Әдептілік – әдемілік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдептілік – әдемілік
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:56
«Әдептілік – әдемілік» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: 1) оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға үйрету;
2) танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту;
3) адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал - мәтелдер, кеспе әріптер.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қызығушылығын ояту.
Мазмұнды суреттер бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау. (Үлкенге жол беру, орын беру, сәлемдесу.
2. Мағынаны тану.
1. «Әдептілік - әдемілік». Тақырыппен таныстыру
2. Топтарға бөлу.
1 - топ «Сыпайылық» тобы
2 - топ «Ізгілік» тобы
3 - топ «Инабаттылық» тобы

3. Әр топқа мазмұнды сурет беріледі. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып, айтып береді.
1 - топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы сурет.
2 - топ. Ата - анасына үйде көмектесіп жатқан балалар туралы сурет.
3 - топ. Әжеге көмектескен бала туралы сурет.
Әр топ өз әңгімесін ауызша айтады.

4. Сұрақтарға жауап:
- Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не деу керек?
- Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек? «Көршіңді, досыңды, танысыңды т. б.»
- Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не істейсің?
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! «Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
1. Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре - сарсаң әлегің.

2. Атам маған әмәнда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санам да.
Жасы үлкенге жол берем,

3. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әдептілік, әдемілік
Просмотров: 448 | Загрузок: 107 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar