Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
24.09.2015, 10:27
Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елі үшін еткен ерен еңбегін жас азаматтарымызға ұлықтау, оқушыларды халқының тегін, тарихын білуге, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклеттер, елбасы туралы слайдтар.
Әдісі: түсіндірмелі, зерттеушілік, талдау.
Жоспар

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
а) Бала Нұрсұлтан - дана Нұрсұлтан.
ә) Өмір өрнектері.
б) Менің айтарым...

3. Қорытынды.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Армысыздар, аяулы ұстаздар, оқушылар! Елімізде тұңғыш рет аталып отырған мереке 1 - желтоқсан президент күні мерекесімен сіздерді құттықтаймын. Біздің қасиетті жеріміз, қуатты еліміз елбасының арқасында еңселі де, рухты да. Кемеңгер басшы соңына ерген елін адастырмай нық бастап келе жатыр. Елбасының осынша еңбегін әрине, айтып тауысу мүмкін емес шығар, дегенмен сіздердің де ойларыңызды тыңдап көрейік. Жоспар бойынша әр оқушы өз білімдерін ортаға салсын.
(Оқушылар елбасының балалық шағы, студенттік өмірі, жасаған жұмыс орындары, осы дәрежеге қалай жеткені жөнінде толық қамтиды.)
Назерке:
Елбасына
Перзентсің, туған жерге бір баласың,
Басышысың, бірге бауыр, бірге ағасың
Алдымен сен толқисың, қуанасың
Қазақтың көрсең ғажап бір даласын

Қанша жыл маңдай терді көл ғып төгіп
Сан күрес, қиын жолға төзіп, көніп
Ақылдың аспанынан сырғанамай
Қайратты қолмен істеп, көзбен көріп

Сабырдың, кеңпейілдің, жомарттықтың
Үлгісін мінезі бай, ой артықтың
Көрсеткен талай, талай кезеңдерде
Жүрмеді көлеңкеңе қол артып кім

Тұрғам жоқ бос дәріптеп, төгіп өлең
Жаралғам адамдықтың тегінен мен
Жетсе де Қазақстан қай билікке
Қашан да сол биліктен сені көрем

Ол менің Отаншылдық мақтанышым
Ақындық ақ шабытым, аппақ ісім
Мен емес, мақтанады туған дала
Ұлдарды «Елім» дейтін тапқаны үшін

Ән. Қазақстан. Орындаған:
Мұғалім: Енді балалар, менің айтарым... бөлімі бойынша әрине, сіздерге әзірше сіздерді елбасымен кездестіру мүмкіндігі болмай отыр, десекте, өзіміздің көкейімізде толғандырып жүрген мәселемізді хат жолдарымен жеткізіп көрейік..
(Әр оқушы президентке хат жазады. Хаттар оқылып, қортынды түйіні елбасына жолданған үндеу ретінде қабылданады.)
3. Қорытынды.
Мұғалім: Тәуелсіздік таңы үшін күрескен елбасы туралы айтылған осы ықылас - ниеттеріңіз үшін, аппақ көңілдеріңіз үшін сіздерге көп көп рахмет. Еліміздің көз қуанышы болып, аман – есен ер жетіңдер. Тәуелсіздігіміз берік, тұғырымыз биік болсын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Елін, елі, сүйген, Елбасы
Просмотров: 165 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar