Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
24.09.2015, 09:59
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 15 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілігін, плакат, суреттер.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет.
Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау.
1-жүргізуші:
- Құрметті қонақтар
Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 3-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді 16-желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанымызға 15 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.

1-жүегізуші:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор: «Әнұран»
2. Кіріспе (Мұғалім сөзі)
3. Негізгі бөлім.
Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Қаз дауысты Қазыбек би: - біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

2-жүргізуші:
Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің арнау туған отанымызға және әр отбасына бұл 15 жыл тебіреністі.
15 жыл шығып сөйлейді: «Тарихыңды таны»
(Бастарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады. 1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006 жылдар)

1-жүргізуші:
Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Буклетпен жұмыс:

2-жүргізуші: (Буклетте салынған жылдар бойынша, өткен өмір туралы әңгімелейді.)
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

1-жүргізуші: - «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбына оқушыларымыз өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазып келіп отыр. Осы жазған эсселерін тыңдайық. (4-5 оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің 15 жыл ішінде жеткен жаңалықтарын, табыстарын әңгімелейді).
Мұғалім:
- Балалар, ойларың өте жақсы, көңілге қонымды. Көпшілігің 15 жыл ішінде жеткен жетістіктерге назар аударыңыз. Көп-көп рахмет!

2-жүргізуші:
- Енді «Тәуелсіз - Қазақстан» атты әдеби музыкалық концертімізді көріп тамашалаңыздар.
1. Ән. «Елім менің» Әліби
2. Би. «Қазақ биі» Бағнұр
3. Ән. «Қазағым - елім» Гүлжан
4. Би. «Қамажай» топ қыздар Арайлым, Гүлжамал
5. Ән. «Туған елім» Бақытжамал, Нұрсұлтан

4. Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі)
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)
- Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік?
- Тәуелсіз еліміздің 15 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік.
- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.
- Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізде өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр.
- Білім ғасыры. Сондықтан менің мақсатым білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасыр болашақ лидерін дайындау. Бұл балалар еліміздің болашағы.
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек би атамыздан ақ тілек тілейік!
Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз қамысты болсын!
Қалада, мейлі қырда болсын!
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасыр табалдырығын,
Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!
Аумин!
Басшыларға сөз беру
Сабақ аяқталды. Хош сау, болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тәуелсіздік, еркіндігі, Еліміздің
Просмотров: 162 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar