Ел ертеңі – жастар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ел ертеңі – жастар
24.09.2015, 10:50
Ауызекі сөйлесуде – «Ел ертеңі – жастар»
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі - ділің жүректегі.
(Жүсіп Баласағұни)

Сайыстың мақсаты:
Білім алушылармен тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; шешендік өнерді жастар арасында насихаттау және күнделікті өмірді пайдалана білуге дағдыландыру; сайыс арқылы білім алушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айтуға, көпшілік ортада еркін сөйлеуге баулу.
Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір қасиетін дарыту.
Сайыс алты кезеңнен тұрады:
I. Топты таныстыру.
II. « Ойлы болсаң озып көр». (сұрақ – жауап)
III. « Деген екен» (билер мен шешендердің ұтқыр ой, ұтымды жауаптарынан көрініс көрсету).
IV. « Мақал – сөздің мәйегі» (аяқталмаған мақалды жалғастыру)
V. « Тіл – шыңдық, тіл – айна» (берілген тақырып бойынша тіл тазалығын сақтау, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы туралы сөз жарыс)
VI. « Бір әріптен басталатын сөздермен кім ұзақ сөйлей алады?»

Жүргізуші: - Құрметті ұстаздар мен білім алушылар бүгінгі Ауызекі сөйлесуде – «Ел ертеңі – жастар» атты өнер сайысына қош келдіңіздер!
Музыкалық сәлем
- Сайыскерлердің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші: - Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып қорғайды. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен сайыскерлер,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Сайысымыздың екінші кезеңі

«Ойлы болсаң озып көр».(сұрақ – жауап) кезеңі. Әр топқа 15 сұрақтан беріледі, әділ қазылар алқасы берілген жауаптардың дұрысына 1 ұпайдан бағалайды.
1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? /Бәйге/
2. «Ата тұрып, ұл сөйлесе – ер жеткені болар, Ана тұрып, қыз сөйлесе бойжеткені болар» деп кім айтқан? /Сырым батыр/
3. «Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер? /Ілияс, Сәкен, Бейімбет/
4. Үш балық деген не? /Денсаулық, Ақ жуалық, Он саулық/
5. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындады? /Айттым сәлем, Қаламқас Т.Мұсабаев/
6. Қарабай, Сарыбаймен аңға шықты деп, басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер? /Қозы көрпеш – Баян сұлу/
7. Дыбысқа берілген шартты графикалық таңба бола ма? /жоқ/
8. Піл көтермегенді тіл көтере ме? /Иә/
9. Шешендік сөз дипломатия тәсілі ме? /Иә/
10. Шығыста өткен жәті ғашық. Олар кімдер? /Лейлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Жүсіп – Зылиха, Бахрам – Күләнда, СепілМәлік – Жамал, Бозжігіт – Қарашаш, Зизді – Қорлығайын/
11. Қорамсақ дегеніміз не? /Садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке - жеке ұясы бар оқ салғыш/
12. Шешеңнің әкесі саған кім болады? /Нағашы Атасы/
13. Жайлы қоныс, жерұйық іздеуші жан? /Асан қайғы/
14. Поэзияның асқар шыңы, жырының басы Қарасазда басталған? /М. Мақатаев/
15. «Дала қоңырауы» атағына лайықты болған кім? /Ы. Алтынсарин/

1. Бір топ аттылар тартыспаған қазақта қалай атайды? /көкпар/
2. Үш жұрт дегеніміз не? /Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты/
3. Қазақ әйелі үй иесін кім деп атайды? /Отағасы/
4. Үш арсыз дегеніміз не? /Ұйқы, күлкі. Тамақ/
5. Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім? /Ыбырай/
6. Руы оның Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды
Оның өлгені рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды – деп кімнің өлімін айтады? /Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы/
7. Дауыссыз дыбыс буын құрай ала ма? /жоқ/
8. Абай Ақын Пушкинмен кездескен бе? /жоқ/
9. Одағайдан баяндауыш жасала ма? /жоқ/
10. АйшаБибі кесенесі қай жерде? /Таразда/
11. «Ерулік» дегеніміз не? /жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыруы/
12. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс?/әулет/
13. Өз туындысында Отырар халқының трагедиясын шебер суреттеген ақын?/М. Шаханов/
14. Абайдың қай поэмасы аяқталмай қалған? /Әзім әңгімесі/
15. Қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалым, ақтаңдақ ақын? /А. Байтұрсынұлы/

Ән
Келесі кезең «Деген екен» (билер мен шешендердің ұтқыр ой, ұтымды жауаптарынан көрініс көрсету). Бұл кезеңде 5 ұпаймен белгіленеді.
«Жас қыран» тобының көрінісі. «Қазбек пен Қонтажы».
«Жас ұлан» тобының көрінісі. «Таза бұлақ»

Жүргізуші:
Қазақ –«сөз қадірі - өз қадірім» деп білген халық. Қазақ тілі - сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп, өріп өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырады. Асыл мұра - сарқылмас ауыз әдебиетін жазады.
Ауыз әдебиетінің байлығының бірі - мақал - мәтелдер.
Ата - дәстүр абырой көтергенге
О. бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге
Келесі кезең «Мақал - сөздің мәйегі» (аяқталмаған мақалды жалғастыру) Мақалды жалғастырған топқа 1 ұпайдан беріледі

Тойдың болғанынан –
Таз таранғанша –
Әншейінде ауыз жаппас –
Жүзігің алтын болғанша –
Бала жетіге келгенше – т. б
Жүргізуші:
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады – демекші, ендігі кезегімізде «Тіл - шындық, тіл – айна» (берілген тақырып бойынша тіл тазалығын сақтау, ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы туралы сөз жарыс) бұл сөз жарыста 5 ұпаймен белгіленеді.
Өзіңді шешен адам орнына қойып бүгінгі таңдағы көтеріліп отырған мәселе туралы сөйлегенде кім ұйып таңдамайды?

Жүргізуші:
Өнерлінің өнерін,
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
«бір әріптен басталатын сөздермен кім ұзақ сөйлей алады?» кезеңіне кезек берейік. Бұл кезеңде 5 ұпаймен белгіленеді.
Біздің «Ауызекі сөйлесуде – «Ел ертеңі – жастар» атты сайысымыз аяқталуға жақын. Қазылар алқасы осы барлық сайыстың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске берсек.
Ән

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық!

Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын айтады.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Білімділер көбейсін күннен – күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда
Білім алушылар, көрермендер
Бәрің де аман болыңдар!

Осымен сайыс байқауымыз аяқталды! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, ЖАСТАР, ертеңі
Просмотров: 307 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar