Елін сүйген, елі сүйген Елбасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
24.09.2015, 12:33
Тәрбие сағаты
Тақырыбы Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
2. Дамытушылық. Оқушыларға президенттің елі үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, шар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағатымыз Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналады.
ГИМН орындалады
Ой қозғау
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
- Біздің президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы
- Дұрыс айтасыңдар.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Биыл міне үшінші жыл, Тұңғыш президент күнін атап өтудеміз.
1 - жүргізуші
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

2 - жүргізуші
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Мұғалім: Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтады. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай - талай асқарлы асуларды бағындырдық.
Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді. Бұл жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор.

1 - жүргізуші
Дарияларға тоғысты ағыс үні,
Алдан туды тағдырдың тағы сыны.
Ұлылықтың басында өзің барсың.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы!
Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыз төрт топтың зерттеуі түрінде өтпек.
1 - топ. Балалықтан кемел шаққа саяхат
2 - топ. Елбасы мен Ел шежіресі (қысқаша шолу)
3 - топ. Елбасының лауазымдық мәртебесі (шолу)
4 - топ. Президенттің хоббиі

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы игі істерін талдау үшін сөз кезегін зерттеуші оқушыларға береміз.
1 - топ. Балалықтан кемел шаққа саяхат
Аружан: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6 - шілдесінде Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрасыл: Елбасымыздың әкесі Әбіш пен анасы Әлжан өте еңбекқор, бау - бақша өсірудің шебері, көзі ашық, көкірегі ояу адам болған.
Айғаным: Ол мектепті 1958 жылы үздік бітіреді. Оған куә алдарыңызда тұрған сол кездегі кластан класқа көшу куәлігі.
Аружан: 1958 - 1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған
Әлішер: Біздің Елбасымыздың жары Сара Алпысқызы еліміздегі «Бөбек» қорының Президенті
Аяулым:
Дариға, Динара, Әлия атты қыздарды тәрбиелеп өсірген мейірімді әке. Оның
7 немересі және 3 шөбересі бар.
Гүлназ:
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар,
Бүгін тұңғыш президент күні деп.
Ән: Нұр аға Мирас
2 - топ Елбасы мен ел шежіресіне шолу

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Елін, елі, сүйген, Елбасы
Просмотров: 129 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar