ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:50
Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

Мақсаты: Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: "ХХІ ғасыр көшбасшысы"зияткерлік бағдарламасы негізінде.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.

Сайыстың барысы.
І. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІІ. Сайысымызда білімі және тапқырлығымен сыналатын оқушылардың өздерін таныстыруына кезек береміз. Оқушылар аты - жөні, сыныбы және өмірдегі ұстанымын айтып өздерін таныстырады.

Сайыстың барысы:
І. бөлім. "Бәйге". Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі тұңғыш өткен жыл?
2. Халықаралық көрмелер бюросы қашан құрылды?
3. 1876 жылы АҚШ - тың алғашқы ЭКСПО көрмесі қай қаласында өтті?
4. 1889 жылы ЭКСПО көрмесінің символына айналған Лондонда тұрғызылған ғимарат?
5. АҚШ тарихында дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қанша рет өтті?
6. Австро - Венгрия империясы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін қай жылы өткізген еді?
7. 1888 жылғы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Испанияның қай қаласында өтті?
8. 1893 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде Чикагода орыстың көрнекті ғалымы Славянов өзі ойлап тапқан қандай құралды ұсынған?
9. 2008 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен мемлекет?
10. Қазақстан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінде қанша рет өз павильонын орнатты?
11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы алғашқы "бейбіт" көрме өткен қала?
12. 1967 жылы адамдардың ғарышқа деген қызығушылығы артқан уақытта, Кеңес Одағының павильонына 13 млн. көрермен келген, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен қала?
13. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2015 жылы өтетін қала?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ЭКСПО, (зияткерлік, көшбасшысы, сайыс)
Просмотров: 507 | Загрузок: 108 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
avatar