Елбасымен біргеміз! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елбасымен біргеміз!
24.09.2015, 12:22
Тақырыбы: «Елбасымен біргеміз!»
Мақсаты:
- Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу.
- Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, үнтаспа.

Жүргізуші: Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арналған 1 – желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елбасымен біргеміз!» атты тәрбие сағаты ашық деп жарияланады.
Әнұран айтылады.

Жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейік ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын, көпшілік,
Елбасының құрметіне жиылған.

Елі құрмет тұтқан Ел ағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық: Н. Ә. Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетумен өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. ( 1 слайд) Ата – анасын қатты құрмет тұтты. (2 слайд)
Елбасының отбасы - Әкесі - Әбіш, анасы - Әлжан, інілері - Сатыбалды, Болат, қарындасы - Әмина, туысы - Зейнеп. ( 3 слайд)
Еңбек жолын Теміртау қаласында Қарағандыдағы металлургия комбинатында металлург болып бастады. (4 слайд)
Әлем таныған дарынды тұлға іскер – саясатшы Н. Ә. Назарбаев ел экономикасын түзеп болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқы қолдап Н. Ә. Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды.( 5 слайд)
Жүргізуші: Елбасымыздың бүгінгі туған күніне сәбилерде ақ жүрекпен тілектерін арнайды:

Темірлан: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.

Райымбек: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Елбасымен, біргеміз!
Просмотров: 281 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar