Әдепті өмір сүруге үйрен - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдепті өмір сүруге үйрен
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:53
Мақсаты: Оқушылардың бойына қарапайымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіре отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, мәдениетті бола отырып, әдепті өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Әдептілік туралы жалпы мәлімет;
• Жанұяда, мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға дағдыландыру;
• Отандарыңыз әдепті азаматтары болуға, үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Пікірталас, жағдаяттарды шешу, сұрақ жауап, постер жасау.
Көрнекілігі: АКТ (слайд, видео), нақыл сөздер.
Технология: СТО

Топтық жұмыс жасау ережелері:
 «Талқылауды мұқият тыңдаңыз»
 «Ойлағаныңды ортаға сал»
 «Мұғалім де, оқушы да қателесуден қорықпау керек»
 «Талқыланатын тақырыптан ауытқымаңыз»
 «Біз үшін әрбір пікір құнды»
 «Аш адамға балық берме, қармақ бер»
 «Уақытты үнемдей біл»
 «Шебер үйретпейді, жағдай жасайды»

Нақыл сөздер:
1. «Әдептілік, ар - ұят – адамдықтың белгісі»
2. «Әдептілік - әдемілік»
3. «Әдеп басы – тіл»
4. «Адам - әдебімен көрікті»
5. «Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық»
6. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды»
7. «Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе»

Құрметті оқушылар, жиналған қонақтар! «Әдепті өмір сүруге үйрен» пікірталас сабағымызды бастаймыз. Әдепті болу – әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенің дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Сабақ кезеңдері Іс - әрекет Стратегиялар
Ұйымдастыру Геометриялық фигура бойынша топқа бөлу.
І топ. Әдептілер.
ІІ топ. Инабаттылар.
ІІІ топ. Кішіпейілділер. Топтастыру
Қызығушылығын ояту Бейне фильм. «Әдептілік»
Сергіту сәті
Мағынаны ажырату 1 тапсырма
І топ. Әдептілер.
«Мектепте, көшеде өзін ұстай білу ережесі»
ІІ топ. Инабаттылар.
«Мәдениетті сөйлеу мен сыпайылық өзін ұстай білу ережесі»
ІІІ топ. Кішіпейілділер.
«Әдептілік, жолдастық ережелері» тақырыбында постер қорғау.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: үйрен, сүруге, Өмір, Әдепті
Просмотров: 302 | Загрузок: 79 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar