Елімнің ертеңіне қол созамын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елімнің ертеңіне қол созамын
24.09.2015, 12:27
Тақырыбы: Елімнің ертеңіне қол созамын
Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанымыз - Қазақстанның тарихы және табиғатымен, халқымен, байлығымен жалпылама таныстыру. Мемлекеттік рәміздерді танытып оны құрметтеуге тәрбиелеу. Елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұматтар беру, оның саяси бағдарламасы туралы түсініктер беру. Тәуелсіздіктің қалай келгендігі және оның маңыздылығы туралы түсініктер беру.
2. Елді, жерді, Отанды сүюге, құрметтеуге, рәміздерді дәріптеуге, елбасшыны құрмет тұтуға, үлгі тұтуға, патриоттыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайта отырып, олардың ой - пікірлерін дамытуға мүмкіндік жасау. Болашақта өздерінің орнын табуға көмектесу. Болашақтың азаматы қандай болу керек деген тақырыпта шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, жалаушалар, қанатты сөздер.

Жүру барысы:
1. Кіріспе сөз. 1 - слайд. Елім менің.
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар. 2в сыныбының Елімнің ертеңіне қол созамын атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Қазақстан - қазақ халқының атамекені. Қазақстанның басты, әрі өрісті байлығы ол - халқы. Халқымыз жағдайы жақсарып, ұмтыла алға адымдап барады. Болашақта біздің еліміз әрі қарай дамып, әлемдік аренада өз орнына ие болады деп нық сенеміз.
Міне, осындай еліміздің егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге бай өңірі, малға толы өрісі болашақ ұрпаққа келешек азаматтарға, яғни, сендерге мұра болып қалады. Елбасының Қазақстан - 2050 бағдарламасында: Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алу керек,- делінген.
Ендеше, балалар, сіздер Отанды сүюді, елді, жерді сүюді үйреніп, Отанды құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиеленіп, еліміздің бүгіні мен ертеңі туралы білімдеріңізді шыңдайсыздар деп ойлаймын. Ел болған соң сол елді танытатын белгілері болады, яғни, рәміздері болады. Ал, рәміздерді білеміз бе.
Сөз сендерде, балалар.

2 - слайд. Әнұраным - жан ұраным
1 - оқушы. Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқау.
2 - оқушы Қ. Р. Әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

3 - слайд. Елтаңба - елдігімнің белгісі.
3 - оқушы Елтаңба - өжеттік, ерліктің белгісі,
Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі,
Елтаңба - егемен елдіктің белгісі
4 - оқушы Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
5 - оқушы Қара шаңырақ - ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы - елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.

4 - слайд. Туың қандай, ту қандай.
6 - оқушы Өзіңдікі - туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да.
7 - оқушы Туың қандай, ту қандай,
Тура аспаннан туғандай
Ал, аспанды қазақтың,
Көңілімен жуғандай.
Қыран құсын самғатып,
Күн құшақтап тұрғандай.
5 - слайд Елімнің бар президенті
8 - оқушы Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті
9 - оқушы Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс тартты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым ол.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ертеңіне, созамын, Елімнің, қол
Просмотров: 161 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar