Әдептілік – тәрбие бастауы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Әдептілік – тәрбие бастауы
24.09.2015, 12:30
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
"Абай атындағы орта мектебі" ММ
География пәнінің мұғалімі Спанова Маржан

Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, интербелсенді тақта.
1. Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі;
2. Әдепті елдің баласы - алыстан сәлем береді;
3. Әдепсіз өскен баладан,
Тәртіппен өскен тал жақсы.
4. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма
Қатты тәртіп көрсе бала түбінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
5. Әдептілік ар - ұят
Тұрпайы мінез, тағы жат.
6. Татулық табылмас байлық.
7. Әдепті бала - арлы бала
Әдепсіз бала - сорлы бала.
8. Жаманға айтқан ақылың
Далаға атқан оқпен тең.
Әнұран айту.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің "Әдептілік - тәрбие бастауы" атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі, мәдениеттілігі жайлы сыр сыр шертіп тұрады.
1 - жүргізуші: Достарым, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Біздің ата - анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз осыны түсініп, ата - баба салт - дәстүрін үйренеміз.
2 - жүргізуші: Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек.

1 - жүргізуші: Атам менің әманда
"Әдепті жан бол" деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

2 - жүргізуші: Балалар, сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме?
Ақжол: Қазақ тәрбиені амандасудан, есен - сау сұраудан бастаған. Кейбір егде адамдар "Ассалаумағалейкум" дегеннен - ақ кім екеніңді білдім деп жатады.
Бекзат: Біріншіден, сәлем берген кісінің даусының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, Қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды.
Данияр: Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігің бірден көрінеді.
Майра: Сіз амандасып болғанша, сәлем алушы үсті басыңызға қарап та үлгереді, киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды, жарасымсыз екенінде байқайды. Олардың барлығында ой елегінен өткізіп, сен туралы ой түйеді.
Қарақат: Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз өзгертіп тастайды. "Сәлеміңнен жаңылма", " Сәлемің дұрыс болсын" деген талаптың өзі - ақ сәлемдесу мәдениеттің адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.
2 - жүргізуші: Қазақта әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді, деген аталы сөз бар, өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі. Сәлемдесу, амандасу адамның бір - бірінен ізет, сый - құрметін көрсетеді.

1 - жүргізуші: Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу.
2 - жүргізуші: Әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзіңнен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бастауы, Әдептілік, тәрбие
Просмотров: 205 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar