Әдепті бала- арлы бала - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдепті бала- арлы бала
24.09.2015, 11:16
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Байхожа елдімекені
№258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы

«Әдепті бала арлы бала»
Тәрбие жұмыстың мақсаты:
1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, әдептілікке үйрету. Әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе сөз.
- Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біз бүгін «Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек», - дегендей,
Оқушыларымызды жамандықты пен жақсылықты,әдепсіздік пен әдептілікті, әдемілікті ажырата білуге үйрету мақсатында «Әдепті бала, арлы бала» атты жиынымызға жиналып отырмыз.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының, үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу белгісі екен.

1-бөлім « Не деу керек?»
1-оқушы:
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не барып жеу керек?
Хормен: «Рахмет, апа!» деу керек.

2-оқушы:
Балалар жүр көшеде,
Естілді шу – айхай.
Сенде шықтың досыңды,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Хормен: «Кешіріңіз» деу керек.

3-оқушы:
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір апайың
Ұмыттың сен не деуді?
Хормен: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

2– бөлім. Сұрақ – жауап
4 – оқушы:
Ілгек түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынар,
Құспен, малмен жарысар
Ол қандай бала? (қиқар бала)

5 – оқушы:
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей нақыл сөзіне.
Үлкендермен таласар,
Дәлел тауып өзіне.
Ол қандай бала? (жалқау бала)

6 – оқушы:
Дәптер, сөмке бәрі де,
Дал-дал болып жыртылған.
Сия төгіп бантіне,
Шимай салған сыртынан
Ол қандай бала?(салақ бала)

7 – оқушы:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп жол берем.
Ол қандай бала? (әдепті бала)

8 – оқушы:
Жүрем тура жолменен
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін
Ол қандай адам? (әділетті бала)

9 - оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтпай сөзімді,
Желпінбеймін ешқандай
Ол қандай бала? (кішіпейіл)

Мұғалім сөзі:
1 Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: «Ұқыпты екен бұл» дейміз

2 Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы.
Кім дейміз?
Хормен: «Үлгілі екен бұл» дейміз

ІІІ- бөлім
Әдептілік ар – ұят,
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат.
Надандықтың белгісі, - дей келіп, қазақтың ырым - тиымдарына кезек берейік:
Бүйіріңді таянба.
Үлкеннің алдын кеспе.
Үлкеннің сөзін бөлме.
Үйге қарай жүгірме.
Жалғыз ағашты кеспе.
Күлді баспа.
Түнде тырнақ алма.
Малды теппе.
Ақты төкпе.
Босағаны керме.

VI бөлім
Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» атты өлеңін мәнерлеп оқу.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: арлы, бала-, бала, Әдепті
Просмотров: 255 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar