Достық - тұрақтылық пен татулықтың кепілі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Достық - тұрақтылық пен татулықтың кепілі
24.09.2015, 14:38
Т/С тақырыбы: «Достық - тұрақтылық пен татулықтың кепілі»
Т/С мақсаты: 1. Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, экономикасын, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, білімді болуға, көп тілді меңгеруге үйрету.
2. Ой - өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе сөз
Мұғалім: Қош келдіңіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 1 - мамыр Бейбітшілік күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Сан ғасырдан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір – бірімен тамыр, дос болып, тату – тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата - бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне, түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез - құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп, өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Балалар, енді осы мерекенің шығу тарихына тоқтала кетсек...
1886 жылы 1 мамырда ірі оқиға Американың Чикаго қаласында өткен еді. Жұмысшылар бұл күні әдеттегідей станок басында тұрмады. Бұрынғыдай тәулігіне 10 - 15 сағат жұмыс істеп, тар да лас лашықта тіршілік еткілері келмеді. Олар капиталисттен 8 сағат жұмысты әрі жалақыға үстеме қосуды, өмір тірлігін жақсартуды талап ету үшін бәрі топтанып көшеге шықты. Жұмысшылардың талабына капиталистер оқпен жауап берді. Бұл оқиға Америка еңбекші қауымын дүр сілкіндірді. Чикаго еңбекшілерімен бір тілектес екендіктерін білдіру үшін Париж бен Лондон, Берлин мен Мәскеу жұмысшылары жұмыстарын тастап, қолдарына қызыл жалау ұстап көшеге шықты. Ал үш жылдан кейін 1889 жылы жұмысшы партияларының халықаралық бірлестігі - ІІ Интернационалға қатысушылар өздерінің конгресін өткізуге Парижге жиналғанда, олар бірінші мамырды бүкіл дүниежүзі жұмысшыларының бауырластық, ынтымақ күні, барлық елдер еңбекшілерінің жауынгерлік күш - қуатын байқататын халықаралық мейрам ретінде атап өтейік деген ұсынысты қызу қуаттады. Бұл мейрам тұңғыш рет 1890 жылы атап өтілді. Сол уақыттан бастап бүкіл дүниежүзінің жұмысшылары жыл сайын бірінші мамырды атап өтеді.

Баяндама «Татулықтың тал бесігі»
Баяндама «Тұрақтылық тұғыры - бірлік»
Баяндама «Ұлттар достығы»
Балалар, бір сәт тыныштыққа беріліп, көзімізді жұмып, көз алдымызға кең даламызды, асқар тауларымызды, әсем көлдерімізді елестетейік.
Мұқағалидың мына өлеңіне құлақ түре отырайық.
Мен оның тілін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем...
Осы өлеңдегі негізгі ой не деп ойлайсыңдар?
Ой толғаныс: «Туған ел», «Астана», «Желтоқсан оқиғасы»

Қазақ жеріне әр себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып, сақтап келеді.
130 дан астам ұлттың, 40 конфессия мен көптеген этномәдени және тілдік топтардың өкілдерінің басын қосып отырған Қазақстан – достық пен татулықтың ұйытқысы іспетті. Еліміздің қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Президент жарлығымен мемлекет басшысының жанынан ресми орган ретінде Қазақстан халықтарының ассамблеясы құрылған. Ассамблеяның мақсаты елімізде тыныштықты сақтау.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: пен, Достық, кепілі, Татулықтың, тұрақтылық
Просмотров: 200 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar