Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы!
24.09.2015, 12:59
Сабақтың тақырыбы: «Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы!»
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауының отансүйгіштікке, патриоттық сезім арқылы оқушылардың бойына дарыту.
Елбасы жолдауының біздің қоғамыңызда ғы маңыздылығын түсіну.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу.
2. Дидактикалық кезең. Ой қозғау, толғандыру. Оқушының танымдық мотивациялық үлесін арттыру үшін. Әр тапсырмадан кейін «соңғы сөзді мен айтайын»... мұғалім қорытындылап отырады.
3. Көрнекілігі: интерактивті тақтаны пайдалану, слайдтар, газеттер, әуен.
4. Әзірлеу кезеңі: кластер әдісі, ой қозғау, пікір - талас.
5 Қорытынды
«Қазақстан - 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Кіріспе: мұғалімнің сөзі
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Елбасы, қолдауы!, Жолдауы, халықтың
Просмотров: 270 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar