Доссыз өмір бос! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Доссыз өмір бос!
24.09.2015, 15:01
Сабақтың тақырыбы: «Доссыз өмір бос»!
Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой - пікірлерін дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу
Сабақтың әдісі: тренинг Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.

Сабақтың мазмұны:
Жүргізуші: Достық – адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог - психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін жас ұрпақ арасында «Дос. Жолдас. Құрбы - құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».
Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.

Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Назгүл: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»- дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.

Аружан: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Абылай: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатарынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Доссыз, бос!, Өмір
Просмотров: 183 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar