" Елім="" менің"="" сыныптан="" тыс="" іс-шара"=" - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

" Елім="" менің"="" сыныптан="" тыс="" іс-шара"="
24.09.2015, 15:11
Оқытушы: Тойлыбаева Ғалия

"Елім менің" сыныптан тыс іс-шара
Оқытушы: Армысыздар, құрметті ойынға қатысушы студенттер мен ұстаздар!
Түрлі сұрақ, жұмбақ ойын жүйелі,
Ой – өрісті дамытуда бір елі.
Мәдениетін танысын деп келеді,
«Елім менің» сұрақ - жауап мекені – дей келе Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдармен қатар, Тәуелсіз ел тарихы мен тамыры терең бай мәдениетін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында колледждің 70 жылдық мерейтойына орай «Мәдениеттану» пәнінен ұйымдастырылып отырған «Елім менің» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызды бастау үшін ортамыздың сәнін келтіретін өздері дарынды, тапқыр, білімді, достығы берік жас таланттар ортамызда 431 топ студенттерінен құрылған «Дарын» тобы және 433 топ студенттерінен құрылған «Достық» тобы.

Ендігі кезекті топтарымыздың өздерін таныстыруына берейік. (таныстырып болған соң).
Жылға сай батпақ болса - өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке - жете алмассың - деген екен Үмбетей Тілеуұлы. Олай болса осы жастарымыздың жүйрігін анықтап, бүгінгі ойынымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын айқындайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Қыдыралықызы Абықанова
Колледж әдіскері: Меруерт Боранбайқызы Балтабаева
Әлеуметтік пәндер кафедра меңгерушісі: Серік Әнуарбекұлы Оспанов,
Радиоэлектроника және байланыс бөлімінің меңгерушісі: Елдос Жұманұлы Қанапиев

Ойынның шартымен таныс болыңыздар!
1. Айналым: Сұрақ - жауап
2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген термин сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек және термин сөздердің мағынасын түсіндіру
3. «Тарихи тұлғалар» топ жетекшімен жұмыс, берілген тарихи тұлғаны өз тобына түсінікті жеткізу керек
4. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» қойылған сұрақтардың дұрыстығын анықтау
5. «Әріптер қозғалысы» әр студентке екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді)
6. «Тарихты білеміз бе?» қойылған сұрақтың дұрыс жауабын беру

Сұрақ - жауап айналымымыздың сұрақтарын бастайық, бағалануы әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
1. Адамзат баласының бойындағы екі байлық... (Рухани және материалдық)
2. Әлемдегі екінші ұстаз? Әл - Фараби
3. Орта Азиядағы сәулет өнерлерінің ішіндегі теңдесі жоқ қазақ кесенесі (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі)
4. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
5. Биіктігі 97 метр. 3 буынан тұрады. 1. Жер асты, 2. Діңгегі, 3. Алып шар Бәйтерек
6. Ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. «Дауа» кітабының авторы (Әбу Әли ибн Сина)
7. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынған (Әмір Темірдің)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: менің=, тыс=, сыныптан=, іс-шара=, Елім=
Просмотров: 225 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar