдық деп ойлаймын, келесі кезекті бейне баянға назар аударыңыздар!
(бейне көрініс)

1.«Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде». Осы мақал - мәтелдің мағынасын қалай түсінесіз?
2.«Жалпы адамгершілік және имандылық» дегенді қалай түсінесіз?

1 - жүргізуші. Бүгінгі сыныптан тыс тәрбиелік іс - шараны қорытпай тұрып бүгінгі іс - шараның қонағы №19 мектептің психологы, және осы өзіміздің құрылыс колледжінің әлеуметтік педагогы Шынар Ахметжанқызына сөз кезегін беріп, бүгінгі өзіміздің жастарымызға, студенттерімізге бір - екі ауыз сөздеріңізді айтып берсеңіздер.

2 - жүргізуші: Осы бүгінгі психологпен көрермендердің сұрақтарға жауа бергеніндей адамгершілік, сыйластық жағынан алатын болсақ, алысқа бармай - ақ өз колледжіміздің ішінде студент - жастарымыздың таза жүру, қалай болса солай сөйлеуі, және оқушы мәдениеті ол не? Ол дұрыс мәдениет тілімізде сөйлеуі, дұрыс киінуі, өзін - өзі тәрбиелеу

1 - жүргізуші: Сіздерге этика туралы көп мағлұматты 31МВС топ студенттері өз ойымен ұлы ғұламалар мен ақын - жазушыларының қанатты нақыл сөздерімен жеткізе алды деп ойлаймыз. Жалпы этиканы қорыта келе, әдеп - инабат, адамгершілік, адамдардың бір - бірімен қатынасы айтқан қанатты нақыл сөздер өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Сондықтан адамгершілік нормалары әуел бастан, адамдардың өмірге деген көзқарасы, ерекше болу керек дейміз.
Жақсы болса, кез келген адамның көзі қуанады, марқайып қаласың! Еңбегіміздің еш бағаламағанын көрерміз.
Осымен сыныптан тыс тәрбиелік іс - шарамыз өз - аяғына тәмәм, назарларыңызға көп рахмет.
Соңы.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әріден, басталады, жолы, Әдеп
Просмотров: 261 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar