Достық - бірлік пен ынтымақ негізі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Достық - бірлік пен ынтымақ негізі
24.09.2015, 15:30
Оқушыға білім берумен қатар, оны жақсы адам етіп шығару отбасы мен ұстазына байланысты. Осы орайда адамгершілік, сенімділік, бірлік, татулық ұғымдарын қалыптастыру мақсатындағы "Достық - бірлік пен ынтымақ негізі" тақырыбындағы тәрбие сағатын ұсынып отырмын.

«Достық - бірлік пен ынтымақ негізі» (презентация)
I. Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету.
Міндеттері:
- сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;
- адамның өмірінде достықтың алатын
орны туралы ұғымын кеңейту;
- адамның айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру

Топ жетекшісі: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгінгі біздің оқушылардың «Достық - бірлік пен ынтымақ негізі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,
«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен. Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі?
О. Сүлейменовтің «Нағыз дос» өлеңін Нұрсұлтанның орындауында ұсынамыз:

Маған досың көппе десе?
Көп дер ем!
Көп дегенім бір сен ғана,
Ақберен!
Сен батырсың,
Сен батылсың,
Сенімен
Өмір жолын ойнап жүріп өткерем.
Мықтылардың өзі мендей болсын деп,
Бола алмаса,
Іші күйіп өлсін деп,-
Бөскенімде,
Кеңес бердің:
«Ер болсаң,
Ең алдымен өзіңді өзің менсінбе!»
Жек көретін жігітімнің сенгені
Талқан болып,
Рухани өлгенін
Көріп тұрып күлгенімде,
Сөйлетпей,

Қып - қызыл ғып сойып салдың сен мені
Көңілімнен шығармайтын бір елі,
Ғұмыр бойы бола алатын тірегім
Маған шын дос іздеуден hәм табудан
Танбайсың - ау, талмайсың - ау жүрегім.
Ал енді топты үшке бөлейік. «Бірлік», «Береке», «Ынтымақ» топтарына бөлеміз. Енді тобымыздың достық жайлы өздерінің ой - толғамдарын тыңдап көрейік, қане кімнің достық жайлы қандай пікірде екенін білейік? Қай топтың ойы ұшқыр екен?.

II. Пікір талас сұрақтары:
1. Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіздер?
2. Сіздің өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды?
3. Ұлы Абайдың «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас» деген сөзінің
ақиқаттығына мысал келтіре аласың ба?
4. Нағыз достық, шынайы махаббат кездесе бермейді деген пікір бар. Осы
пікірге сіздің ойыңыз қалай?
5. Әйел мен ердің арасында достық болуы мүмкін бе?
6. Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін айт, мен
сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсыз
ба?

III. Ситуациялық сұрақтар:
1. Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме – дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?
2. Достарыңмен табиғат аясында демалып отыр едің, қасыңда енді ғана таныса бастаған әдемі қыз (жігіт) отыр. Кенет сенің 10 жыл бірге оқыған сыныптас досың көрші елді - мекенге барып келу керектігін сенен өтініп сұрап телефон шалды. Сенің осы кездегі әрекетің қандай болар еді?
3. Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7 - 8 жылдан кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен дос - жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда алдарыңа бір қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам келе қалды. Бұл сенімен бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп кішкене күндеріңде бір – біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің оны көргеннен кейінгі әрекетің қандай болады деп ойлайсың?

IV. Топ жетекшісі: Ал енді балалар сәл ғана сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
1 тапсырма «Дос іздеймін»
1 кезең. Топ жетекшісі: Кез - келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сіздің кейбіреуіңіздің, мүмкін осындай шынайы досыңыз бар шығар. Ал қайсібіреуіңіздің көптеген таныстарыңыз, жақындарыңыз болса да, олардың арасынан өзіңіздің нағыз досыңызды таба алмай жүрген боларсыздар? Ал үшіншіңіз, мүмкін, өзіңіздің тұйық, ұялшақ мінезіңізден өзіңізді жалғыз санап, досыңыздың болмағына қынжылатын боларсыз. Кез - келген жағдайда да нағыз дос ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше өзімізге қандай дос қажет екендігін бейнелейтін газет шығарып, бір сәт ойынға араласайық. Осы сәттен бастап мен тегін хабарландырулар жариялайтын ерекше газеттің редакторы рөлін атқарамын. Газет «Дос іздеймін» деп аталады.

Сіздердің әрқайсыңыз бұл газетке дос іздейтініңіз жөнінде хабарландыру бере аласыз. Бұл хабарландыруда сөздердің саны мен әріптердің өлшемдеріне ешқандай шек қойылмайды. Хабарландыру әр түрлі формада болуы мүмкін. Сіз мысалы үміткер досыңыздың қандай қасиеттерінің болғанын қалайсыз, тіпті оның суретін салсаңыз да болады. Өзіңіз туралы айтсаңыз да болады. Бір сөзбен айтқанда хабарландыруды қандай түрде беремін десеңіз де өз еркіңізде. Тек ұстанатын нәрсе – дос іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіз өзіңіздің хабарландыруыңыздың көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн.

Қолдарыңызға қағаз, фломастер алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі.
2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін хабарландырулар тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері хабарландырулармен үнсіз жүріп танысады. Әрбір оқушы өзінің назарын аударған хабарландыруға қызыл түсті дөңгелек салуы керек және ол хабарландыру берген адаммен байланысуға дайын. Таңдаудың санын үшке дейін шектеуге болады.
Енді хабарландыру жазылған қағаздарды алса болады. Қараңыздар, сіздің хабарландыруыңызды қанша адам таңдаған екен? Шеңбер бойынша әркім қанша дөңгелекке ие болғанын айтсын.
3 кезең. Ойынның нәтижесін шығарып, топ алдында айту.

V. Сергіту жаттығуы:
Төрт столды қатарлап қойып, бес оқушы шығарамыз. Бір - біріңе достық сезімдеріңді тексеріп көрейік. Музыка біткенде барлығы да отыруы тиіс, әрине барлығы да. Досын сыйдыра ма екен? Көрейік. Стөлдер саны бірте - бірте азая береді. Ойынның шарты: соңғы қалған бір стөлге бес оқушы да сыйысып отыруы тиіс.
Ойын ойнатылып жатқанда үш топ бір - біріне достыққа байланысты сұрақтар қойып, жауап алысады.

VI. Бірінші достық үйін қалау.
Топ жетекшісі: балалар енді достыққа байланысты ұлағатты сөздерге байланысты тапсырмаларды орындаймыз.
• Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
• Дұшпанға да дос керек, палуанға да күш керек.
• Достың орны - төр, дұшпанның орны – көр
• Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
• Айрылмастай досыңа, қайрылмастай сөз айтпа.
• Жаман достан, жау артық
2. тапсырма. Балалар достарың қаншалықты көп болса, достық жайлы мақал - мәтел, нақыл сөздерді де соншалықты көп білесіңдер деп ойлаймын. Бұл тапсырмамыз бойынша достық туралы мақал - мәтелдің жартысын айтамын да, жартысын жасырамын. Қалғанын тауып сол табылған сөздерді аша отырып, достық үйін қалап шығамыз. Алдымен үйдің нөмірін таңдап алыңдар.

VII. Екінші достық үйін қалау.
• Мың досың болса да, біреуінің орны артық
• Дос көтерер көңілді, мал көтерер өнімді.
• Досыңды жамандама, доссыз қаларсың
• Шын дос басыңа ырза, кей дос асыңа ырза
• Дос егіз, дұшпан сегіз.
• Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді,
• Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

VIII. Үшінші достық үйін қалау.
• Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді
• Жаман дос, жауыңмен бірге шабар.
• Ағаш тамырмен, адам досымен мықты
• Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.
• Қасың мен досыңды, қас, қабағы танытар
• Мың жолдас жақсы, мың жолдастан бір дос жақсы

IX. Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық
басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель

X. 3 тапсырма. Достыққа мінездеме беріп кетіңдер.

Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. Келген қонақтарға да, сендерге де көп рахмет! Достар туралы әнмен сабағымызды қорытындылап жабайық.

Достық сөзіне байланысты мағыналас сөздерді
Мына пішіндердің ішіне кез - келген оқушы
ұшқырлықтарына қарай жазып шығады

XI. Топ жетекшісі:
Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. Келген қонақтарға да, сендерге де көп рахмет! Достар туралы әнмен сабағымызды қорытындылап жабайық.
Достар әні
1. Бірге тойлап, бірге өткізген,
Жалындаған жас шағым
Талай қызық күнді өткізген,
Қайдасыңдар достарым
Қайырмасы:
Достар, достар жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз.
Еске алысып осындайда,
Кел, шырқайық бәріміз
2. Жүрсек дағы қиыр шетте
Досты ұмытқым келмейді
Достық жалын бар жүректер
Суымайды, сөнбейді
Қорыта келе бүгінгі алған әсерлеріңді бір ауыз сөзбен түйіндеп өтеміз.

XII. Назарларыңызға рахмет!

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: пен, бірлік, негізі, Достық, Ынтымақ
Просмотров: 352 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar