Ел рәміздері туралы түсінік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ел рәміздері туралы түсінік
24.09.2015, 09:27
Ел рәміздері туралы түсінік
Мемлекеттік рәміздер еліміздің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Мысалы оларға мемлекеттік Ту, Елтаңба, елдің әнұранын жатқызамыз.

1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып тарихта қалды. Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес. Бұл жолы да елдігіміз сынға түсіп, ертеңіміз сынға түсіп, ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан шайқасқа куә болдық. Түп тамыры тереңде жатқан ой жарысы, сан қилы пікір, сан сала сөздің сарасынан таймай, көкейдегіні көпшілік қолдайтын сәтке жеткізу үшін нағыз азаматтық белсенділік, терең білімділік пен тайсалмайтын күрескерлік, ең бастысы қиыннан жол табатын даналық керек еді. Мұнда тұңғыш Президентіміз Н: Ә: Назарбаев ту шағанын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өнегесі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
... Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек те, артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!»- деп тебіренді. Бұған бүкіл халқымыз болып қуандық. Ал ақын болса:
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.- деп ұлы қуанышқа өлеңнен шашу шашты.

Ел - жұрт, ең алдымен, жаңа нышандардан өзінің төл тарихының ұшқындарын, өзінің төл халықтық рухының тынысын сезініп, шаттыққа бөленді. Оның үстіне оларда көркемөнер тілімен ел саясатының темір қазығына айналып отырған бейбітшілікке, ынтымақтастыққа, бірлік пен бітімділікке деген ұмтылыс ниеті ұтымды өрнектелген. Бүкіл болмыс - бітімдерін ізгілік лебі ескен рәміздерімізден әлемдік өркениет аясында қол созған ақ пейіліміз де айқын аңғарылады.
Қасиетті көк байрақ... Алаштың алғы тарихынан аз - кем хабары бар адамның қай - қайсысының көзіне де бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз. Сонымен бірге ол жалпы адамзаттық мәдениет қайнарынан сусындаған, тек қана ізгілік идеясына негізделген өнер туындысы.
Туымыздағы зеңгір көк адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділігі қатарына жатады. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғыры - кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі.

«Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды» деген қанатты сөз – көненің көзі.
Шеңбер ішіндегі негізгі нышан - белгі, Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Бірақ тура көшіре салған сурет емес. Көлемі, ауқым - аясы сезіліп тұрғанымен, керек материалдан қаз тұрғызыла қойған киіз үй деуге де болмайды. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түнгі - аспан күмбезіндегі асыл шырақ - күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қисынын тауып, керегелердің көрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге - уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады да тұрады.
«Әнұран – асыл қазына» - демекші, еліміздің әнұраны айбатты деп, ауыз толтырып айтуға әбден болады. Ресми церемонияларда әнұран орындалу барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын көкірегінің сол жағына қояды.

Музыкасы: композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі
(1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)
«Менің Қазақстаным» Әнұран

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.
Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7 - ші күнінде қабылданған.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды.
Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің авторы ретінде көрсетіледі. Сондай - ақ, әнұранды тыңдау ережесі өзгертілді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туралы, ел, түсінік, рәміздері
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar